Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН»

Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ашық аспан, бейбіт өмір. Бүгінгі ұрпақ қазіргі тәуелсіз  Қазақстан елінде алаңсыз өмір кешуде. Мұндай еркіндік бақытын адамзат тарихындағы ең жойқын күресте бесіктен белі шықпай еңбекке араласып, бұғанасы бекімей қолына қару алып, қасық қаны қалғанша күрескен аға ұрпақты ел сыйлайды. Биыл Ұлы Жеңіске – 70 жыл.  Сонау Жер-ананы өрт шарпыған соғыс жылдарында елі мен жерін, ұрпағының болашағын қорғаған, Отанға бейбіт өмірді тарту еткен, қан майданда от кешкен ержүрек жауынгерлер - бүгінгі ақ сақалды ардагерлер мен ақ жаулықты аналар әрқашан жоғары құрметке лайық екені даусыз. Сондықтан да, оларға деген ыстық ықылас пен құрмет, алғыс ешқашан толастамайды, керісінше «тау алыстаған сайын биіктей түседі» демекші, уақыт өткен сайын еселене бермек.

 

Оқушылардың шығармашылық жұмыстары:

5–сынып оқушысы Мустафина Нұрай.


 

Отбасы альбомындағы батыр.

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 70 жыл болды. Бұл оқиға мәңгілік өшпес із қалдырды. Ол сол кездегі қаншама адамдардың көз жасының, ізгі ниетінің, асқақ арманының  жемісі. Соғыс аяқталғанына 70 жыл өткенмен, сол кездегі қаншама аналардың балаларымен қауыша алмай қалғаны, балалар  асқар таудай әкесінен айырылды. Жас қыздардың сүйген адамын сарғая күтіп, тіпті қауыша алмауы жүректі ауыртады. Сол кездегі ер-азаматтарымыз жаңбырдай жауған оққа да тайсалмай қарсы тұрды. Елі-жері үшін. Оның ішінде қызғалдақтай нәзік жас қыздарымыз да жоқ емес. Соғысқа өздері қатыса алмаған қарттар, аналар, жасөспірімдер тылда күні-түні еңбек етті. Соғысқа қатысқан адамдардың ішінде менің атам да бар. Менің атам Рахметов Бейсен 1942 жылдың күзінде майданға аттанады. Онда барған соң үш-төрт ай «Максим пулимётін» игеруді үйренгеннен кейін Курск-Орловск шайқасына қатысты. Сол шайқаста жау оғы тиіп госпитальға түседі. Емделгеннен кейін қайтадан соғысқа аттанады.Күндегі оқтың гүрілдеген дауысы, бомбалардың жарылысы, құлап жатқан адамдар бәрі де қорқынышты. Аспанға қарасан жау ұшақтары, Айналада ұзыннан ұзақ созылған окоптар. Ал қыста аппақ ұлпа қар бәрін жасырғысы келгендей үсті-үстіне жауады. Тіпті адамдарды жерлеуге де үлгермей жатады. Қаншама жерлестеріміз майданнан оралмады. Ата-анасы, жан-жарынан, балаларына “қара қағаз” келеді. Сол бір хат жаман хабар әкелетін. Сол бір хат келген үйдің адамдарының көкіректерін қарс айырылып, үміт отын өшіретін. Ешқандай сенімсіз тіпті жар дегендегі жалғыз баласын, тек бір аллаға тапсырып жібереді. Соғыс ешкімді де аямайды, сол бір соғыстың қанды тырнағына ілінсен біттің...

