Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Төтенше оқиғалардың орын алуының алдын алу мақсатында өрт кезіндегі эвакуациялау шаралары

Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен жазғы каникул күндеріне дейін гимназиямызда аппаттық жағдайларда балалар қауіпсіздігін сақтау негізінде төтенше оқиғалардың орын алуының алдын алу мақсатында өрт кезіндегі эвакуациялау шаралары жүргізілді.

«Қызыл ай» ұйымының өкілдері келіп, оқушыларды алғашқы медициналық көмек пен судағы қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, өрт қауіпсіздігінің алдын алу шараларын практикада көрсетті.

Толығырақ

«Жас сарбас» атты әскери патриоттық сайыс

Толығырақ

Елім менің

Халқымыз үшін қасиетті де киелі мереке Тәуелсіздік күніне арналған Ардагелдіқызы Ақжанның орындауындағы “Елім менің” атты тамаша әнді қабыл алыңыздар.

Толығырақ

Тәуелсіздік күні

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шын жүректен шыққан ыстық ықыласымызды қабыл алыңыздар.

Бұл күн — ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн.

Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін.

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілейміз.

Толығырақ

"Жеңіс метрономы" эстафетасы

     Ұлы жеңіс-ұрпаққа аманат. Ұлы жеңісті дәріптеп, Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен батырларды әспеттеу борышымыз. Бүгінгі ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында мектебімізде Ұлы Жеңістін 75 жылдығына арналып іс-шара өткізілді. Шара барысында оқушылар батыр бабаларымызға арналып шығарылған жыр жолдарын жолдап, жеңіс әнін шырқап бейбіт елдің ұландары екендіктерін мақтанышпен жеткізді.
     Облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатынан "Жеңіс метрономы" эстафетасын қабыл алып, мамандандырылған әскери-мектеп интернатына жолдаймыз.

Өз тілшіміз

Толығырақ

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күн Елбасының Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіледі. Келер ұрпақтың қамы үшін қасық қаны қалғанша күрескен арыстардың руxына мың тағзым! Мәңгі есте!

Толығырақ

«ЖАС ҰЛАН» әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыс

2018 жылғы 10 мамыр күні біздің мектепте облыстық дарынды мектептер арасында ҚР Қарулы Күштерінің 26 жылдығына және Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының бірінші директоры, ҰОС ардагері Ш.Д. Ташмағамбетовты еске алуға арналған «ЖАС ҰЛАН» әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыс өтті.

Толығырақ

Пневматикалық мылтықпен ату бойынша облыстық турнир

Ұлы Жеңіс күніне және Кеңес одағының батыры Ә.Молдағұлованың құрметіне арналған

Толығырақ

Сырлыбаев Медет Көшербайұлының қатысуымен ашық сабақ

Облыс  әкімінің орынбасары М.Бегентаевпен бекітілген Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының YІІ қысқы Универсиадасын дайындау және өткізу іс-шаралары жоспарын орындау мақсатына орай  2018 жылдың 5 наурызда мектебімізде сағат 12.00-де облысымыздың танымал спортшысы, грек-рим күресі бойынша Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы, спорт шебері Сырлыбаев Медет Көшербайұлының қатысуымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Байжырыкова С.К. 5 «а»-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді.

Толығырақ