"Тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын жүзеге асыру жолдары" атты облыстық семинар
14.02.2017 «Тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын жүзеге асыру жолдары» атты тақырыпта облыстық деңгейде семинар өтілді. Семинар мақсаты мен міндеті: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу. Тарбие сабағының 8 бағытын іске асыру жолдарын жүйелі қолдану.
Семинардың барысында І кезеңде 1-бөлім: "Жүректен – жүрекке". (Танысу, тілектер) Павлодар қаласы "Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының" жеке тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру кабинетінің меңгерушісі С.Е. Бекбергенова сөз сөйледі. 2-бөлім: "Тәрбие-жаңаша ізденістермен бағыттарын жүзеге асыру жолдары". Б.Сматова. (топтық жұмыс).
ІІ кезеңде Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің педагог-психологі Ж.Б.Төлеубаева "Психологиялық тұрғыда трениг" тақырыбында сөз сөйледі.
ІІІ кезеңде М.Н.Абдыкаликова "Адамгершілік – адамның рухани арқауы" баяндаманы оқыды. "Тұлғаның салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру біліктілігін дамыту" тақырыбында Г.Ш.Жамалиденова сөз сөйледі.
IV кезеңде қатысушыларға сертификаттар берілді.


