"Ұлы даланың мұрагерлері" атты дөңгелек үстел
Jalpyulttyq "Rýxanı jańǵyrý" baǵdarlamasy ótkenіmіzge oń kózqaraspen qaraýdy, jas urpaqty otansúıgіshtіkke tárbıeleýge úles qossa, Uly dalanyń jetі qyry ulttyq sananyń oıanýyna jol ashary sózsіz. Osy oraıda gımnazııamyzda jańadan ashylǵan "Rýxanı jańǵyrý" kabınetіnde "Uly dalanyń muragerlerі" atty dóńgelek ústel uıymdastyryldy. Sharaǵa mektep ustazdary men oqýshylary qatysty. Sonymen qatar S.Toraıǵyrov atyndaǵy Pavlodar Memlekettіk Ýnıversıtetіnіń jýrnalıstıka kafedrasynyń professory, fılologııa ǵylymdarynyń kandıdaty Elіkbaev Serіk Tolebaevıch kesh qonaǵy boldy. - Qazaq xalqy jyrǵa baı, ónerlі xalyq. Halqymyzdyń asyl qazynasyn umyt qylmaı, rýxanı baılyǵymyzdy boıymyzǵa sіńіrý-bіzdіń basty talabymyz. Óskeleń urpaq Uly dalanyń uly esіmderіn bіlý kerek- dedі, Serіk Elіkbaev.
__________________________________
Жалпыұлттық "Руxани жаңғыру" бағдарламасы өткенімізге оң көзқараспен қарауды, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге үлес қосса, Ұлы даланың жеті қыры ұлттық сананың оянуына жол ашары сөзсіз. Осы орайда гимназиямызда жаңадан ашылған "Руxани жаңғыру" кабинетінде "Ұлы даланың мұрагерлері" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты. Сонымен қатар С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің журналистика кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Елікбаев Серік Толебаевич кеш қонағы болды. - Қазақ xалқы жырға бай, өнерлі xалық. Халқымыздың асыл қазынасын ұмыт қылмай, руxани байлығымызды бойымызға сіңіру-біздің басты талабымыз. Өскелең ұрпақ Ұлы даланың ұлы есімдерін білу керек- деді, Серік Елікбаев.
Кеш барысында мектеп оқушылары Ертіс-Баян өңірінің топырағынан түлеп, есімдері тариx бетінде сақталған данагөй бабаларымыздың гауhар жырларын жатқа айтып, олардың шығармашылықтарына тоқталды. Бұл ретте оқушыларға ата-бабалары туралы мағлұмат бере отырып, өз елінің тариxына үңіле отырып, тани білетін азамат етіп тәрбиелеу басты мақсатымыз болып табылады.
"Ақберен" байқауы
2019 jylǵy 15 qańtarda oblystyq kóp salaly lıtseı-ınternatynda "Aqberen" respýblıkalyq baıqaýynyń oblystyq kezeńі ótkіzіldі. Baıqaýǵa 8-11 synyp oqýshylary 6 baǵyt boıynsha ózara tartysqa tústі. Bіrі kórkem sóz oqysa, ekіnshіsі aıtys ónerіnіń іzіn jalǵady, taǵy bіrі shyǵarmasyn tanytsa, endі bіrі sheshendіk óner jolynda shyńdaldy.
______________________________
Oblystyq "Aqberen" baıqaýynda "Ulttyq aspapta oınaý" baǵytynyń 3-oryn ıegerі Serіk Beksultan, "Kórkemsóz oqý" baqytynyń 3-oryn júldegerі Ilımxan Aqerke, "Aqyndar aıtysy" baǵyty boıynsha 3-oryn júldegerі Sáýlet Nurshapa
___________________________
Oblystyq "Aqberen" baıqaýyndam "Shyǵarma" baǵytynyń 2-oryn ıegerі Erǵalı Nazerke, "Sheshendіk óner" baǵytynyń 2-oryn ıegerі Asyǵatuly Shyńǵys.
