Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

ТАРИХЫ

Мектептің тарихы:
 
          Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларған арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты өзінің іргетасын 1962 жылы қалаған. Оқу мекемесі ең алғаш ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің балаларына арналған интернат ретінде ашылады.
 
          1991 жылы 13 тамызда Павлодар облыстық Кеңес атқару комитетінің шешімімен /№258-10/ гуманитарлық бағыттағы облыстық қазақ гимназия-интернаты болып қайта жасақталды. 
 
          1995 жылы білім саласында көрсеткен нәтижелер бойынша Павлодар облыстық қазақ гимназия-интернаты атауына ие болды.
 
          2004 жылы ҚР Президентінің 1996 жылы 24 мамырдағы «дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» №30021 өкіміне сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылы 31 желтоқсандағы 321/10 бұйрығы негізінде  Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты болып бекітілді.
 
         Гимназия-интернат оқу-тәрбие жұмысында ҚР Білім туралы Заңын, «Жалпы білім беретін мектеп тұжырымдамасын», «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасын және Гимназия туралы үлгі ережені» негізге алды. 
 
           Мектептің оқу жоспары Республикалық «Дарын» ҒПО-ы, облыстық білім басқармасы, «Ертіс дарыны» ҒПО-ның келісімімен құрылған.
 
           Гимназия интернатында қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша білім беріледі.
 
 
Марапаттаулары:
 

2003 жылы  Гимназия –интернат ұжымы «Білім беру сапасы»  бойынша облыстық конкурстың жеңімпазы.

2005 жылы  Облыстық Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия – интернаты.

2009 жылы  X Облыстық Абай оқуларында «Ең үздік команда–2009».

2009 жылы  XI Облыстық оқушылардың ғылыми жарыстары «Ең  үздік  ғылыми зерттеу  қоғамы» номинациясы.

2009 жылы  IX Сәтбаев оқулары «Ең үздік қала мектебі» номинациясы.

2009 жылы  «Ең белсенді педагогикалық ұжым» номинациясы.

2009 жылы  Шығармашылық байқауларда ерекше көрсеткіштері  «Шабыт» номинациясы.

2010 жылы «Ең үздік олимпиадалық команда–2010» (II орын).

2010 жылы  Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтиже көрсеткені үшін  облыс әкімінің дипломы.

2010 жылы  XI Облыстық оқушылардың ғылыми жарыстары «Ең  үздік  ғылыми зерттеу қоғамы» номинациясы.

2010 жылы  ІІІ Президенттік олимпиада аймақтық кезең «Ең үздік команда» номинациясы.

2011 жылы  «Ең үздік олимпиадалық команда–2011» (IIІ орын).

2011 жылы XІ Сәтбаев оқулары «Ең үздік қала мектебі» номинациясы.

2011 жылы Алғыс хат. Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс–шаралар аясында өткізілген «Дарындылық мәселесіне жаңаша көзқарас» атты көрмеге қатысып, шығармашылық пен белсенділік көрсеткені үшін.

2012 жылы   Құрмет грамотасы. Білім беруде жоғары сапа,  үлгілі педагогикалық шеберлік, шығармашылық  ізденіс, оқыту және тәрбиелеуде қол жеткен табыстары үшін.

2012 жылы  Мадақтама. «Мемлекеттік тілдегі ең үздік білім беру сайты» атты облыстық конкурсының «Ең интерактивті сайт» номинациясы.

2012 жылы І орын, Ертіс өңірінің мектеп оқушылары арасында «Үштұғырлы тіл»  бағытында физика – биология пәндері бойынша ұйымдастырылған эвристикалық олимпиада.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне арналған облыстық мамандандырылған мектеп мұғалімдер спартакиадасында ІІ орын.

2013 жылы Алғыс хат. «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сайт» облыстық конкурсына қатысып, облысымыздың қоғамдық өмірінде мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту мен мәртебесін нығайту, қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалын ғаламторда жариялаудағы қызметі үшін.

2013 жылы Павлодар облысының 75 жылдығына арналған білім қызметкерлерінің XIV облыстық спартакиадасына қатысуы үшін колледж еңбеккерлері арасындағы іріктелген жарыста (Б тобы) жалпы командалық І орын.

2013 жылы Павлодар облысының 75 жылдығына арналған білім қызметкерлерінің XIV облыстық спартакиадасына қатысуы үшін колледж еңбеккерлері арасындағы іріктелген жарыста (Б тобы) жалпы командалық І орын алған Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия – интернатының волейболшылар командасы марапатталады.

2014 жылы  Алғыс хат. 10 сынып оқушылары арасында Республика бойынша өткізілген Білім тексеру сынағында белсенді қатысып, оқушыларға берген біліммен  қол жеткен жетістіктер үшін «Достық» Білім беру орталығының алғыс хаты.

2014 жылы Мадақтама. Қазақстан Республикасы мектеп және колледж оқушылары арасындағы VII жазғы спартакиадасын  дайындап, өткізуге зор үлес қосқаны үшін.

2014 жылы Алғыс хат. ҰБТ–дағы жоғары көрсеткіштері үшін.

2015 жылы ҰОС 70-жылдығына арналған «Ерлік, даңқ, батылдық туралы» білім беру ұйымдары сайтының үздік бөлімі облыстық конкурсын ІІ орын.

2016 жылы «Мамандандырылған мектептер арасында үздік ғылыми қоғам» номинациясының иегері.

2016 жылы Облыстық «Мектеп тарихы» мектеп мұражайлары мен бұрыштарының байқау-конкурсында І орын жүлдегері.

2017 жылы Қоғамдық-гуманитарлық бағытта ІІІ орын және «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясының иегері.

2018 жылы Қоғамдық-гуманитарлық бағытта І орын және «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясымен марапатталды.
2019 жылы Қоғамдық-гуманитарлық бағытта ІІІ орын және «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясымен марапатталды.

2019 жылы Облыс әкімінің арнайы 50 000 000 сертификатымен марапатталды.

2020 жылы Қоғамдық-гуманитарлық бағытта ІІ орын және «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясымен марапатталды.