ҚАЗАҚ ТІЛІ ҰБТ-ға дайындық 1. Термин сөздерді көрсетіңіз. А) Диалект, садақ. B) Отарба, ұрын бару. C) Адырна, найза. D) Сауыт, айбалта. E) Эвфемизм, дисфемизм. 2. Орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылатын дыбысты көрсетіңіз. A) Э. B) У. C) И. D) Ұ. E) Е. 3. Тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылатын дыбысты табыңыз. А) м B) с C) т D) а E) в 4. Орфографиялық принципке сай емес сөзді табыңыз. А) Астана B) Көс салу. С) Ақыл. D) Оқып отыр. Е) Есік. 5. Жіктік жалғауының екінші жағында сыпайы түрде тұрған сөзді табыңыз. А) Әкіммін. В) Әкімдер. C) Әкімге. D) Әкімбіз. Е) Әкімсіз. 6. Анықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді табыңыз. A) Бүгін күн жылы. B) Аспанда бозторғай ән салады. C) Жақсы сөз жан семіртеді. D) Ол өте жылы киінеді. E) Сен өте ақылдысың. 7. Дефиссіз тек бөлек жазылатын шылаулар қатарын көрсетіңіз. A) Ақ, ай, кейін. B) Екеш, не, ғой, ды. C) Үшін, себепті, жуық. D) Ау, арқылы. E) Бұрын, себепті, мыс. 8. Айтылу мақсатына қарай бөлінетін сөйлем атауын табыңыз. A) Құрмалас сөйлем. B) Бұйрықты сөйлем. C) Жалаң сөйлем. D) Жақты сөйлем. E) Жай сөйлем. 9. Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз. Уай, шіркін, ән деп осыны айт! A) Қаратпа. B) Одағай. C) Еліктеу. D) Бірыңғай мүше. E) Қыстырма. 10. Синонимдер қатарын белгілеңіз. A) Айлакер, қу. B) Епті, орашолақ. C) Артық, кем. D) Ересек, жеткіншек. E) Бұлтты, ашық. 11. Антоним сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз. A) Достың орны - төр, дұшпанның орны - көр. B) Анаңды сыйла, құрметте. C) Анасының тілін алмаған азапқа қалады. D) Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын. E) Ұлан бүгін құлқын сәріден оянды. 12. «Сегізаяқ», «саңырауқұлақ» сөздерінің қай қатарға тән екендігін көрсетіңіз. A) Қайталама қос сөз. B) Кіріге біріккен сөз. C) Қосарлама қос сөз. D) Түбір тұлғалары сақталған біріккен сөз. E) Түбірлес сөз. 13. Сын есімнен жасалған қос сөзді анықтаңыз. A) Дәл қазір той-думанның көркіне айналғандай. B) Сөзінің соңы шаң-шұң бірдемеге ұласты. C) Топ-томпақ болған бала бейнесі көз алдымнан кетер емес. D) Соңғы кезде ағамыз елдің гу-гуіне құлақ түретінді шығарды. E) Кемшілік атаулыны түп-тамырымен жоятын кез жетті. 14. Зат есімнен болған етістікті анықтаңыз. A) Ұшар. B) Көр. C) Қарай. D) Түне. E) Ұзама. 15. Еліктеу сөзден жасалған зат есім қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын белгілеңіз. Оның құлағына гүріл естілді. A) Анықтауыш. B) Пысықтауыш. C) Бастауыш. D) Баяндауыш. E) Толықтауыш. 16. Бастауышы жалқы есімнен болған жақты сөйлемді табыңыз. A) Жәуке есікті сыртқа қарай итеріп ашты. B) Маған баруға тура келді. C) Еңбек етуді арадан үйрену керек. D) Көш ұзай берді. E) Жеті қараңғы түн. 17. Қаратпа сөзді табыңыз. A) Пай-пай, киелі неткен жер! B) Әнеки, ілулі тұр ақ семсері. C) Балаларым, сөзімді тыңда. D) Қырға құстар келді. E) Қасыңдамын, міне, тұрмын. 18. Төл сөздің тыныс белгілері дұрыс қойылған қатарын анықтаңыз. A) - Көрдің ғой, генерал. Дер кезінде келдің: - деді B) - Көрдің ғой, генерал. Дер кезінде келдің - деді. C) - Көрдің ғой, генерал. Дер кезінде келдің, - деді. D) - Көрдің ғой генерал. Дер кезінде келдің, - деді. E) - Көрдің ғой, генерал. Дер кезінде келдің; - деді. 19. Стильдің түрін анықтаңыз. Емен жылу сүйгіш ағаштар қатарына жатады. Ол 150-200 жылдай өмір сүреді. A) Ғылыми стиль. B) Публицистикалық стиль. C) Ресми іс қағаздар стилі. D) Ауызекі сөйлеу стилі. E) Көркем әдебиет стилі. 20. Септік жалғаулы сан есімді табыңыз. A) Бұл жолы 8-қатарда отыр екен. B) Сағат 5-тен кейін жиналыс басталады. C) Қаламгердің талантына табынушылар 1000-дап саналады. D) Аптаның 7-нші күні күткен адамы келді. E) Өз басына берілген 100-деген адамның батасы қабыл болған сияқты. 21. Біріккен сөздердің ішінен есімдікті табыңыз. A) Бірнеше. B) Бірқыдыру. C) Анағұрлым. D) Ендігәрі. E) Әлдекімше. 22. Күшейткіш үстеумен тіркесіп тұрған сөзді көрсетіңіз. A) Соншама күлу. B) Бірталай күн. C) Жорта амандасу. D) Әбден шаршау. E) Ертеден қалыптасқан. 23. Байланысудың қай түріне жататынын анықтаңыз. Шапшаң жүру. A) Қабысу. B) Матасу. C) Қиысу. D) Меңгеру. E) Жанасу. 24. Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз. A) Нұрмағанбет көзге түсті. B) Мәдениет – өркениеттің басты көрсеткіші. C) Қой бағу – қиын кәсіп. D) Сонда менің ауданға баруым керек пе? E) Туған жерге туың тік. 25. Құрмалас сөйлемдерден ыңғайлас салалас түрін табыңыз. A) Оттың жалыны әзір көрінбейді, бірақ жаңа ғана тұтанды дегені. B) Сыздық - етікші жігіт және жұрттың көзінде ең шебер етікші сол. C) Жанат орнын ұсынып еді, - отырған жоқ. D) Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз. E) Күндіз қоңыр салқын болып тұр. Нәтиже шығару