Атам соғыс туралы теледидардан кино көрсетіп жатса болды, көзіне жас толып еріксіз жылайтын. Иә, мен соғыста болмадым, оны көрмедім. Бірақ та сол көз жастың астарында үлкен бір сыр жатыр. Сол бір он сегіз жасында соғыс өзінің ащы дәмін таттырды. Атам екі жыл соғыста болды. Ол кезде атамды артынан күтіп отырған не анасы, не әкесі болмады. Себебі 1930 жылдардағы аштық отбасындағы он екі жанның бәрін жаумап әкетті. Сол алты-жеті жастағы баланың тәтесі балалар үйіне береді. Сонда жеті сыныптық білім алып, киіммен майқайындағы алтын өндіретін жерде запальчик болып жұмыс істейді. Он сегіз жасқа толған соң, соғысқа аттанады. Осы қиындықтардың бәрінен мүдірмей, қаншама жығылсада тұрып, өмірдің өткелдерінен өте білген. 1944 жылы күз айында Вительск майданында тамағына оқ, не болмаса жарылған бомбаның ұшқындары қиып өтеді. Атам госпитальда ұзақ жатады. Себебі сол оқ өңешін қиып өткен, тамақ іше алмады. Атама трубка арқылы тамақ құйды. Сол оқтан соғысқа қатысуға жарамсыз болып, Самарқан санаторийне емделуге кетеді. Жазылған соң жұмысқа кіріседі. 1945 жылы 9 мамырда соғыс аяқталғаннан кейін атама үшінші дәрежелі Даңқ орденімен және т.б. медальдармен марапаттайды. Осы күнгі тәуелсіздігіміз аталарымыз бен әжелеріміздің арқасында. 

Қазір біз болашағы жарқын, бағыты айқын тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі ұрпақ бұл азаттықтың қалай келгенін әрине біледі. Қазіргі таңда қаншама елдің бірлігінің бұзылған уақытында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан біздер, шынымен де бақыттымыз. Бұл тәуелсіздік менің Отаныма берілген тәңірдің сыйы. Аналар да, балалар да жыламасын, даламыз жұтамасын. Ұланғайыр кең даламды соғыс өрті шарпымасын. Бұл әрине барлық адам баласының арман - тілегі. Бейбітшілік жасасын!

Соғыс ардагері Рахметов Бейсен немересі 9 «а» сынып оқушысы Бейсен Арман


 

Уақыт бізге ғажап сыр айтар дәйім,

Барлығын да сыйлапты адамзатқа.

Ынтымақты,жеңісті дархан Майым.

Күш –қайраттың бойында тасқыны бар,

Мұқалмайтын төзімді достығы бар.

Талай тарих таңғалып куә болған,

Елімнің ерлік деген дәстүрі бар......

... Иә, міне, көзді ашып жұмғанша, Ұлы Отан  соғысының аяқталғанына  70 жыл. Осыдан 70 жыл бұрын аталарымыз  бен  апаларымыз қан майданда қасық қаны тамғанша, елімізді қорғаған. Солардың қатарына Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, Талғат Бигельдинов т.б. сынды батырларымызды ұмытпауымыз керек. Иә, оны сан миллиондаған адамдар 5 жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе? Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орындалды. Бірақ сол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында талай асыл азаматтар мерт болды. Жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің ерең үлгілерін көрсетті.  Қазіргі егеменді тәуелсіз елде өмір сүріп отырғанымыз осындай рухты, мықты жауынгерлеріміздің, батырларымыздың арқасы. «Отан үшін өз басымды өлімге байлап отырып, мен оларды ажалмен алысуға жұмсадым. Олардың өлмеуі үшін өз ұрпақтарын, өз халқының намысын, өздері сүйетін асыл қасиеттерін аман сақтап қалу үшін жұмсадым.Өзім де, жаным – арымның садағасы, халқым үшін қасықтай қаным пида деп, жанып тұрған отқа талай түстім» - деген екен Бауыржан Момышұлы өзі туралы. Сол сияқты әр батыр өзіне ұран ұстап, елі үшін майданға аттанған. Қазіргі кезде Ұлы Отан соғысына арнап, Қазақстанның түкпір-түкпірінде батырларымыздың ескерткіштері орнатылған және Ұлы Отан соғысының белгісі ретінде мәңгілік алау бар. Шуағы тарқамасын жер үстінің.

Ағалар саптан шықпасын,

Аналар қабақ шытпасын.

Бақытқа жетіп бар адам,

Сәбилер тыныш ұйықтасын.    

6-сынып оқушысы Исеева Аделя


 

Отбасы қорғаны

Жеңіс үшін жанын пида еткен – батыр,

 ал жауды өлтіріп тірі қалған

 одан да үлкен атаққа ие.

