«Алаштың асылы- ұлтының жасыны» атты облыстық оқушылар айтысы
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы мен мәдени-сауық қызметі орталығының ұйымдастыруымен Алаш партиясының және Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай 2017 жылдың 21 наурызында облыстық «Шаңырақ» орталығында «Алаштың асылы - ұлтының жасыны» атты облыстық оқушылар арасындағы ақындар айтысы өтті.
Мақсаты- ҚР Тәуелсіздігі үшін күрескен Алаш қайраткерлерін жырға қосу және осы күні өркениеттікке жеткен жетістігімізді, ЭКСПO -2017 мамандандырылған халықаралық көрмесін, Мәңгілік ел идеясын, Наурыз мейрамын жырға қосу.
Жыр додаға облысымыздағы білім ошақтарынан 7-18 жас аралығындағы 18 жас ақын жұптасып, өз өнерлерін сарапқа салды. Айтыста Алаш сыйлығының иегері Арман Қани бастаған ақындар қазылар алқасының құрамында болып, төрелік етті.
Айтыс қорытындысы бойынша, мектебіміздің 10-сынып оқушысы Жанбау Марғұлан І орын иегері атанды. Сонымен қоса, ерекше жетістіктері үшін 9-сынып оқушылары Әбдірайымов Ердәулет, Әлібек Архат, 10-сынып оқушылары Сарыбай Құдрет, Сейілхан Аманбол, 5-сынып оқушысы Сәулет Нұршапағат Алғыс хаттармен марапатталды. Аламан бәйгеде оза шапқан «Құлагерлерімізді» шын жүректен құттықтаймыз!

