«ҰСТАЗЫМ - ҰЛАҒАТЫМ, ҮЛГІ-ӨНЕГЕМ» АТТЫ КЕЗДЕСУ КЕШІ
24 ақпанда гимназия-интернатта Жылқыбаев Мақажан Несіпбайұлының 80 жасқа толу мерейтойына арналған «Ұстазым-ұлағатым, үлгі-өнегем» атты кездесу кеші өтті. Кештің мақсаты-ардагерлер жолын үлгі ету, ерен еңбегімен ел құрметіне бөленген ұстаз есімін келешек ұрпаққа таныстыру.
Карикатура мен сурет сайысы
Қаңтар айында «Тоқта! Сыбайлас жемқорлық» және «Адал қызмет ет» тақырыбында карикатура мен сурет сайысы өткізілді. Оқушылар белсенді ат салысты.
Шахмат үйірмесі
Қаңтар айынан бастап,біздің интернатымызда шахмат үйірмесі ашылды. Ол үйірмеге барлық оқушылар ат салысты. Әр оқушының өзінде жеке шахматтары бар.
Шахматты оқушылар үлкен қоңырау кезінде және белгіленген уақытта сыныптар шахмат үйірмесіне барады. Шахмат үйірмесіне оқушылар өте белсенді қатысуда. Ойын өте әсерлі өтті. Оқушылар өз ризашылықтарын білдірді.
"Өмірге - "иә" деп айт" атты тәрбие сағаты
22 ақпанда 5-сыныптар арасында "Өмірге - "иә" деп айт" атты тәрбие сағ
«Ұлағатты ұстазға мың тағзым» атты шахмат турнирі
2017 жылғы 22 ақпанында Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында ұлағатты ұстаз, еңбек ардагері – Жылқыбаев Мақажан Несіпбайұлының 80 жас мерейтойына арналған облыстық мамандандырылған мектеп оқушылары арасында «Ұлағатты ұстазға мың тағзым» атты шахмат турнирі ұйымдастырылды.
«Дәуірдің дара ұстазы» атты облыстық мектеп оқушылары арасында өткен жыр мүшәйрасының қорытындысы
27 қаңтар–18 ақпан аралығында Жылқыбаев Мақажан Несіпбайұлының 80 жасқа толуына орай өткізілген "Дәуірдің дара ұстазы" атты мектеп оқушылары арасында облыстық ақындар мүшәйрасы жарияланған болатын.
Мақсаты – өңіріміздің дарынды жас өркендерінің өнерін паш етіп, өрнекті өлеңдерімен ұстаздың ерен істері мен қажырлы еңбегін мадақтап дәріптеу, еліміздегі дәстүрлі өнер жазба ақындықты кеңінен насихаттап, ана тілінің қадір-қасиетіне тереңдеу және ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру.
«Алаштың асыл мұраты» атты облыстық жыр мүшәйрасы
15 ақпанда Лебяжі ауданы әкімдігінің қолдауымен, Аққу аудандық «Өнер» мектебінің ұйымдастыруымен Алаш қозғалысының – 100 және Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың – 150 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында «Алаштың асыл мұраты!» атты ақындардың облыстық жыр мүшәйрасы болып өтті.
«Ұлағатты ұстазға мың тағзым» атты волейбол жарысы
17 ақпанда Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында ұлағатты ұстаз, еңбек ардагері – Жылқыбаев Мақажан Несіпбайұлының 80 жас мерейтойына арналған «Ұлағатты ұстазға мың тағзым» атты волейбол жарысы ұйымдастырылды.
"Тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын жүзеге асыру жолдары" атты облыстық семинар
14.02.2017 «Тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын жүзеге асыру жолдары» атты тақырыпта облыстық деңгейде семинар өтілді. Семинар мақсаты мен міндеті: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу. Тарбие сабағының 8 бағытын іске асыру жолдарын жүйелі қолдану.
Павлодар мемлекеттік педагогика институтының біріншілігі
2017 жылғы 9-11 ақпан аралығанда Павлодар мемлекеттік педагогика институтының біріншілігінде Ресей Федерациясы, Монголия, Қазақстан Республикасының ЖОО студенттері арасында бокстан VIII ашық турнирі өтті.