(В. И. Чуйков)

Осы жылы тек біздің ел ғана емес, бүкіл әлем айтулы Жеңіс күнін тойлайды. Бұл мерекеден бізді, жас ұрпақты, бақандай жетпіс жыл бөліп тұр. Сондықтан біз ата-бабаларымыздың сол жылдары бастан не кешіргеніне аса терең үніле қоймаймыз. Тарих үшін соғыс уақыты – бір мезет, адам үшін – шексіздік.

Соғыс... ол қайғы-қасірет. Ол қаншама қиыншылық әкелді, қаншама отбасы тағдырына әсер етті. Ашық аспандағы найзағайдай, «Соғыс» сөзі репродуктордан естілді. Әр үйге ол шақырылмаған қонақтай кенеттен басып кірді. Міне ол «Қоңырбаевтар» отбасына да кіріп келді.

Соғыс жайлы мен кино көрдім, кітап оқыдым. Тіпті атамның айтуларынан бұл қақтығыстарды көз алдыма елестетім. Менің есімдегі ең шынайы соғыс туралы әңгімелер – менің атамның айтқандары. Себебі Ұлы Отан Соғысы біздің отбасымыздың тарихына өшірілместей із қалдырды.

Менің атам, Қоңырбаев Жамбай Қоңырбайұлы, фронтқа 1944 жылы шақырылды. Оның айтуынша: «Біз үйде болған едік. Әкем жұмыстан келгенде соғыс басталғанын өкінішпен хабарлады. Үй ішіне мұң қонды. Әр күн сайын біз радиодан қандай да бір жаналық тындап жүрдік. Қызыл Әскер бір жеңілістен кейін екінші жеңіліс тауып, ауылдар мен селоларды тұрғынсыз қалдырып жатты.».

41-шы жылдары ол он жетіде еді. Әйткенмен, солдаттар жетіспеушілігінен, әскер қатарына қосылуы үшін оның жасын паспортта өзгертіп тастайды. Сол кездері жерімізді аман қалдыру үшін не істелмеді десеңізші. Атамды 1944 жылы қазанда әскерге алып кетеді. Жарты ай өткен соң ол қақтығысқа аттанатын жауынгерлердің қатарында болады. Оның қызмет еткен дивизиясы Берлинде соғысқан. 1945 жылы 7мамыр күні атамды Эльба өзенінің жағасында аяғын жарақаттайды. Ең алғаш Жеңіс күнін ол Гамбургте қарсы алады.

Атамның марапаттары оның әскери жолы туралы айтады: Ұлы Отан соғысының ордені,« Әскери зор еңбегі үшін» медаль(За боевые заслуги), «Ерлігі үшін» медаль, «Берлинді басып алу үшін», мерейтойлық марапаттар.

Сондай-ақ менің әжем, Қоңырбаева Жібек туралы айтқым келеді.Соғыс басталып қалған кезде ол бос отырмай күні-түні еңбек етті. Әжем Еңбек даңқы орденің, Тыл қызметкері марапатының иегері. Осы жылы ол 90 жасқа келеді. Соған қарамастан ол қазірде бізге қолынан келгенің барын жасайды,көмектеседі.

Мен атам мен әжем марапаттарын, суреттерін, бір-біріне жазған хаттарын жиі оқып,қарап отырамын. Анам медальдарды алып шыққан кезде, олар оның қолында бір ерекше жарықпен жанатын сияқты.

Қазір біздің атамыз қасымызда болмаса да, біз оның өз халқына істеген еңбегі мен ерлігін ешқашан ұмытпаймыз.

Осы шығарманы жазу барысында мен көп нәрсені түсіндім. Ұлы Отан соғысы оқиғалары мен үшін өмірге қайта келген сияқты. Ұлы Жеңіс карапайым адамдардың ерлігі, бірігіп жұмыс істеуі арқасында ғана келді. Осы соғыс бүкіл халықтың жазылмас ауруы  болды.  Менің атам және әжем маған, келешек ұрпаққа  патриот болуға, елін өлгенше сүюге мысал бола алды деп үміттенемін. Өйткені біздің ата-бабамыз біздің ашық көк аспанымыз үшін күресті.