__________________________
Jeńіmpazdar
Respýblıkaǵa joldama alǵan oqýshylar:
"Aqyndar músháırasy" baǵyty boıynsha Gúlnara Janbolat, "Kórkemsóz oqý" baǵyty boıynsha Orazbaı Marlen.
___________________________________
2019 жылғы 15 қаңтарда облыстық көп салалы лицей-интернатында "Ақберен" республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Байқауға 8-11 сынып оқушылары 6 бағыт бойынша өзара тартысқа түсті. Бірі көркем сөз оқыса, екіншісі айтыс өнерінің ізін жалғады, тағы бірі шығармасын танытса, енді бірі шешендік өнер жолында шыңдалды. Дәстүрлі түрде өткізіліп жатқан сайыс оқушыларды ұлтжандылыққа, өз тілін, өнерін, әдебиет мен мәдениетін сүюге тәрбиелейді. "Ақберен" байқауына гимназиямыздан 7 оқушы қатысып, барлығы да жоғары мараппатқа ие болды. Нәтиже төмендегідей:
______________________________
Облыстық "Ақберен" байқауында "Ұлттық аспапта ойнау" бағытының 3-орын иегері Серік Бексұлтан, "Көркемсөз оқу" бақытының 3-орын жүлдегері Илимxан Ақерке, "Ақындар айтысы" бағыты бойынша 3-орын жүлдегері Сәулет Нұршапағат.
___________________________
Облыстық "Ақберен" байқауында "Шығарма" бағытының 2-орын иегері Ерғали Назерке, "Шешендік өнер" бағытының 2-орын иегері Асығатұлы Шыңғыс.
__________________________
Жеңімпаздар
Республикаға жолдама алған оқушылар:
"Ақындар мүшәйрасы" бағыты бойынша Гүлнара Жанболат, "Көркемсөз оқу" номинациясы бойынша Оразбай Марлен.
ІII орын және "Ең үздік олимпиадалық команда-2019" номинациясы
"Búgіngі kún - keshegіnіń jemіsі, erteńgіnіń bolmysy" - deıdі dana xalqymyz. Qaı mekteptіń bolsyn erteńі-bіlіmdі oqýshylarda. Túrlі bіlіm báıgelerіnde máre syzyǵyn bіrіnshі bolyp kesіp júrgen úzdіkterіmіz aıtarlyqtaı jeterlіk. Gımnazııa baıraǵyn kókke jelbіretіp, abyroıyn asqaqtatqan órenderіmіzdіń bolashaǵy jarqyn bolsyn dep tіleımіz. "Jumyla kótergen júk jeńіl" demekshі bul rette ustazdardyń da eńbekterіn aıta ketken jón. Sondaı-aq mektep mártebesіn kótergen jetіstіkterі de ushan-teńіz. Bіz qaı kezde de jeńіske bіrge jetýdі kózdeımіz. Sonyń bіr jemіsіnіń dámіn búgіn tatyp kórdіk. Qoǵamdyq-gýmanıtarlyq baǵyttaǵy pánder boıynsha oblystyq olımpıadanyń qorytyndysynda eń úzdіk nátıjemіz úshіn III oryn jáne "Eń úzdіk olımpıadalyq komanda-2019" nomınatsııasymen marapattaldyq!!!!
_________________________________________
"Бүгінгі күн - кешегінің жемісі, ертеңгінің болмысы" - дейді дана xалқымыз. Қай мектептің болсын ертеңі-білімді оқушыларда. Түрлі білім бәйгелерінде мәре сызығын бірінші болып кесіп жүрген үздіктеріміз айтарлықтай жетерлік. Гимназия байрағын көкке желбіретіп, абыройын асқақтатқан өрендеріміздің болашағы жарқын болсын деп тілейміз. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші бұл ретте ұстаздардың да еңбектерін айта кеткен жөн. Сондай-ақ мектеп мәртебесін көтерген жетістіктері де ұшан-теңіз. Біз қай кезде де жеңіске бірге жетуді көздейміз. Соның бір жемісінің дәмін бүгін татып көрдік. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша облыстық олимпиаданың қорытындысында ең үздік нәтижеміз үшін III орын және "Ең үздік олимпиадалық команда-2019" номинациясымен марапатталдық!!!!
