Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық пән олимпиадасының қорытындысы
Наурыз айының 24-29 аралығында Ақтау қаласында өткізілген қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадасы болып өтті. Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 600-ге жуық оқушы қатынасты. Павлодар облысынан облыстық пән олимпиадасының 35 жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты. Оның ішінде 23 оқушы республикалық пән олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатарынан көрінді. Жалпы командалық есепте Павлодар облысы І орынға ие болып, «Ең үздік олимпиадалық команда – 2017» атанды.
Жас бағдарламашылар жетістігі
Облыстық қазақ гимназия-интернат оқушылары Алмас Ануарбеков, Әділ Исеев пен Әли Жетпіс робототехника сабағында жол күзетуге арналған дирижабль қағидасы негізінде ұшатын, басқарылатын роботты құрастырды.
«Алаштың асылы- ұлтының жасыны» атты облыстық оқушылар айтысы
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы мен мәдени-сауық қызметі орталығының ұйымдастыруымен Алаш партиясының және Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай 2017 жылдың 21 наурызында облыстық «Шаңырақ» орталығында «Алаштың асылы - ұлтының жасыны» атты облыстық оқушылар арасындағы ақындар айтысы өтті.
«Сенен артық адам жоқ....» атты облыстық шығармалар байқауы
8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Менің анамның портреті», «Сенен артық адам жоқ....» тақырыптары бойынша облыстық білім беру басқармасы шығармалар байқауын жариялаған болатын. Шығармалар конкурсына жалпы білім беру және мамандандырылған мектептердің 5-9 сынып оқушылары қатысып, барлығы 159 шығарма ұсынған.
Мақажан Несіпбайұлы Жылқыбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Ұстазым- ұлағатым, үлгі-өнегем» атты салтанатты кеш
2017 жылдың 11 наурызында Ж.Аймауытов атындағы облыстық музыка-драма театрында облыстық Білім басқармасы және Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты, мектеп түлектерінің ұйымдастыруымен білім саласының ардагері, «Құрмет» ордені мен Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, ардақты ұстаз Мақажан Несіпбайұлы Жылқыбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Ұстазым- ұлағатым, үлгі-өнегем» атты салтанатты кеш болып өтті.
Естай Беркімбайұлына арналған «Жарық жұлдыз» атты «Жасын» жобасының танымдық-зияткерлік сайыс кеші
Наурыз айының 3 жұлдызында Шаңырақ мәдениет үйінде қазақтың көрнекті әншісі, ақын-сазгері, ҚазССР-нің еңбек сіңрген өнер қайреткері Естай Беркімбайұлына арналған «Жарық жұлдыз» атты «Жасын» жобасының танымдық-зияткерлік сайыс кеші өтті.
Бокстан ашық қала турнирі
2017 жылы ақпан айының 23-25 күндер аралығында Ауғаныстаннан Кеңес әскерлерін шығарылуының 28 жылдығына орай 2002-2003, 2004-2005 жылдары туған жасөспірімдер мен қыздар арасында бокстан ашық қала турнирі өтті.
1 НАУРЫЗ-АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ
2017 жылдың 1 наурызында «Алғыс күні» мерекесіне орай 5-6 сыныптар арасында көңілді эстафета жарысы өтті.
«Ұстаздар даңқы»
7”Ә”-сынып үздіктері оқушыларға мектеп мұражайының ашылу тарихы жайлы таныстырып өтті. 2015 жылдың 1 қыркүйегінде Білім күні «Ұстаздар даңқы» залы ашылған болатын. Бұл игі бастама мектеп директоры Сүлейменов Жомарт Нұртайұлының ұсынысымен қолға алынған еді. «Ұстаз ұлық емес, ұлы қызмет» айдарында берілген стендіде мектептің директорлары туралы деректер берілген. Мұражайға қызығушылық танытқан оқушылардың саны артып келе жатқаны көңілді қуантады.
Қайырымдылық акциясы
22 ақпанда мектебіміздің 7 «ә»-сыныбының оқушылары қайырымдылық акциясы негізінде балалар үйіне барды. Балалар үйіне барудағы мақсат – жақсы көңіл-күй сыйлау. «Жетім көрсең, жебей жүр» деген халық нақылын ұстанған мектебіміздің оқушылары балалардың көңіл-күйін көтеру және жәрдем көрсету негізінде өздерінің арнайы дайындаған концерттік бағдарламарын көрсетіп,сыйлықтарын табыстады. Балалар бір-бірлерімен өте жақсы тіл табысып, тамаша сезімге бөленді.
