Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

Мәрес Байрон шығармалары

Туған тіл

 

Бодандық кезде бозторғай үнін көшкінді жара,

Бес ғасыр себебі жырламаған ет бес күнді ғана.

Құрықтап тұрып бұғалық салған күндерің өтті,

Бостандығыңның аққу қаз үні естілді жаңа.

 

Салтын сақтамай келеді алға ірі көлеммен,

Туған тіл біздің тұғыры биік тірі дегенмен,

Егемен елдің ұрпағы тілге шорқақ болып  тұр,

Кешегі өткен Міржақыптардың ұлы дегенмен.

 

Бұған да сенің жігерің бар ғой қамықпайтұғын,

Айтылсын әнің жүрсінші мәңгі  шарықтай жырың.

Толғауы тоқсан тіл тірі қалды бұршақ жауғанда,

Белгілі енді нөсер жаңбырдан қорықпайтының.

 

Тіліме менің зұлымдық кеше қылғандары үшін,

Тілім деп шыққан азаматтарыңды қырғандары үшін,

Туған тіліңді әспеттеу болсын бүгінгі жұмысың,

Әлихан Ахмет қызыл тілімнің құрбандары үшін.

 


Гимназиямен қоштасу

 

Ауылымда  жегенім сүр ет қана,

Мен өзім бара жатқандай жүдеп қана.

Бесінші сыныбымда келген едім ,

Аунап өскен түсіме кіред дала.

Еркіндікке үйренген ұлың едім,

Және де аңсағаным жібек дала.

Мұндағы ережеге үйренбегем,

Қымсынып жылаушы еді жүрек бала.

Қанатым бар тек бірақ ұшалмадым,

Торғай ұқсап қамалған клеткада.

 

Кефиріңнің дәмін көріп тататынмын,

Арайлап шығысымнан ататын күн.

Воскресенье келіп ап гимназияға

Субботаны тосумен жататынмын.

 

Қанатымды керек десең жаям дара,

Аяңдама, тұлпарым ,аяңдама

Конечный берегтан түсіп калып,

Келуші едім мен саған баяу ғана.

Универга апаратын міне, бүгін

Келіп жетті конечный аялдама.

Подробнее

Абдираимов Ердәулет шығармалары

Подробнее

Бауржанқызы Эльвира шығармалары

Подробнее

Жанбау Марғұлан Сейфуллаұлы шығармалары

Подробнее

О, туған жер, Кереку-киелі аймақ!

Подробнее

Тәуелсіздік

Сейлхан Аманбол, 10 «б» сынып оқушысы

Подробнее

Азат елдің арманы

Жанбау Марғұлан, 10 «б» сынып оқушысы

Подробнее

Тәж бен тақты балқытқан...

Абдираимов Ердаулет, 9 «б» сынып оқушысы

Подробнее