Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында дебат

     27.04.18 ж.  күні 8 «а» сыныбында «Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында дебат түріндегі ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты –  бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту; интернет туралы толық ойы мен тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру; сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу.

     Сабақта сұрақ-жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/ әдістері қолданылды. Тәрбие сағатын бастамас бұрын оқушыларға бейнеролик көрсетілді. Осы бейнеролик арқылы сабақтың тақырыбын ашып, мақсатымен таныстырдым. Сабақ  дебат түрінде екі топқа бөлініп өтетіні жөнінде айтылып, әділқазы сайланды. Әрі қарай сабақты екі оқушы – Ахмедеева Лиана мен Дауенова Дильназ жүргізетіні таныстырып өтілді. Жүргізушілер екі «Ғаламшар» мен «Мұрагер»  тобын таныстырып өтті. Олардың жақтаушыларын ортаға шақырып, пікірталас шарттарымен таныстырды:

  1. екі топ өз ойларын ортаға салады, регламент – 3 мин
  2. сұрақ-жауап кезеңі
  3. спикерлердің қорытындысы

4.әділқазылардың қорытынды сөзі.

     Әр топ спикерлері кезектесіп интернеттің біреуі пайдасын айтса, ал екіншісі оған қарсы зиянын айтып пікір таластырды. Мысалы, «Ғаламшар» тобы: интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады; Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға; Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;  Ал, «Мұрагер» тобы: Интернеттегі онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін!

     Сабақтың соңында оқушылармен «Бес саусақ» жаттығуы бойынша қорытынды жасалды. Барлық балаларға осы тәрбие сағаты ұнады. Осы дебатқа барлық оқушылар белсенді қатысты. Сабақтың соңында көңіл-күйлері өте жақсы болды. Әсіресе  қойылған сұрақтарға белсенді жауап берді. Сондықтан интернетті меңгеруіміз керек деп, интернетті білмеген заман көшінен қалды деп,таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық  екеніне көзіміз жетті. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп,жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп,ал зиянынан сақтану керек. Тәрбие сағаты өз мақсатына жетті.