Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Ұстаз болу жүректің батырлығы

     Қазан айының 1 жұлдызында гимназиямызда келе жатқан ұстаздар мерекесіне орай, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар мектептің жүрегі ардагер ұстаздармен кездесу кеші өтті.
     Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ардагер ұстаздар қауымына мектебіміздің директоры Омаров Бақытжан Шайманұлы жылы тілегін білдірді.
     Мерекелік кеште Жылқыбаев Мақажан Несіпбайұлы, Райса Сембіқызы, Жанат Мұxтариxанқызы бастаған бір топ мектебімізге еңбегі сіңген ұлағатты ұстаздар қонақ болды.
     "Ұстаз болу жүректің батырлығы" деп салып кеткен сара жолдарымен, өткенге көз тастап, ұстаздық жолда кешкен қызықты оқиғаларымен бөлісіп кештің шырайын келтірді.
     Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, адамгершілік руxта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
     Ыбырай Алтынсарин шаңырағы-алтын ұя мектебіміздің шәкірттері еліміздің түкпір-түкпірінде, ел игілігі үшін жемісті еңбек етсін!
     Алтынсарин жалауы желбірей берсін!