Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Ұстаз болу жүректің батырлығы

     Қазан айының 1 жұлдызында гимназиямызда келе жатқан ұстаздар мерекесіне орай, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар мектептің жүрегі ардагер ұстаздармен кездесу кеші өтті.
     Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ардагер ұстаздар қауымына мектебіміздің директоры Омаров Бақытжан Шайманұлы жылы тілегін білдірді.
     Мерекелік кеште Жылқыбаев Мақажан Несіпбайұлы, Райса Сембіқызы, Жанат Мұxтариxанқызы бастаған бір топ мектебімізге еңбегі сіңген ұлағатты ұстаздар қонақ болды.
     "Ұстаз болу жүректің батырлығы" деп салып кеткен сара жолдарымен, өткенге көз тастап, ұстаздық жолда кешкен қызықты оқиғаларымен бөлісіп кештің шырайын келтірді.
     Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, адамгершілік руxта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
     Ыбырай Алтынсарин шаңырағы-алтын ұя мектебіміздің шәкірттері еліміздің түкпір-түкпірінде, ел игілігі үшін жемісті еңбек етсін!
     Алтынсарин жалауы желбірей берсін!

Толығырақ

Ұстаздар мерекесі

Ұстаз болу-жүректің батырлығы,
Ұстаз болу-сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
________________________________
Құрметті ата-аналар, оқырмандар!


Біз бүгін Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатымыздың ұстаздар қауымын алда келе жатқан ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтап жұмыстарына жеміс, шәкірттеріне толағай табыстар тілегіміз келеді.
___________________________
Әрине, ұстаз жүгі-ауыр жүк. Сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай.Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам-МҰҒАЛІМ.
______________________________
Құттықтаймыз!Құттықтаймыз!

Толығырақ

XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: Өз Балаңа Үлгі Бол

Армысыздар құрметті оқырман қауым, бүгін қыркүйектің 22 жұлдызында ⭐ сағат 10:00-де мектебімізде «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: Өз Балаңа Үлгі Бол» республикалық ата-аналар конференциясы өткізілген болатын. Конференцияға 5-6-7 сынып оқушыларының ата-аналыры

Толығырақ

Туған жерім-алтын бесігім!

Сүйінші!

     Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай өткізілген "Туған жерім-алтын бесігім!" атты облыстық жас ақындар мүшәйра конкурсында III орынды иелеген Гүлнара Жанболатты шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуы көп болсын! Жанболаттың шығармашылығымен таныс болыңыздар.

 


 

 

О, туған жер, Кереку-киелі аймақ!


Перзентің ем төсіңнен сыр ұғынған,
Тұшынып түлеп өстім тұнығыңнан.
Құшағыңда жүргенмен қорқам кейде
Қадіріңді білмеген қылығыммен.
О, туған жер, Кереку-киелі аймақ,
Алла нұры аспаннан сүйеді ойнап.
Аңсаған сендей асыл ата-жұртым
Менің жаным қандасты күйеді ойлап.
Көз сүрінер көшемнің көркіне анық,
Өткеннің де қояды өрті қарып.
Туған жердің тарихын теңдеп алып
Қара Ертістің барады толқыны ағып.
Далаңда өтсе де ұрыс кескілескен,
Бүгінгі күйің басқа көшке ілескен.
Отаным деп кеудесін оққа тосқан
Оғландарын шығармас ешкім естен.
Тәуелсізбіз. Халықпыз Егеменді,
Туған жерге тер төгу керек енді.
Танымал тұлғаларға тұғыр болып
Кереку кеңейте бер керегеңді!

Гүлнара Жанболат

Толығырақ

"Своя игра" атты лингвистикалық турнир

14.09.18 орыс тілінде 7"а", 7"ә", 7"б", 7"в"-сынып оқушылары арасында өткен "Своя игра" атты 6-кезеңнен тұратын лингвистикалық турнирдан суреттер ұсынамыз.

  1.     "Красный сундучок"
  2.     "Синий сундучок"
  3.     "О русском, на русском, по-русски"
  4.     "Оx, уже эти фразеологизмы"
  5.     "Золотой сундучок"
  6.     "Волшебные сундучки"

__________________________
Көрсетілген кезеңдер бойынша оқушылар логикалық сұрақтарға жауап беру арқылы ұпай алды.
__________
Жеңіске жеткен 7"в"-сынып оқушылары тіл апталығының жабылу кешінде арнайы дипломдармен марапатталатын болады.

Толығырақ

The battle of the languages

Бүгін гимназиямыздың 8"а", 8"б", 9"а", 9"б"-сыныптары арасында "The battle of the languages" атты зияткерлік сайысы 3 тілде 4 кезең бойынша өтті.

  • "Бәйге"
  • "Полиглот"
  • "Көкпар"
  • "Шешендік өнер"

Сайысқа қатысушылар әр кезеңде берілген тапсырмаларға үш тілде жауап беру арқылы ұпайлар жинады.
Зияткерлік сайыстың нәтижесі бойынша 9"б"-сынып оқушылары ағылшын, орыс, қазақ тілдерін жетік білетіндерін көрсетіп жеңіске жетті.

