Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«Ұлағатты ұстазға мың тағзым» атты волейбол жарысы

     17 ақпанда Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға  арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында ұлағатты ұстаз, еңбек ардагері – Жылқыбаев Мақажан Несіпбайұлының 80 жас мерейтойына арналған «Ұлағатты  ұстазға  мың тағзым»  атты волейбол жарысы ұйымдастырылды.

     «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», – деп Абай атамыз ұстаздың еңбегін жоғары бағалаған. Расында да, ұстаз өз шәкірттеріне аянбай білім беруден ешқашан жалықпаған. Аталмыш іс-шараның  мақсаты -спортқа деген ынталарын арттырып, күш-жігерлерін дамытып, достық қарым-қатынасты тәрбиелеу, ұлағатты ұстаздарды дәріптеу. Волейбол жарысына мамандандырылған мектеп командаларының қыздар құрамалары шақыртылды. Спорттық жарыстың ашылу салтанатында Мемлекеттік Әнұран орындалып, директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Роза Рыскалиевна Нурдилдина  құттықтау сөз  сөйледі. «Еңбек ардагері» медалімен, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жылдық мерейтойы» медальдарымен, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, «ҚазССР халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған, Павлодар қаласының Құрметті азаматы, Қазақ ССР-інің Халыққа білім беру саласының  еңбек сіңірген қызметкері, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Мақажан Несіпбайұлы Жылқыбаевтың еңбек жолы туралы бейнебаян көрсетілді. Өткізілетін жарыстардың қауіпсіздік ережелері оқушыларға таныстырылып, мұқият бақыланып отырды. Ойын барысында қатысушылар белсенділік танытып, қызығушылықпен ойнады. І орын – Дарынды балаларға арналған № 10 Абай атындағы  мектеп-лицейі, ІІ орынды – Облыстық дарынды балаларға арналған көп салалы  лицей-интернаты, ІІІ орын – Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернат құрама командалары иеленді.