Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған қолөнер және сурет көрмесі
2016 жылдың 9 желтоқсанында Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында тәуелсіздік күніне орай қолөнер және сурет көрмесі өтті. Осы көрмеден кейін балалар бір-бірлерінің жасаған өнерлерін көріп, үлкен қызығушылық танытты. Міне, көзді ашып жұмғанша,осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлап жатыр. Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы.



