Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«Әкем, анам және мен» атты отбасылық сайыс

10 ақпан күні мектебімізде Павлодар облысының 80 жылдығы және Астанамыздың 20 жылдығына орай   6-сыныптар арасында «Әкем, анам және мен» тақырыбында отбасылық сайыс өткізілді. Бұл отбасылық сайысқа Дауеновтер, Арыстановтар, Жұмановтар, Еламановтар отбасы қатысып, бақтарын сынап, белсенді қатысты. Отбасылық сайысымызды қорытындылай келгенде,  Арыстановтар отбасы 1-орынды иеленді.  Жұмановтар отбасы 2-орынға ие болса, Дауеновтар отбасы 3-орынды қанжығаларына байлады. Еламановтар отбасы «Белсенді отбасы» аталымына ие болды. Мадақтама грамотасымен мадақталып, әр отбасыға сыйлықтар табыс етілді. Отбасылар арасында тартысқа толы сайыс ойдағыдай өтті.

Шараны дайындаған: Мусабекова А.К., Жаңбырбай А.Т., Байжырыкова С.К.

Толығырақ

«Дарабоз» танымдық сайысы

2017 жылдың 8 ақпанында 7-сыныптар арасында «Дарабоз»  танымдық сайысы өтті. Оқушыларды  туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру мақсатында өткен сайысқа оқушылар белсене қатысты.  «Дарабоз» сайысы  V кезеңнен тұрды: 1-кезең: «Сәлем-сөздің атасы»; 2-кезең: «Кім, жылдам?»; 3-кезең: «Полиглот»; 4-кезең: «Сәйкестендіру»; 5-кезең: «Бәйге». Жарысқа қатысқан «Жасұлан», «Жасқыран», «Сұңқар» топтары өз құрамын таныстырып,  ұрандарын айтып, сайыс кезеңдерінде ерекше қызығушылық танытты.  

                                                                                                             Жауапты: тәрбиеші Таңсамалы Серікбаева

Толығырақ

Әскери-қолданбалы спорт түрлерінен облыстық жарыс

Ауғанстаннан әскерлердің шығарылғанына 29 жыл толуына орай әскери-қолданбалы спорт түрлерінен дарынды мектептер арасында облыстық жарыс өтті

Толығырақ

«Жарқын болашақ» Х республикалық «Білім-инновация» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі

     2018 жылғы 8  ақпанда  Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында «Жарқын болашақ» Х республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Мектебімізден әр бағыт бойынша 5 оқушы қатысты. Нәтижесінде, «Әнші бұлбұлдар» бағыты бойынша 8«б»-сынып оқушысы Тлеубек Ерқанат (жетекшісі Ризабек Жанұзақұлы),  «Тілші-әдебиетшілер» бағыты бойынша 11«б»-сынып оқушысы Бәкібай Толғанай (жетекшісі Касыбаева Майра Бағдатқызы) ІІІ орынды иеленді.

     Жүлдегер оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз.

Толығырақ

Рухани жаңғырудың жарқын жолы

31 қаңтар күні  мектеп мәжіліс залында сағат 15.00-де «Адал ұрпақ» ұйымының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» тақырыбында 7-10-сыныптар арасында конференция өтті. Оқушыларға видеороликтер көрсетілді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабы таныстырылды. Тарих пәнінің мұғалімі Т.М.Сарсенов елбасымыздың жаңа туындысында егеменді мемлекетіміздің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері жайлы жазылғанына егжей-тегжейлі шолу жасады. Сонымен қатар кітапта «қазақстандық даму үлгісінің» табиғаты мен оның эволюциясы, басты ұстанымдары мен қозғаушы күштері сараланғандығын әрі  Отанымыз Қазақстанды жаңғыртудың үш толқыны кеңінен ашып көрсетілгендігін атап өтті.

Жауапты: тәрбиеші Жамалиденова Гашура Шакитовна.

