Павлодар мемлекеттік педагогика институтының біріншілігі
2017 жылғы 9-11 ақпан аралығанда Павлодар мемлекеттік педагогика институтының біріншілігінде Ресей Федерациясы, Монголия, Қазақстан Республикасының ЖОО студенттері арасында бокстан VIII ашық турнирі өтті. Біріншілікке біздің мектептің бокстан қыздар командасы қатысуға шақырылды. Турнир қорытындысы бойынша біздің қыздар келесідей нәтижеге қол жеткізді:
Бухарбаева Дильназ 48 кг салмақ дәрежесінде – І орын;
Жанболат Назерке 52 кг салмақ дәрежесінде – ІІ орын;
Бауыржанқызы Эльвира 50 кг салмақ дәрежесінде – ІІІ орын.
Қыздарды турнирге дайындаған директордың әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі орынбасары Сембай Кенжебайұлы Ақжоловқа алғыс білдіреміз.
Жеңімпаз қыздарымызды құттықтаймыз!
