Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«Дәуірдің дара ұстазы» атты облыстық мектеп оқушылары арасында өткен жыр мүшәйрасының қорытындысы

     27 қаңтар–18 ақпан аралығында Жылқыбаев Мақажан Несіпбайұлының 80 жасқа толуына орай өткізілген "Дәуірдің дара ұстазы" атты мектеп оқушылары арасында облыстық ақындар мүшәйрасы жарияланған болатын.

      Мақсаты – өңіріміздің дарынды жас өркендерінің өнерін паш етіп, өрнекті өлеңдерімен ұстаздың ерен істері мен қажырлы еңбегін мадақтап дәріптеу, еліміздегі дәстүрлі өнер жазба ақындықты кеңінен насихаттап, ана тілінің қадір-қасиетіне тереңдеу және ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру.

     Екібастұз, Ақсу қалалары, Баянауыл, Аққу, Павлодар аудандары, Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаты, Абай атындағы дарынды балаларға арналған 10 лицей-мектебінің оқушылары белсенді қатынасты. Мүшәйраға ұсынылған жалпы шығармалардың саны – 44.  Қазылар алқасының құрамында республикалық жыр додаларының жеңімпазы, айтыскер ақын Шарманов Қуанышбек Қазыбекұлы, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері, жазба ақын, «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі, «Регион.кз» газетінің жауапты  хатшысы Жарқынбек Амантай болды.

     Байқау нәтижесі төмендегідей:

     Бас жүлде – Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Сарыбай Құдрет.

     І орын – Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 9 «а»-сынып оқушысы Тлебалды Лағыл.

     ІІ орын – Баянауыл ауданы Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебінің 5-сынып оқушысы Солтанбай Ершуақ.

     ІІІ орын – Баянауыл ауданының Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатының 4-сынып оқушысы Айсұлу Ниязбекқызы.

     Ынталандыру сыйлығын  Кеңес негізгі білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Шакенов Балабек пен Екібастұз қаласының №18 жалпы орта білім беру мектебінің 8 «б»-сынып оқушысы Мусаипова Айкумыс иеленді.

     М.Н.Жылқыбаев жүлдесі Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Жанбау Марғұланға берілді.

     Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының арнайы сыйлығын Ақсу қаласы Қызылжар орта мектебінің 9-сынып оқушысы Хобланбек Хулантай иеленді.

     Аталмыш оқушылар Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында 24 ақпанда сағат 15.00-де өтетін марапаттау салтанатына шақырылады.