World Robot Olympiad-2018 роботтехника олимпиадасының желілік кезеңі
2018 жылғы 28 сәуір күні Назарбаев зияткерлік мектебінде World Robot Olympiad-2018 роботтехника олимпиадасының желілік кезеңі өткізілді. Біздің мектептен үш команда қатысып, екеуі жеңіске жетті.
«Ғаламтор және әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны» атты пікірталас
28.04.18 ж. күні 8 «б» сыныбында өтті
Қолөнер бұйымдарын жасаудан облыстық байқауы
Бүгін Павлодар облысы білім беру басқармасының ұйымдастыруымен М. Катаев атындағы оқушылар сарайында, Елбасының "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында қолөнер бұйымдарын жасаудан облыстық байқау өтті!
Аталмыш байқауда біздің гимназия шәкірттері Киіз бастыру технологиясын және қой жүнінен заманауи сыртқы киім үлгілерін жасап көрсетті. Нәтижесінде 7 "ә" сынып оқушысы Темірболат Аружан және 5 "ә" сынып оқушысы Жиксимбай Айша І орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды! Жеңіске жеткен оқушыларымызды, ұстаздарын, ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз!
VII қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен М.Ж.Байғалова атындағы олимпиада
Гимназиямызда VII дәстүрлі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен М.Ж.Байғалова атындағы олимпиада мәресіне жетті. Биылғы жылғы олимпиада V бағыт бойынша өтіп, жалпы саны 160-тан астам оқушы қатысты.
5-8 сыныптар арасында өткен дәстүрлі олимпиаданың жабылуына Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, ардагер ұстазымыз Мапруза Жармағанбетқызы Байғалова өзі қатысып, гимназия шәкірттеріне батасын берді.
«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампаниясын өткізуге арналған тәрбие сағаттары
26 сәуір күні мектебімізде «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампаниясын өткізу бойынша 5-11 сыныптар арасында «Қауіпсіз интернет», «Интернет дегеніміз не?» , «Интернет және біз» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді.
5-сыныпқа қабылдау
Құрметті ата-аналар!
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-гимназия-интернатының 2018-2019 оқу жылына қабылдау емтиxаны да жақындап қалды.
Конкурстық іріктеуге қатысуға тіркеу 10.05.18 дейін жалғасады.
Қажетті құжаттар:
- конкурсқа қатысу туралы ата-ананың өтініші; - үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- үміткердің ЖСН нөмірінің көшірмесі;
- оқудағы жетістіктерін анықтайтын тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілген талапкердің сертификат, дипломдарының көшірмесі;
- үміткердің 3*4 көлеміндегі 2 фотосуреті.
ЕМТИХАН КҮНІ АЛДАҒЫ КҮНДЕРІ ХАБАРЛАНАДЫ.
Өткізу орны: Павлодар қаласы. Айманов көшесі, 35.
Байланыс телефоны: 64-28-35, 64-28-36.
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі
2018 жылдың 21 сәуірінде мектебімізде Наурыз мерекесі аталып өтті. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін халқымыз ежелден қадір тұтып, 40 күн бойы тойлаған. Наурыз – жақсылықтың жаршысы, бәріміз асыға күткен шырайлы көктеммен келетін жыл басы. Наурыз – достық пен бірліктің мерекесі. Мектеп оқушылары, ата-аналар, ұстаздар ұжымы белсене ат салысты. Мектеп ауласына киіз үй тігіп, ұлттық үлгідегі бай дастарқан жайылып, әсем ән шалқыды, әсем күй төгілді, бишілер би биледі.
"Ақберен" Республикалық байқауы
6-18 наурыз күндері облысымызда тұңғыш рет 8-11 сыныптар арасындағы оқушылардың ақындығы мен шешендігі сыналатын "Ақберен" Республикалық байқауы өткен болатын.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас дарындарға Аманжол Әлтай, Жанат Әскербекқызы сынды белгілі ақындар ғалымдар төрелік етті. Бұл сайыста да гимназия намысын арқалаған оғландарымыз намысты қолдан бермеді! Нәтиже келесідей:
- Ақындар мүшәйрасы бағытында - Ердәулет Абдираимов (І орын);
- Көркем сөз бағытында - Марлен Оразбай (ІІІ орын);
- Шешендік өнер бағытында - Жанбау Марғұлан (Қ.Ясауи университетінің білім гранты);
- Ақындар айтысы бағытында - Құдірет Сарыбай (Құрмет Грамотасы).
Облыс намысын абыроймен қорғаған шәкірттеріміз бен ұстаздарын, ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз!
Ақын Аманжол Дүйсенбайұлы Әлтаевпен кездесу
2018 жылдың 17 сәуірі күні Павлодар қаласындағы оқушылар сарайында республикалық айтыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, танымал айтыскер ақын Аманжол Дүйсенбайұлы Әлтаевпен мектебіміздегі жас ақындар тобы кездесуге барды. Исі қазақ өңіріне белгілі, айтыс өнерінде өзіндік стилі, поэзияда өз өрнегі бар ақын Аманжол Әлтаев айтыс өнеріне қалай келгенін айтып берді. Кездесуге келген оқушыларымыз ақынға жан-жақты сұрақ қойып, сұрақтарына тиісті жауап алды. Айтулы ақын айтыста жеңіске жетудің сыры – еңбекте, білімде екенін айтып, жастарды туған елге, ұлтына адал қызмет атқаруға шақырып, өнегелі әңгімелерімен бөлісті. Жалынды жырларын оқып, домбырамен ән шырқады. Көрермен қауымды ақын өлеңдері өзіндік ерекшелігімен, қаламгерлік шеберлігінің кемелдігімен таңдандырады.
