Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы

    2017 жылдың 8-9 қараша күндері Алматы қаласы «Алатау» шипажай базасында жалпы орта білім беру және мамандандырылған білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы өтті. Конкурсқа мектебімізден 3 мұғалім қатысты: математика пәнінің мұғалімі Абитаева Г.К., тарих пәнінің мұғалімдері Сәрсенов Т. М. пен Мұхтар Д.Б.

     Республикалық конкурс қорытындысы бойынша тарих мұғалімдері Сәрсенов Төлеген Мамрасылұлы мен Мұхтар Дастан Бекболатұлы - ІІ орын жүлдегерлері. Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша Павлодар облысы педагогтерінің командасының үздік деп танылуына білікті де білімді әріптестеріміздің үлесі бар екені анық. Конкурстың жеңімпаздары қатарынан көрінген жас ұстаздарымыздың авторлық бағдарламалары республикалық жинақта жарияланып, дарынды балаларды оқытудағы оқу-тәрбие үдерісінде қолданылатын болады.

     Біз, мектеп ұжымы, жас ұстаздарымызды жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!