egov.kz электрондық үкімет сайтына арналған семинар сабақтар
2017 жылдың 6-10 қараша аралығында мектебімізде egov.kz электрондық үкімет сайтына арналған семинар сабақтар өтті. Мұғалімдер мен тәрбиешілерге және мектеп қызметкерлеріне сайттың мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы ақпарат берілді. Сайтты қолдау мақсатында мектебіміздің жоғарғы сынып оқушылары флешмоб көрсетті.
«Туған жер – алтын бесігім» атты жекпе-жек айтыс
Ақындық дарын – Алланың берген өнері, талант – табиғат сыйы. Ақынды қалыптастыратын – айтыс. Жас ақындарды қалыптастыруда өңіріміздің алатын орны зор.
16 қарашада мектебімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығының ұйымдастыруымен Семей және Павлодар қалаларының оқушылары арасында «Туған жер – алтын бесігім» атты жекпе-жек айтыс өтті. Айтысқа 10 оқушы (Семей қаласынан – 5, Павлодардан – 5) қатысып, 5 жұп құрады. Мектебімізден 11-сынып оқушылары Жанбау Марғұлан, Сарыбай Құдірет, 10-сынып оқушысы Абдраимов Ердәулет, 5-сынып оқушысы Асығатұлы Шыңғыс қатысты. Аламан бәйге нәтижесі бойынша екі қаланың жас айтыскерлерінен құралған топтар өзара жекпе-жек айтыста тепе-тең түсті.
«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы
2017 жылдың 8-9 қараша күндері Алматы қаласы «Алатау» шипажай базасында жалпы орта білім беру және мамандандырылған білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы өтті. Конкурсқа мектебімізден 3 мұғалім қатысты: математика пәнінің мұғалімі Абитаева Г.К., тарих пәнінің мұғалімдері Сәрсенов Т. М. пен Мұхтар Д.Б. Республикалық конкурс қорытындысы бойынша тарих мұғалімдері Сәрсенов Төлеген Мамрасылұлы мен Мұхтар Дастан Бекболатұлы - ІІ орын жүлдегерлері.
Облыстық көптілділік олимпиадасы
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2017 жылғы 30 қазанда 9-11-сынып оқушыларының арасында өткізілген облыстық көптілділік олимпиадасының қорытындысы бойынша 10-сынып оқушысы Наурызбай Гүлмәркен - ІІ орын, 9-сынып оқушысы Тлектес Абай - ІІІ орын жеңімпазы. Олимпиада 2 турда өткізілді: жазбаша және ауызша.
Олимпиадаға оқушыларды дайындаған ұстаздар Абаева А.Т., Саденова О.Б., Бекенова Қ.Қ., Мұхаметжанова Р.Ж., Байдарбесова Қ.М. және ата-аналарға Алғыс хаттар табыс етілді.
Математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің V Халықаралық шығармашылық байқауы
2017 жылдың 1-2 қарашасы аралығында мектебіміздің информатика пәнінің мұғалімі Солтаналинов Қайрат Идрисович Алматы қаласында өткен математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің V Халықаралық шығармашылық байқауына қатынасып, жүлделі ІІ орынды иеленді.
«Зерде» облыстық ғылыми жобалар байқауы
2017 жылдың 3 қарашасында №25 мектепте 1-7-сынып оқушылары арасында өтетін республикалық «Зерде» ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Мектебімізден бірнеше оқушылар іріктеу кезеңінен өтіп, облыстық кезеңге қатысқан болатын. Байқаудың қорытындысы бойынша ІІІ орын жүлдегерлері: математика бағыты бойынша 6 «в»-сынып оқушылары Камшатова Камшат, Тлеугабыл Жанель(жетекшісі: Танатова А.С.), 6 «а»-сынып оқушысы Минекеева Аделя (жетекшісі: Абитаева Г.К.), информатика бағыты бойынша 6-сынып оқушысы Еламан Әлімжан (жетекшісі: Тлеулесова А.А.), биология бағыты бойынша 7 «б» -сынып оқушысы Калиев Дәулет (жетекшісі: Букурова С.Б.)
