Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Бокстан ашық қала турнирі

2017 жылы ақпан айының 23-25 күндер аралығында Ауғаныстаннан Кеңес әскерлерін шығарылуының 28 жылдығына орай 2002-2003, 2004-2005 жылдары туған жасөспірімдер мен қыздар арасында бокстан ашық қала турнирі өтті. Турнирге Павлодар және Ақмола облыстарынан командалар қатысты. Бұл турнирге біздің мектептің бокс командасы қатысып, келесі нәтижелерге қол жеткізді:

   Аянбек Жанболат 33 кг салмақта – ІІІ орын;

   Урдабеков Авезхан 36 кг салмақта – ІІ орын;

   Қаббар Ақдаулет 44 кг салмақта – ІІ орын;

   Бухарбаева Дильназ 48 кг салмақта – ІІ орын;

   Бауыржанқызы Эльвира 50 кг салмақта – ІІІ орын;

   Нажмиденов Нұртілеу 54 кг салмақта – ІІІ орын;

   Жанболат Назерке 56 кг салмақта – ІІІ орын.

Оқушыларды жарысқа дайындаған директордың әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі орынбасары Сембай Кенжебайұлы Ақжоловқа алғыс білдіреміз.

Жеңіске жеткен оқушыларымызды құттықтаймыз!