Х Президенттік олимпиадасының аймақтық кезеңі
Республиканың барлық өңірлерінде 2017 жылғы 28 қыркүйек күні жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша 11-сынып оқушылары арасында Х Президенттік олимпиадасының аймақтық кезеңі бастау алды.
Ұстаздар мерекесі
29 қыркүйекте ұстаздар мерекесіне орай 11-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Өзін-өзі басқару» күні өткізілді.
«Мәңгі нұрдың қызметшісі - мұғалім» атты волейбол жарысы
28 қыркүйекте ұстаздар күніне арналған «Мәңгі нұрдың қызметшісі - мұғалім» атты волейбол жарысы өтті. Волейболға мұғалімдер командасы мен оқушылар командасы қатынасты.
Тіл апталығы
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2017-2018 оқу жылының 11.09-22.09 аралығында «Тілдер апталығы» шеңберінде «Ұлттық құндылық негізі- тіл» атты апталық өткізілді.
Гимназист күні
22 қыркүйек сағат 12.00-де мектебімізде 5-сынып оқушыларын гимназия оқушысы қатарына қабылдауға арналған «Гимназист күні» атты салтанатты жиын өтті.
«Күш сынасайық!» атты көңілді сөре
21 қыркүйекте 5-сыныптар арасында «Мәңгілік Ел» идеясын ұштастыру мақсатында «Күш сынасайық!» атты көңілді сөре сайысы өтті.
«Алаш арыстары» облыстық жас ақындар мүшәйрасы
20.09.2017 ж. С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Алаш арыстары» облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.
Дәстүрлі Оралхан Бөкей оқуларының қалалық кезеңі
Павлодар қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 30 мамырда өткен Дәстүрлі Оралхан Бөкей оқуларының қалалық кезеңіне мектебімізден 10-сынып оқушысы Оразбаев Марлен қатынасты.
Республикалық Мағжан оқулары
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында 2017 жылдың 23-24 маусым аралығында қазақ поэзиясының жарқын жұлдызы, алты алаштың ардақты ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау және жас ұрпақтың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету мақсатында Республикалық Мағжан оқулары өтті.
«М.Әуезов – әлем таныған тұлға» конференциясы
Еліміздің аяулы перзенті, бір туар азаматы, ұлттық әдебиетіміздің мақтанышы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына байланысты он төртінші қыркүйекте (14.09.2017) С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «М.Әуезов – әлем таныған тұлға» тақырыбында өткізілген конференцияға мектебіміздің 10-сынып оқушылары қатынасты.
