Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Азат елдің арманы

Байтақ жерге бөтендер кеп жармасты,

Шалқып жатқан шалқар елді шаң басты...

Сейіліп бұлт, азаттықтың жаңғырған,

Жастар соқты қоңырауын алғашқы.

 

Келер күнге күмәнданбай сенсе шын,

Жеңер енді қайсарлықпен келсе сын.

Қайраттылар, айбаттылар оятты,

Еңгезердей еркін елдің еңсесін.

 

Жасап енді жаңа өмірге қадамын,

Емін тапты жазылмаған жараның.

Бейбітшілік белең алып өлкеде,

Арамыздан алшақтады қара мұң.

 

Санамызда сайрап сансыз, көп ілім,

Ұрпақ өсер, желкілдетіп кекілін.

Шартарапқа тарап үні елімнің,

Келешекке берер нақты кепілін.

 

Бұл арқылы жер мен көкке тиіп тұр,

Тату елміз, бірлгі асып ұйып тұр.

Кене ханым айтқанындай, қазағым,

Басқалардан найза бойлы биік тұр.

 

Азаттықтың ақ арманын қиялап,

Көркем болып, өркендесін ұя-бақ.

Қасық қанын бізге аямай  тапсырған,

Аманатқа жасамайық қиянат!

 

 

10 «б» сынып оқушысы  Жанбау Марғұлан