ІІ орын жүлдегерлері: қазақ тілі мен әдебиеті бағыты бойынша 7 «б»-сынып оқушысы Айтқалы Риза (жетекшісі: Қайрат А.Қ.), өлкетану бағыты бойынша 5 «ә»-сынып оқушысы Шарупич Дарья мен 6 «б»-сынып оқушысы Сәулет Нұршапағат(жетекшісі: Мұхтар Д.Б.), 7«ә»-сынып оқушысы Люлят Асылтан мен Жанат Арай (жетекшісі: Сарсенов Т.М.), этномәдениеттану бағыты бойынша 7 «а»-сынып оқушысы Олжатай Нұрсая мен 6 «б»-сынып оқушысы Төкен Асылхан, биология бағыты бойынша 6 «б»-сынып оқушылары Шпекова Жадыра мен Мұхамедқан Алтынай (жетекшісі: Асанова Ш.Ж.).
Жүлдегер оқушыларымызды және жетекшілерін бүгінгі жеңістерімен құттықтаймыз!
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» атты облыстық конкурсы
2017 жылдың 3 қарашасында мұғалімдер мен оқушылар арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына деген ғылыми және тәжірибелік қызығушылықтарын дамыту, инновациялық және шығармашылық ақпараттық идеяларды, талантты мұғалімдер мен оқушыларды қолдау мақсатында №16 лицей-мектебінде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» атты облыстық сайыс өтті. Сайысқа мектебіміздің 6, 7 және 11-сынып оқушылары қатысты. Нәтижесінде «Оқыту пpoцeciн бағдарламалық қамтамасыз ету» бағыты бойынша 11 «б»-сынып оқушысы Ғазизов Зейнолла (жетекшісі: Кенжебаева Д.К.) І орын жүлдегері болса, 6-сынып оқушысы Еламан Әлімжан «Бағдарламашы оқушы» номинациясын иеленді (жетекшісі: Тлеулесова А.А.). «Lego-мен жасалған робототехника жобалары» бағыты бойынша 11 «а»-сынып оқушылары Смаилханов Айбат пен Исеев Адиль (жетекшісі: Солтаналинов К.И.) І орын жеңімпазы атанды.
Жүлдегер оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Биік белестерден көріне беріңіздер!
«Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» тақырыбындағы қалалық конкурс
2017 жылғы 27 қазан күні Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Тілдерді қолдану мен дамытудың 2017 жылға арналған қалалық іс-шаралар жоспары шеңберінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті, сондай-ақ С.Торайғыровтың шығармаларын жұртшылық арасында насихаттау мақсатында «Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» тақырыбында қалалық конкурсы өтті. Конкурсқа мектебімізден 11 «б»-сынып оқушысы Токибаева Лаура қатынасты. Конкурс нәтижесінде Лаура «Асау жүрек» номинациясымен марапатталды.
Ата-аналар жиналысы
28 қазан күні мектебімізде ата-аналар жиналысы болды. Жиналыс екі кезеңді қамтыды. Алдымен әр сынып кабинетінде ата-аналар жиналысы өтті. Кейін әр ата-ана өз балаларының І тоқсандағы оқу үлгерімі мен білім сапасының деңгейін біліп, балаға қай қырынан көмектесу мақсатында пән мұғалімдерімен жеке әңгімелесті. Мектебіміздің ата-аналары үшін ұйымдастырылған дәстүрден тыс жиналыс түріне ата-аналар да, мұғалімдер де белсенді қатынасты.
«Керегесі білімнен, шаңырағы бірліктен құралған білім ордасы»
27 қазан күні мектебімізде «Педагог-тәрбиешінің кәсіби құзіреттілігін дамытуды тиімді басқару» курс тыңдаушыларына семинар өтті. Семинарға келген мұғалімдерге арнап мектебіміздің «Мүшәйра» жас ақындар үйірмесі, «Қос ішек» домбыра, «Алау», «Әуен» вокал, «Айжан қыз» би үйірмелерінің өрендері өнерлерін көрсетті. Мектепте жұмыс жасайтын үйірмелердің жұмыстарымен танысып, оқушылар жатақханасына, мектеп кітапханасына, шахмат кабинеттеріне экскурсия жасады. Семинарға келушілер 6«б»-сыныбында «Ата-ананың парызын өтеу – сенің қарызың» (тәрбиешісі: Исина Ж.М.) және 8 «б»-сыныбында «Рухани жаңғыру – жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік» (тәрбиешісі: Бексолтанова Р.Р.) тақырыбындағы ашық тәрбие сағаттарына қатынасты.