 

9 «а» сынып оқушысы Женалина Айша


 

6-сынып оқушысы Урдабеков Авезхан


 

I would like to write about The Great Patriotic War. It was a huge challenge for all people of the Soviet Union, including the Kazakh people. Outstanding military leader, war hero Baurzhan Momyshuly wrote: " The war was a turning point and the turning point in the history of the Kazakh people, leaving an indelible mark in the hearts of millions of our countrymen." And until now, part of Kazakhstan in World War II - a topic noble and concerned not only their contemporaries, but will be relevant in the future.

Many years passed, and the battle ended in a fight. A new interpretation of the them , new research allows us to consider the history of the Great War more widely. Recent documentary evidence shows that the version of the treacherous attack of fascist Germany can not withstand serious scrutiny. Overall, the analysis shows that both sides - both Germany and the Soviet Union - is actively preparing for war . Stalin and his associates by the militarization of the strongest economies sought to outwit each other. But Hitler was ahead of the Bolshevik leaders , starting a war against the Soviet Union . In this case, the extremely severe consequences ¬ quences had the Molotov - Ribbentrop Pact , as a result of the agreement faded former Poland , the former buffer and narrow river Bug became the new border between the USSR and Germany.

So began the bloodiest war in human history. The attack on the Soviet forces began the 170 divisions from the Black Sea to the Baltic Sea. Beginning of the war the Red Army proved disastrous. In a short time the whole Ukraine , Belarus , the Baltic States, Moldova , Russia , many areas have been occupied by the Nazis.

July 26, 1941 N. Gastello crews and A. Maslov (the latter was a member of the Kazakhstani B. Beysekbaev ) , making bombing , were injured and sent thousands of planes on the accumulation tanks. Unfortunately, the crew feat A. Maslov was forgotten , and only in 1991, its members were awarded the title of Hero of Russia , and B. Beysekbaevu - " Halyk Қaһarmany".

In early November 1941 the German forces approached Moscow . Significant contribution to the defense of the capital contributed 100th , 101st , 316th , and other infantry divisions formed in Kazakhstan. About half of the motorists who helped besieged Leningrad were Kazakhs .

I am very proud of my country and my people.In the World War II people showed who we are, and what a great and powerful  our country. And now, in our time, I hate those people who scoff at the events of the past. I think that our generation has never been able to repeat the feat of our ancestors. So, I think we must admit, that all that we have now, our  ancestor’s merit! And, in conclusion, I would like to tell that we must always remember how we get this peace, how we get our lifes!

Mukhametzhanova Ainur, 10th B.


 

The World War II is a huge emotional wound in human hearts. This terrible tragedy started in the twenty-second of June in nineteen and forty-one, then war ended only four years later through the four difficult years in the ninth of May nineteen and forty-five. It was the greatest war in the human history. Hugenumbers of people were killed in this war. It is terrible to think that this tragedy attended by our peers - kids thirteen or fourteen years old. People gave their lives for the fate of their country, for their comrades. Even cities which survived the entire head of Hitler's army, Hero. A lot of Russian people suffered in the past four years. Remember heroic feat of Leningrad - nine days kept people surrounded the city and did not give it! People kept cold, hunger, enemy bombing, they didn’t even sleep. Remember Stalingrad ...! Think of other cities! Before these feats we are obliged to bow head.

Soon we will be celebrating seventieth victory, but think about it – what the price we got this win! At this time Kazakhstan gave all for the cause victory. People are considered sacred - to give their lives for the victory. How many millions people died in this war! Mothers and wives once had to mourn their relatives who fought in the trenches, they took up arms and went to the enemy. USSR is considered a country as a liberator. It didn’t only drive the fascist army out of their coasts, and released to other countries under the yoke fascism. Some people came to Berlin, but the glory of the dead, their names will always live in our hearts.

The World War II showed people what a Russian people and what a great and powerful in our country. And now, in our time, I hate those people who scoff at the events of the past.  I think that our generation has never been able to repeat the feat of our ancestors. Although if you think about, it's not so long ago when it was, and it is terrible how many already forget it. A pity ...

People! You have to remember those who have accomplished this feat in the name of our motherland!

Amerkenova Aidana, Zhanabayeva Kalisa. 11th A.


 

5–сынып оқушысы Каирова Аяулым


5–сынып оқушысы Уразбаева Ельдина


 

2015 жыл.