Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

АРДАГЕР ҰСТАЗДАР

Жылқыбаев Мақажан Несіпбайұлы

1937 жылы наурыз айының он алтысы күні Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1968 жылы Семей қаласындағы Н.К. Крупская атындағы мемлекеттік педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мамандығын тәмәмдап, 40 жылдан астам өмірін болашақтың ұрпағын тәрбиелеу ісіне бағыштады.

Мақажан Несіпбайұлы 45 жылдай ұстаздығымен қатар мектеп басқару ісінің майталманы, үлгілі ұйытқышысы атанып, мемлекеттік деңгейдегі лауазымды наградалар мен атақтарға ие болды. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген ұстаз, Ел президенті Н.Ә. Назарбаев стипендиясының, 1983 жылдың ҚазССР "оқу-ағарту ісінің үздігі" төс белгісі, 1991 жылы "Еңбек ардагері", 2001 жылы "Құрмет белгісі" орденінің иегері, 2008 жылы "Ы. Алтынсарин атындағы төс белгісімен" марапатталды.

Іскер, білікті басшы Мақажан Несіпбайұлы еліне, ұрпағына сіңірген еңбегімен еліне жүрек жылуын, жақсылықтың шапағатын шашып жүрген үлкен парасат иесі.

 

Шаймарданов Біләл Ехсанұлы

1933 жылы желтоқсан айының он екісі күні Успенка ауданында дүниеге келген. 1949 жылы Павлодар Педагогикалық училищесіне түсіп, 1950 жылы бітірген. 1954 жылы Семей қаласындағы Н.К. Крупская атындағы педагогикалық институтының физика-математика факультетіне түсіп, 1959 жылы аяқтаған.

Біләл Ехсанұлы 44 жыл бойы мектепте ұстаздық еткен жылдар ішінде мемлекеттік емтихан тапсырып, өмірге жолдама алған 2100 шәкірт алдынан өтіп, 500-ден астамы жоғары оқу орындарын бітіріп, әртүрлі салада қызмет етіп жүр. Соның ішінде мақтан ететін, ерек шыққан шәкірттер: Қазақстан Республикасының Сәулетшілер Одағының Президенті, академик Қалдыбай Монтақаев, профессор Даурен Ахметбаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Жанат Чайкина.

Біләл Ехсанұлы "КССР Оқу-ағарту ісінің үздігі", "Еңбек ардагері", "Қызыл Ту орденінің иегері", бірнеше медальдардың иегері. Крупская атындағы сыйлықтың лауреаты. Білікті ұстаз бұл күнде облысқа, республикаға ағарту саласында өзінің мол тәжірибесімен, еңбегімен танымал.

 

Қонаева Назен Ғабдоллақызы

Назен Ғабдоллақызы 1943 жылы тамыздың 13-і күні Алтай өлкесі, Славгород ауданы, Беккердиновка ауылында дүниеге келген. 1958 жылы Павлодар Педагогикалық училищесіне түсіп, 1962 жылы бітірген. 1962 жылы Алматы қаласындағы Қыздар педагогикалық институтына түсіп, 1966 жылы бітірген. Ұстаздық еңбегін Павлодар ауданы "Заря" совхозындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті сабағын беруден бастаған. Павлодар педагогикалық институтында бірнеше жылдар қазақ тілінен дәріс берген. Облыстық қазақ гимназия интернатында 1976 жылдан бүгінге дейін еңбек еткен. 1980-1981 оқу жылынан бастап 1995 жылға дейін оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарған. Бұл кезеңдерде "Ұстаз - әдіскер" деген атақ берілді. "Халық ағарту ісінің озық қызметкері", Облыстық Маслихаттық Құрмет азаматы деген атақ берілген.

 

Елтаева Раиса Сенбіқызы

Раиса Сенбіқызы 1969 жылы Павлодардың мемлекеттік педагогикалық институтының - орыс тілі және әдебиеті мамандығын ойдағыдай бітірген. Жас маман Баянауылдың №1 мектебінде ұстаздық қызмет атқарды, 1970 жылдан - 1978 жылдары қазіргі Ақсу ауданының Қанаш Қамзин  орта мектебінде ұстаздық қазметін жалғастырды. 1978 жылдан бастап сол кездегі №3 мектеп-интернатында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің белді бір ұстазы болды. 

1989 жылы ұстаздық іске шынайы берілгендігі, жоғары кәсіби шеберлігі, шәкірттердің оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі ерекше тәсілдері, шығармашылығы мен жасампаздығы ескеріліп Қазақ КСР "Халық ағарту ісінің үздігі" белгісіне ие болса, 1991 жылы "Ұстаз - әдіскер" деген атаққа ие болды.

1991 жылы Ы. Алтынсарин атындағы гимназия-интернатында директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары құзыретіне көтеріледі. Екі тілде еркін (ресми, ғылыми) сөйлейтін, емеуірінен әріптестерінің қыбын таба білетін  Раиса Сенбіқызы өзінің ісін тез арада меңгеріп, өзгерген қоғамға сай ғылыми  негіздегі оқыту үрдісін жүзеге асыруға бар жанын салады.

 

Мұхтариханова Жанат Мұхтариханқызы

Жанат Мұхтариханқызы 1948 жылы туған. Қорт ауылындағы Жаға ауылдың 8 жылдық мектебін бітіріп, 1968 жылы Павлодар педагогикалық училищесіне түсіп, 1976 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің математика факультетін тәмамдаған. 1982-1983 жылдардан бастап, №3 қазақ интернатында тәрбиешілік пен математика пәнінен сабақ беріп, қызмет еткен. 1975-2005 жылдары оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Атақтары: Халық ағарту ісінің озық қызметкері. Еңбек ардагері. Павлодар облыстық Құрмет грамотасымен марапатталған.

 

Елмұратова Жамила Қайкенқызы

Жамила Қайкенқызы 1946 жылы 5 шілдеде Ертіс ауданында туған. 1965-1969 жылдары Алматы шет тілдер педагогикалық институтында оқыған. 1969-1971 жылдары Ертіс ауданында неміс тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.

1984 жылы Германияның Дрезден қаласында өткен Халықаралық неміс тілі пәні мұғалімдерінің курсына қатысқан.

1971-2007 жылдары №3 мектеп интернатында неміс тілі пәні мұғалімі ретінде қызмет атқарған.

1984 жылы "Халық мұғалімі" атағын иеленді.

 

Баймаханова Сәуле Сұлтанқызы

Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия интернатында физика пәнінің мұғалімі боп жұмыс істеді. Педагогикалық еңбек өтілі - 35 жыл.

Марапаттары: 1996 жылы "Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі"; 1999 жылы "КазССР мақтау грамотасымен"; 2003 жылы "Павлодар облысының білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының марапатымен"; 2002 жылы, 2009 жылы "Сәтпаев оқуының" алғыс хатымен; 2007 жылы Тараз қаласындағы ІІ халықаралық "Жас Ғалым - 2007" ғылыми практикалық конференциясының Алғыс хатымен марапатталды. 2008 жылы "Ы. Алтынсарин" белгісімен марапатталды. 2008 жылы Инновациялық педагогикалық идеялар V  Республикалық фестивалінің І дәрежелі дипломымен марапатталды; 2010 жылы Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды; 2010 жылы "Дарынды балалар - Қазақстанның болашағы" энциклопедиясының редакциясының ұсынысы бойынша "Шығармашылық дамыту" наминациясының Дипломымен марапатталды.