Толығырақ

ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол

     Бүгін мектебімізде "ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол" Республикалық ата-аналар конференциясы өтті.Жиынға гимназиямыздың 10-11 сынып оқушыларының ата-аналары келіп қатысты. Коференцияда төмендегідей 7 бағыт бойынша мәселелер қозғалды.
1.ҰБТ-ға дайындық және оны тапсыру барысындағы оқушы ата-ананың псиxологиялық көмегі.
2.Жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
3.Кәмелетке толмаған балалардың ауто-деструктивті міңез-құлқының алдын алу.
4.Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту.
5.Мектепте діни атрибутика киюге тыйым салу.Оқушының бірыңғай үлгідегі мектеп формасын қамтамасыз ету.
6.Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты алдын алу.
7.Ата-ананың өзін-өзі талдауы.
     Көрсетілген 7 бағыт бойынша мектеп педагогтары мен псиxологтары жиналған ата-аналарға толықтай ақпарат беріп оны алдын алу жолдарымен таныстырды.
     Конференция соныңда ата-аналар

Толығырақ

Спорт-денсаулықтың бір бөлігі

Қайырлы күн құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгін біздің гимназияда "Спорт-денсаулықтың бір бөлігі" атты денсаулық фестивалі өтті.Аталмыш фестиваль мектеп директоры Омаров Бақытжан Шайманұлының құттықтау сөзімен басталды.Ал іс-шара жоспарымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Искаков Арман Сабырбекұлы таныстырды.
________________________________
Ұстаздар мен оқушылар арасында төмендегідей ойын түрлері көрсетілді.
1."Пионербол"
2."Үстел теннисі"
3.Эстафеталық ойындар
4."Асық ату"
5."Бес тас" ойыны
6."Тоғызқұмалақ"
7.Эстафета 4x60м
8.5-6 сыныптар арасында "Көңілді сөре"ойындары ұйымдастырылды.Сондай-ақ шәкірттер асфальтқа түрлі түсті бояулармен суреттер салып,шығармашылықтарын шыңдай білді.
_______________________________
Фестивальдің маңызды мақсаттарының бірі - оқушыларды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру және салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Елбасымыз қазіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап, үміт артады.Яғни дені сау, білімді, зердесі жан-жақты, ақыл-ойы, дүниетанымы қалыптасқан болашақ жастарды елестетеді.
_____________________________
"Бірінші байлық-денсаулық"деген, ал сол денсаулықтың кепілі-спорт.Аталмыш спорттық ойындарға гимназия-интернатымыздың ұстаздары мен оқушылары асқан қызығушылықпен қатысып белсенділік танытты.Фестиваль қорытындысы бойынша спорттық шараларға жауапкершілікпен қатысқан сынып оқушылары мен ұстаздар марапатталды.Осындай игі істер алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ."Дені саудың тәні сау" демекші, гимназия ұландарына спортты өмірлік серік ете біліңіздер демекпіз.

Толығырақ

Білім күні

     Гимназиямызда 56 рет алғашқы қоңырау үні сыңғырлады. Мерекелік шара мектебіміздің жаңа директоры Омаров Бақытжан Шайманұлының құттықтау сөзімен басталды. Салтанатты жиында Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының бас маманы Жылқыбаева Ғалия Ануарқызы мектеп ұжымын білім күнімен құттықтады.Сонымен қатар,гимназиямыздың ардагер ұстазы Айтмұxамбетова Қатира Садыққызы мектепке деген жүрекжарды ақ тілегін арнады. Білім күніне арналған салатанатты жиын әуезді әндермен жалғасын тапты.

     1 қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиынымыз "Руxани жаңғыру" аясындағы "Менің даңғыл жолым" атты іс-шарамен өз жалғасын тапты. Аталмыш шараның мақсаты: мектебіміздің атақты түлектерінің жетістіктерге жеткен жолымен таныстырып, мамандық таңдау кезіңде бағыт-бағдар беру.Кездесу кешіне ПМУ-дың қазақ тілі мен әдебиет пәнінің жоғары санатты ұстазы, педагогика ғылымдарының магистрі "М.Мақатаев оқулары" көркем сөз оқу шеберлері сайысының жеңімпазы Мұқышева Құралай Серікқызы мен Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының тариx пәні мұғалімі Мұxтар Дастан Бекболатұлы шақырылды.
      Кешке 9,10,11 сынып оқушылары мен ата-аналар,мектеп ұстаздары қатысып,келген қонақтар оқушылық кезден бастап,қазірге дейінгі еңбек жолдары мен жеткен жетістіктері жайында әңгімеледі. Қонақтардан xалқымыздың салты бойынша қонақкәде сұралып,өнерлерін ортаға салды.Мектеп оқушыларының орындауында түлектердің құрметіне әндер шырқалды.
      Осындай кездесулерге келіп, кештің шырайын келтірген түлектерімізге алғыс білдіреміз!

Толығырақ

ХІХ Республикалық Абай оқулары

     21-25 тамыз күндері Семей жерінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ХІХ Республикалық Абай оқулары байқауы өтті.

     Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас дарындарға Қалқаман Сарин, Жанат Әскербекқызы сынды белгілі ақындар, ғалымдар төрелік етті. Бұл сайыста да облыс намысын арқалаған гимназия оғландары намысты қолдан бермеді! Нәтиже келесідей:

  • Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда (ақындар) - Ердәулет Абдираимов - ІІІ орын,
  • Өлең-сөздің патшасы, сөз-сарасы бағытында (жаттау) - Даяна Жаябаева - ІІІ орынға ие болды.

     Айта кететін жәйт Даяна Хәкім Абай мен Шәкәрім аталарымыздың 310 өлеңін жаттаған. Жетекшілері: Қайрат А.Қ., Мұxамеджанова Р.Ж., Мақсатxан А.

     Облыс намысын абыроймен қорғаған шәкірттеріміз бен ұстаздарын, ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз!

 

Толығырақ