Желтоқсан оқиғасының куәгері - Камила Өмірбайқызымен кездесу
Желтоқсан айының 9-шы жұлдызында желтоқсан оқиғасының куәгері болған Камила Өмірбайқызымен 6-сынып оқушылары дөңгелек үстелде кездесу өткізді.
Мектеп мұражайына саяхат
7 "Ә" сынып оқушылары, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай "Ұстаздарға тағзым!" атты іс-шаралар өтті. Оқушыларға мектеп мұражайының ашылу тарихы жайлы таныстырып өтті. 2015 жылы 1 қыркүйек Білім күні "Ұстаздар даңқы" залы ашылған болатын. Бұл игі бастаманы мектеп директоры Сүлейменов Жомарт Нұртайұлының ұсынысымен басталған болатын. "Ұстаз ұлық емес, ұлы қызмет" айдарында берілген стендінде мектептің директорлары туралы деректер берілген.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған қолөнер және сурет көрмесі
2016 жылдың 9 желтоқсанында Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында тәуелсіздік күніне орай қолөнер және сурет көрмесі өтті. Осы көрмеден кейін балалар бір-бірлерінің жасаған өнерлерін көріп, үлкен қызығушылық танытты. Міне, көзді ашып жұмғанша,осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлап жатыр. Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы.
«ЖАС ҰЛАН - елдің ертеңі!»
Елбасымыздың бастамасымен құрылған Жас Ұлан ұйымына биыл бес жыл толды. Содан бері мектептердегі барлық орта буындағы 5-9 сыныптарда оқитын оқушылары осы ұйымның мүшелігіне салтанатты түрде қабылдануда. Бұл бірлестік бүгінде оқушылар тарапынан қолдау тауып, оқуда озат, қоғамдық жұмыста белсенді балалардың басын қосып отыр.
Манаш Қозыбаевтың 85 жылдығына арналған «Ұлттық тарихтың тамыршысы» атты дәріс
7 желтоқсан күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, тарих ғылымының докторы, профессор, академик Манаш Қозыбаевтың 85 жылдығына арналған «Ұлттық тарихтың тамыршысы» атты дәріс өткізілді.
«Ұрпақтар сабақтастығы» атты еңбек ардагерлерімен кездесу кеші
5 желтоқсанда 7 сыныптар арасында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Ұрпақтар сабақтастығы» атты еңбек ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кештің қонағы Баянауыл ауылының ардагер ұстазы – Альжанов Жақсыжан Әлжанұлы болды. Сабақтың барысында ұстаз арадагер өзі жайлы айта кетті. Өзінің еңбек жолындағы қиын да қызықты сәттерімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтты. Оқушылар Жақсыжан атаға өздерінің сұрақтарын қойып, жылы лебіздерін өздерінің қаламдарынан туған өлең шумақтары және «Әке толғау» атты күйі арқылы білдірді. Сабақтың соңында ардақты ұстазымыз балаларға жылы тілектерін айтып, оларға арнап «Ойлан, балам!» атты өсиет әнін орындап берді.
Еңбек ері - Искаков Расул Сапарұлымен кездесу
2016 ж 5 желтоқсанында біздің мектебімізде 5 сынып оқушылары өрт сөндіру қауіпсіздігінде ерлігімен танылған халық қаһарманы Искаков Расул Сапарұлымен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты – халық қаһарманының жолын оқушыларға үлгі ету, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту, белгілі бір мамандыққа баулу, өзін-өзі ұстау әдебіне қалыптастыру, ерен еңбегімен ел есінде қалған жерлестер есімін келешек ұрпаққа ұмыттырмау, олардың ел жадындағы ерен еңбектерін көпшілікке ұсыну. Кездесу барысында оқушылар халық қаһарманына сұрақтар қойылып, ойындар жүргізілді. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, батыр Расул ағамыздаң алғыс алды.
46-шы қалалық спартакиада қорытындысы
Павлодар қаласының спорт және мәдениет бөлімінің №14 жалпы орта мектебінде 2016 жылы 23-29 қараша аралығында 46-шы қалалық спартакиадасы бағдарламасында (ІІ лига) қыздар арасында баскетбол жарысы өтті.
Жарысқа ( ІІ лига) қыздар құрама командалары қатысып, І орын – № 18 жалпы орта мектебі, ІІ орын – №14 жалпы орта мектебі, ІІІ орынды Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының қыздар құрама командалары алды.
1 желтоқсан
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Барлық сыныпта тәрбие сағаттары өтті. Кітапханада Елбасына арналған көрме ұйымдастырылды. Оқушылар өздерінің жазған өлеңдерін оқып, видеожазба түрінде ұсынды.
«Тарих» киноклубының отырысы
Қазақ халқы үш ғасыр бойы іздеген мұратына Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұсында ғана жетті. Елбасымыз мемлекетіміздің сындарлы саясатына баса назар аударып, оның жоғары деңгейге көтерілуіне көп үлес қосты. Осыған орай, 21-29 қараша күндері мектебіміздің «Тарих» киноклубы жетекшілері Мұхтар Д., Сарсенов Т. «Жұлдыздар тоғысқанда» атты деректі кинофильм көрсетті. Тарихи кинофильмге қызыққан оқушылар саны көп болды. Фильм соңында тарихи әңгіме мен талдау жүргізілді. Оқушыларды патриоттық сезімге баулу,тарихи жанрға жақын болып, еліміздің дара жолындағы Президентіміздің дәрежесін танып, олардың білімдерін арттыру – бағдарламаның негізгі мақсаты. Осының нәтижесінде, әрбір оқушының жүрегінде атамекенге деген сүйіспеншілік орнап, қызуғышылықтарының артуы сөзсіз. Отан тарихын таныту – кемел болашаққа көшудің басты кепілі.
