«Қанатыңды кең серпі» атты белсенді стартт
2017 жылы 25 қаңтарда Алматыда өтетін универсиадаға арналған 5-6 сынып оқушылары арасында қыстық ойындар сайысы өткізілді. Оқушылар өте белсенді қатысты. Осы шараның мақсаты – оқушылардың спортқа деген қызығушылықтарын дамыту.
Облыстық пән олимпиадасы
2017 жылғы қаңтар айының 5-і мен 6-ы аралығында Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінде жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9-11 сынып оқушылары арасында 55-ші облыстық пән олимпиадасы өткізілді.
Облыстық пән олимпиадасына 3 қаладан, 10 ауданнан және 13 облыстық мамандандырылған білім беру мектептерінен барлығы 26 команданың 733 оқушысы қатысты.
Шахмат ойынынан жарыс
Қаңтар айының 9 жұлдызында 5-8 сыныптар арасында шахмат ойынынан жарыс өтті.Сайысқа оқушылар өздерінің шахмат ойынына деген ынталарын көрсетіп, бақталастарын жеңуге ат салысты.
Жеңімпаз оқушылар: Айтым Әли – I орын, Жандаулет Алишер – II орын, Нугманов Данат – III орынды иеленді. Ойын өте әсерлі өтті. Оқушылар өз ризашылықтарын білдірді.
Қыздар арасында бокстан ашық қалалық біріншілік
21-24 желтоқсанда ДЮСШ №5 негізінде қыздар арасында бокстан ашық қалалық біріншілік болып өтті. Мектебіміздің намысын Бухарбаева Дильназ, Жанболат Назерке, Асқар Күлімжан, Бауыржанқызы Эльвира қорғады. Республика бойынша Павлодар, Екібастұз, Жезқазған, Алматы, Сәтбаев, Талдықорған, Қарағанды, Балқаш қалаларының өкілдері қатысты. 8-сынып оқушылары Бухарбаева Дильназ бен Жанболат Назерке ІІ дәрежелі дипломға, 8-сынып оқушысы Асқар Күлімжан мен 9-сынып оқушысы Бауыржанқызы Эльвира ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
«Жасыл экономика», «Жасыл энергетика» бағыттары бойынша үлгілер конкурсы
«Жасыл экономика» – бұл экономика ғылымындағы жаңа бағыт, экономика, адамдардың әл-ауқатын арттырады және қоршаған ортаны айтарлықтай жақсартады, табиғи ресурстардың тапшылығын азайтады, биоәртүрлілікті жоғалтуын болдырмайды.
Облыстық Мағжан оқулары
2016 жылдың 22 желтоқсанында облыстық білім беру басқармасы мен «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде IV облыстық «Мағжан оқулары» конкурсы өтті.
«Спорт - сенің серігің!» атты көңілді мәре жарысы
2016 жылдың 21 желтоқсанында 5-сынып оқушылары арасында «Спорт - сенің серігің!» атты көңілді мәре жарысы өткізілді. Жарыстың мақсаты- оқушылардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдылықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау, спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оқушылардың арасындағы бір-біріне деген жолдастық, әділдік сезімдерін, бір-бірімен күш сынасуға, өзін – өзі жеңе білуге тәрбиелеу.
«Азаттықты аңсаған алаш»
2016 жылғы 13 желтоқсанда гимназия оқушылары 25 жұлдызды күндер шеңберінде «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» өткізілетін «Азаттықты аңсаған Алаш» атты тарихи театрланған қойылым қойды. Аталмыш шараға Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Е.Н.Дауенов және Облыстық бұқаралық ақпараттық құралдар өкілдері қатысты. Оқушылар қойылымда көне түрік кезеңінен бастау алып, Тәуелсіз Қазақстан тарихымен танысады. Қойылымның негізгі бөлімі – Алашордалықтардан бастап, Елбасымыздың ант қабылдауынан аяқталады.
«Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты интеллектуалды-танымдық сайыс
12.12.16 күні Жас Ұлан ұйымының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында 7-сыныптар арасында «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты интеллектуалды-танымдық сайыс өтті.
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда...
Ағымдағы жылдың 6 желтоқсан күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында 8-11-сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар сайысының облыстық кезеңі өтті. Мектебімізден жаңа оқу жылының басында барлық бағыттар бойынша 38 ғылыми жоба тіркеліп, іріктеу барысында ғалымдардың оң пікіріне иеленген 23 оқушының 16 жұмысы облыстық кезеңге жолдама алды. Осы байқау қорытындысы бойынша 10 ғылыми жоба жұмысы үздік танылып, 14 оқушымыз жүлделі орындар қатарынан көріне білді.
