Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«Мейірімділікті анадан үйрен!» атты тәрбиелік‑танымдық сұхбат кеші

     2018 жылдың 2 наурыз күні мәжіліс  залында қоғамдағы ананың орнын түсіну әрі аналарды құрметтеу арқылы туған  жерге деген сүйіспеншілікті арттыру  мақсатында  Павлодар қаласындағы республикаға танымал «Нұр - Ана әлемі» қоғамдық бірлестігі мүшелерімен мектептің жоғары сынып қыздары  арасында  «Мейірімділікті  анадан  үйрен!» атты тәрбиелік‑танымдық сұхбат кеші өтті. Қатысқандар: 7,8,9,10‑сынып қыздары, ұстаздар мен  ата-аналар.

     Кешті жас маман Букурова Салтанат Болатовна мен 10-сынып оқушысы Гүлнар Жанболат жүргізді. Кездесу кешіне «Нұр - Ана  әлемі»  қоғамдық  бірлестігінің  жетекшісі  Максилова Бақытжамал  Шаханқызы мен Алпысбек  Нұр  Әлімғалықызы келді.

     «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп халқымыз айтқандай, рухани құндылықтарды насихаттап жүрген ардақты аналар кештің көркін кіргізіп, тақырыпты танымды толғаныстарымен талқылап, салиқалы ақыл-кеңестерін ортаға салды.

     Аяулы аналардың құрметіне «Айжан қыз» би тобының бишілерінің орындауында «Қазақ биі», жас толқын өнерлі оқушылардың орындауында әннен шашу шашылды.

     Осы іс-шараның өтуіне  5 "а"-сынып ата-аналарының да қосқан үлестері зор болды.

Толығырақ

"Анаға қарап қыз өсер" атты сайыс

Бүгін гимназиямызда 8-наурыз мейрамына орайластырылған "Анаға қарап қыз өсер" атты сайыс ұйымдастырылды. 6-7 сыныптар арасында өткен сайыстың жеңімпазы болып 7-сынып оқушысы Бекмұxамбет Фариза мен анасының жұбы танылды. Осындай қызықты іс-шара ұйымдастырған ұстаздарымыз бен белсене қатысқан ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!

Толығырақ

Miss Altynsarin–2018

1 наурыз күні 16:00-де "Miss Altynsarin–2018"сұлулар сайысының жеңімпазы  анықталды. Сайыс 6 бөлімнен тұрды: 1) Таныстыру (бейне-роллик 1 минут); 2) Дефиле; 3) Өнер көрсету; 4) TEDx форматында берілген уақыт ішінде шешендік қабілетін таныту; 5) Сұрақ-жауап; 6) Үй-жұмысы. Сайыстың нәтижесінде:
1."Мисс Алтынсарин–2018" – Марат Аймера;
2."Бірінші вице-мисс" – Кабиденова Аруана;
3."Екінші вице-мисс" – Касенова Даяна;
4."Үшінші вице-мисс" – Бекмұxамбет Гүлзат;
5."Көрермен көзайымы" – Бектемір Ділнaз;
6."Өнерлі Ару" – Арынова Даяна;
7."Көрікті Ару" – Каирова Аяулым.

Толығырақ

МИФ апталығы

Ақпанның 19-23 аралығында математика, информатика және физика пәндер апталығы өтті. Апталықтың мақсаты: математика, информатика, физика пәндері бойынша оқушылардың қызығушылықтарын ояту. өзара ынтымақтастыққа, топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу, тапқырлыққа, шапшаңдыққа дағдыландыру.   Апталық шеңберінде 6-сыныптар арасында "Кубик-Рубик" сайысы (жауапты: Назриденов С.Н.), 8-11 сынып арасында математикалық сайыс (жауапты: Булатов Д.А.), 5-сыныптарға информатика пәнінен "Инфобілгірлер" сайысы (жауапты: Кенжебаева Д.К.), 9-сыныптарға математикадан "Квест" ойыны (жауапты: Танатова А.С.) өтті. 8-сыныптар физикадан "Темірдің жылу меншікті жылу сыйымдылығын табу" атты зертханалық жұмыс жасады, мұғалімдерге "ActivInspire мүмкіндіктері" атты семинар өтті. 5 "ә" сыныбында математикадан, 7 "а" сыныбында физикадан үш тілде ашық сабақ өткізілді.

