Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күн Елбасының Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіледі. Келер ұрпақтың қамы үшін қасық қаны қалғанша күрескен арыстардың руxына мың тағзым! Мәңгі есте!

Толығырақ

VIII халықаралық Сатпаев атындағы олимпиада

29-мамыр күні Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ғұлама ғалым Қаныш Сатпаевтың отаны - Баянауыл жерінде VIII халықаралық Сатпаев атындағы олимпиада өтті. Нәтижесінде гимназиямыздың 8-сынып оқушысы Хуантхан Нұрсерік биология пəні бойынша I орынды иеленіп (ұялы телефон), олимпиада жеңімпазы атанды. Шәкірітімізді, ұстаздарын, ата-анасын шын жүректен құттықтаймыз!

Толығырақ

"Сыңғырла, соңғы қоңырау"

     Бүгін гимназиямыздасоңғы қоңырау соғылып, кезекті түлектеріміз үлкен өмірге бір қадам жасады. 2018-жылғы түлектерге сәт сапар тілей келе, алдағы ҰБТ сынағынан сүрінбей өтіп, еліміздің білім, ғылым, экономика, теxника саласындағы белді маман болуларына ниеттеспіз! Ал, біз келер оқу жылы бұдан да жарқын сәттер мен жетістіктерге толы болады деген үмітпен, барша шәкірттеріміз жазғы демалыстарын сәтті өткізіп, жаңа оқу жылына жаңа күш, тың серпіліспен келетініне сенімдіміз!

Толығырақ

Робот техникасынан облыстық фестиваль

17-18 мамыр 2018 жыл. KazRoboSport-2018.

Толығырақ

«Дарын-2018» кеші

     Бүгін Естай атындағы мәдениет сарайында Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты жылдың үздіктерін анықтайтын «Дарын-2018» кешін өткізді. Білім ордасы директорының міндетін атқарушы Күләзи Оразбаева биылғы оқу жылы гимназия үшін жетістікке толы болғанын атап өтті.
     - Мектебіміз мен облысымыздың абыройын олимпиадалар мен ғылыми жобаларда, өзге де білім байқауларында асқақтатып жүрген оқушыларымыз бен олардың мұғалімдеріне алғыс білдіремін, - деді Күләзи Оразбаева. – Бүгінгі кеште мақтаныштарымызды марапаттаймыз. Сіздерді осы жылды жоғары деңгейде аяқтап, жаңа оқу жылына жаңа күшпен келеді деген үміттемін. Айта кетейік, гимназияның оқушыларын республикалық додаларға дайындаған ұстаздардың қатарында тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Батталов, биология ғылымдарының кандидаты Наталья Корогот, математика пәнінің аға оқытушысы Борис Горшков, Ж. Аймауытов атындағы театрдың актері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бейбіт Шәнім бар.
     - Облысымызың білім саласында Ы. Алтынсарин ұжымының алатын орыны ерекше, - дейді Павлодар облысы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ғаждембек Тұрсынов. – Бір қызығы, 5-6 сынып оқушылары арасында өткен олимпиадада бұл мектептің оқушылары бірінен-бірі қалмай жүлдегер атанды. Бұл дарынды түлектеріміздің талантты ізбасарлары бар екенінің дәлелі. Бәріңізге сәттілік пен денсаулық тілеймін. Кеш барысында ұстаздармен қатар оқушылар «Ел үміті», «Шабыт», «Өңір өрені», «Білім биігінде» және «Алаш арманы» сияқты номинациялар бойынша марапаттарға ие болды.

Толығырақ

"Жас маман-2018" байқауы

     2018 ж. 16 мамырында сағат 15:00-де бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бойына тәлім-тәрбиенің асыл-қазынасын  құя білетін, жас та болса ұстаз деген атқа лайықты жас ұстаздарымыз сайысқа түсті. Бірінші кезекте сайыскерлерге сұрақтар қойылып, шығу реті анықталды. Кезеңдері: 1. "Үздік сабақ";  2. "Портфолио қорғау"; 3. "Педагогикалық дебют"; 4. Өнер көрсету; 5. "Педагогикалық жағдаятты талдау"; 6. "Педагогикалық идея". Байқауда алынған ұпайлар саны бойынша жеңімпаздар анықталды.

     1-орын: математика пән мұғалімі Назриденов Серік Назриденович,

     2-орын: орыс тілі мұғалімі Жексенбаева Гайни Тлеулесовна,

     3-орын: ағылшын тілі мұғалімі Апаев Қуаныш Ерсаинович,

     4-орын: өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Мукан Перизат Нұрлыбайқызы.

     Жас мамандарға істеріңе сәттілік, шығармашылық табыс, шәкірттері биік шыңдардан көрініп, еңбектері ақтала берсін деп тілейміз!

Толығырақ

«Мәшһүр–Жүсіп: өмірдің философиялық мәні, ізденістері» атты Х облыстық зияткерлік конкурсы

     Павлодар облысы білім басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2018 жылғы 16 мамыр күні мектеп оқушылары арасында Мәшһүр-Жүсіп шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында «Мәшһүр–Жүсіп: өмірдің философиялық мәні, ізденістері» атты Х облыстық зияткерлік конкурсын өткізді. Облысымыздың 42 оқушысы қатысқан сайыс 3 бағытта жұмыс жасады. Қазылар алқасының шешімдері негізінде «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» бағытында шәкірітіміз 10-сынып оқушысы Гүлнәр Жанболат ІІІ орынды еншілесе, "Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы" атты ғылыми жоба қорғау бойынша тағы бір 10-сынып оқушысы Турсунxанов Райымбек ІІ орынға ие болды! Құттықтаймыз!

Толығырақ

5-сыныпқа қабылдау емтиханының нәтижесі

5-сыныпқа қабылдау емтиханының нәтижесі

Толығырақ

"Білімді ұлт - сапалы оқыту мен отбасы құндылығы" жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

     2018 ж. 15 мамырда сағат 18:30-да "Рухани жаңғыру" қоғамдық сананы  жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде және Халықаралық отбасы күніне арналған "Білімді ұлт - сапалы оқыту мен отбасы құндылығы" жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өткізілді. 

Толығырақ

Ата-аналар жиналысы

Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында 2018 жылы 15 мамырда сағат 18:30-да "Рухани жаңғыру" қоғамдық сананы  жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде және Халықаралық отбасы күніне арналған "Білімді ұлт - сапалы оқыту мен отбасы құндылығы" жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтетіні туралы хабарлайды.

Толығырақ