Толығырақ

Павлодар облысының 80 жылдық мерейтойына арналған тәрбие сағаттары

27 қаңтар күні мектебімізде Павлодар облысының 80 жылдық мерейтойына арналған «Менің мақтанышым – Павлодар», «Туған өлкеге тағзым», «Менің Павлодарым», «Туған өлкем», т.б. тақырыптарда 5-10-сыныптар арасында ауызша журнал, конференция, пікір алмасу, т.б. формаларда тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушылар облысымыздың тарихымен танысып, тәуелсіз еліміздің тұғырын биіктетуде ерекше орын алатын аймақ екенін танып білді.

Толығырақ

Павлодар облысының 80-жылдығына орай өткізілген 5-сыныптар арасында «Көңілді старт» эстафеталық жарысы

25 желтоқсан күні Павлодар облысының 80 жылдығына орай 5-сыныптар арасында «Көңілді старт» эстафеталық жарысы өтті. 
Сайыс 8 кезеңнен өтті: 1-кезең «Эстафета», 2-кезең «Аралас эстафета», 3-кезең «Бақа», 4-кезең «Пингвин», 5-кезең «Кедергілер», 6-кезең «Үлкен эстафета», 7-кезең «Ханталапай» /Команда капитандары жарысы/, 8-кезең «Арқан тартыс». 
Нәтижесінде «Жеңіс» командасы (5«ә») - «Жүзден - жүйрік», «Дарабоз» командасы (5«б»,«в») - «Күштілер мен батылдар» номинациясымен марапатталды. Жауапты: тәрбиеші Кенжебаева Д.К.

Толығырақ

Керегесі білімнен, шаңырағы бірліктен құралған білім ордасы

     2018 жылғы 24  қаңтарда  «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы оқу-әдістемелік кеңесінің кеңейтілген отырысының қатысушылары мектебімізге келді. Мектепке келген қонақтарды жас ақын 11-сынып оқушысы Жанбау Марғұлан арнауымен қарсы алды. Қонақтар «Ұстаздар даңқы» мұражайына, оқушылар жатақханасына, мектеп кітапханасына, оқу кабинеттеріне экскурсия жасады.  Мектеп мұғалімдері дарынды оқушылармен жұмыс түрлері, жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде әдістемелік жұмыстар, көптілді оқыту тәжірибесімен (ағылшын тіліндегі биология сабағы), олимпиадалық зертхана жұмыстарын таныстырды. Мектеп спортзалында «Көңілді старт» эстафеталық жарысы (5‑сыныптар арасында) өтті. Мектеп мұғалімдерінің, оқушылардың жетістіктері мен оқушылардың қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды. Кеңейтілген кеңеске келген мұғалімдерге арнап мектебіміздің «Мүшәйра» жас ақындар, «Қос ішек» домбыра, «Алау», «Әуен» вокал, «Айжан қыз» би үйірмелерінің өрендері өнерлерін көрсетті.

Толығырақ

«Бала шабыты» Халықаралық конкурстық жобасының бірінші өнер байқауында ІІ орын

2018 жылғы 19-20  қаңтар  аралығында  Астана қаласында өткен  «Бала шабыты»  Халықаралық конкурстық жобасының бірінші өнер байқауында(10-12 жас аралығы) «Эстрада вокалы» номинациясы бойынша 6-сынып оқушысы Серғазы Азиза ІІ  орынға ие болды. Жетекшісі Қорабай Ризабек Жанұзақұлы балаларға өнер жолын ашып, жас дарындарды тәрбиелеп, ел мәдениетінің және рухани қазынасының дамуына зор үлес қосқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Азизаны және жетекшісі Ризабек Жанұзақұлын жеңістерімен құттықтаймыз.  

 

Толығырақ

47-қалалық спартакиада бағдарламасында волейбол бойынша ІІ орын

     2018 жылғы 15-17  қаңтар  аралығында  №6 мектепте өткен  Павлодар қаласында жалпы білім беру мектеп оқушыларының 47-қалалық спартакиада бағдарламасында волейбол бойынша (ІІ лига қыздар тобы)  Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық  қазақ гимназия-интернатының командасы ІІ  орынға ие болды.

     Волейболшы қыздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз.

 

Толығырақ