Толығырақ

Astana Grand Festival

2018 жылдың 23-24 ақпанында  Астана қаласында өткен IV Халықаралық “Astana Grand Festival” конкурс-фестиваліне мектебімізден 6 «б»-сынып оқушысы Қанатұлы Даниял І орынды қанжығасына байласа, 8 «б»-сынып оқушысы Касенова Даяна - ІІІ орынның жеңімпазы. Астана сахнасын өнерімен тамсандырған өнерлі өрендерімізді алған асуларымен, жүлделі орындарымен құттықтаймыз.

Толығырақ

«Мамандық таңдау – келешекті таңдау»

2018 оқу жылының 23 ақпанында  9 «б»-сынып оқушыларының қатысуымен «Мамандық таңдау – келешекті таңдау» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Оқушылар он кезеңнен тұратын тәрбие сағатына белсенділік танытты. «Мен мамандық таңдаймын»  атты бейнероликте өздері берген сұхбатты тамашалап,  алған әсерлерін ортаға салды. «Кәсіби бағдар» ойынында оқушылар аталған мамандықтардың сыныптастарының ішінде кімге үйлесетінін анықтап, өзіндік көзқарасын, пікірін дәлелмен жеткізді. Жауапты: 9 "б"-сынып тәрбиешісі Жармағамбетова Д.Қ.

 

Толығырақ

Бокстан жасөспірімдер арасындағы Павлодар облысының чемпионаты

2018 жылғы ақпан айының 13-17-сі аралығында бокстан 2004-2005 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы Павлодар облысының  чемпионаты өтті.

Толығырақ

«Спорт- сенің серігің»

2018 жылдың 16 ақпан күні 7-сыныптар арасында «Спорт - сенің серігің»  тақырыбында  көңілді старт  эстафеталық жарысы өтті. 2018 жылғы қысқы олимпиададан бейнебаян көрсетілді.

Сайыс 5 кезеңнен өтті:

1- кезең:  «Эстафета таяқшамен жүгіру.

2- кезең: «Кім епті» /хоккей/.

3-кезең: «Тарақан жүрісі».

4-кезең: «Кедергілерден өтіп, тапсырмаларды орындау».

5-кезең: «Арқан тарту».

Нәтижесінде,  «Желаяқтар» командасы (7«а»-сынып) – І орын,  «Бірлік» командасы(7 «б»-сынып)  – ІІ орын, «Қыран» командасы (7 «ә»-сынып) -  ІІІ орынмен марапатталды.

Толығырақ

Республикалық ғылыми жобалар сайысының жүлдегерлері

2018 жылдың 13–16 ақпан аралығында Алматы қаласында  өткізілген республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңінде Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған  облыстық қазақ гимназия-интернатының 9,11-сынып оқушылары Мұхаметқан Әдия, Жанбау Марғұлан ІІ орын (жетекшісі: Мұхтар Д.Б.), 10-сынып оқушысы Әмірқұмар Медхат ІІІ орын (жетекшісі: Бекенова К.К.) иеленді. Шәкірттеріміз бен ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жұлдыздарыңыз жарқырай берсін!

Алматы қаласында өткен Республикалық ғылыми жобалар сайысы

Толығырақ

Құқық бұзушылық және жасөспірім

2018 жылдың 15 ақпанында мектебімізде жасөспірімдердің қоғам және ата-ана алдындағы міндетін, жауапкершілігін кеңінен дәріптеу мақсатында «Құқық бұзушылық және жасөспірім» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге 6,7,8-сынып оқушылары қатысты. Мектеп инспекторы, полиция капитаны Қайрат Серікұлының оқушыларға арнайы әзірлеп әкелген ақпаратына мектеп оқушылары бірнеше сұрақтар қойып, кездесу кешінде белсенділік танытты.

Жауапты: 6«ә»-сынып жетекшісі Берсугурова А.А.

Толығырақ