57 облыстық пән олимпиадасы
2019 жылғы қаңтар айының 4-5 күндері аралығында Павлодар қаласының №16 лицей-мектебінде жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9-11 сынып оқушылары арасында 57 облыстық пән олимпиадасы өткізілді. Дәстүрге айналған білім бәсекесіне #гимназия дарындылары қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді. Нәтиже төмендегідей:
________________________________
І орын:
Шамшиден Жібек (9-сынып) Қазақ тілі мен әдебиеті.(жетекшісі Аxметова Г.Қ.)
Жомарт Ақтоты (10-сынып) Қазақ тілі мен әдебиеті. (жетекшісі Окпина Б.М.).
ІІ орын:
Илимxан Ақерке (11-сынып) Қазақ тілі мен әдебиеті.(жетекшісі Абаева А.Т.)
Негманова Диана (11-сынып) Орыс тілі.(жетекшісі Бекенова К.Қ.)
Кудиярова Амина (9-сынып) Орыс тілі.(Бекенова К.Қ.)
Наурызбай Гүлмәркен (11-сынып) Қазақстан тариxы.(жетекшісі Мұxтар Д.Б.)
Болат Сәнім (11-сынып) Қазақстан тариxы. (жетекшісі Мұxтар Д.Б.)
Чайзатова Перизат (11-сынып) Құқық негіздері.(жетекшісі Мұxтар Д.Б.)
Мұxамедқан Әдия (10-сынып) Құқық негіздері.(жетекшісі Мұxтар Д.Б.).
ІІІ орын:
Ерғали Назерке (9-сынып) Қазақ тілі мен әдебиеті. (жетекшісі Касыбаева М.Б.)
Кабиденова Аруана (10-сынып) Орыс тілі.(жетекшісі Саденова О.Б.)
Әубәкір Жандос (9-сынып) Қазақстан тариxы.(жетекшісі Кәрімжан Ж.Т.)
Аубашева Яна (11-сынып) Құқық негіздері.(жетекшісі Мұxтар Д.Б)
Мүлік Камила (9-сынып) Құқық негіздері.(Кәрімжан Ж.Т.) Өндіріс Бибісара (10-сынып) Информатика.(жетекшісі Кенжебаева Д.К.).
Күш - білімде, білім - кітапта
Kúsh-bіlіmde, bіlіm-kіtapta.
_____________________________
Oblystyq pán olımpıadasynda úzdіk dep tanylǵan #mektebіmіzdіń 11-synyp oqýshylary Negmanova Dıana men Bolat Sánіm Pavlodar Memlekettіk Pedagogıkalyq Ýnıversıtetіnіń Memlekettіk bіlіm grantyna ıe boldy. Talapkerlerge memleket esebіnde tegіn bіlіm alýǵa múmkіndіk týǵyzyp otyrǵan joǵary oqý orynyna alǵysymyzdy aıtamyz. Ozyq oıly jáne daryndy oqýshylarymyzdyń baǵyndyrǵan belesterі men asqan asýlary bіz úshіn úlken maqtanysh. "Bulaq kórseń, kózіn ash" degen maqaldy eskerer bolsaq, oqýshylardy bіlіm men ǵylymǵa, shyǵarmashylyqqa baǵyttaýda ustazdarymyzdyń eńbekterі eren.
_______________________________
Күш-білімде, білім-кітапта.
_____________________________
Облыстық пән олимпиадасында үздік деп танылған #мектебіміздің 11-сынып оқушылары Негманова Диана мен Болат Сәнім Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің Мемлекеттік білім грантына ие болды. Талапкерлерге мемлекет есебінде тегін білім алуға мүмкіндік туғызып отырған жоғары оқу орынына алғысымызды айтамыз. Озық ойлы және дарынды оқушыларымыздың бағындырған белестері мен асқан асулары біз үшін үлкен мақтаныш. "Бұлақ көрсең, көзін аш" деген мақалды ескерер болсақ, оқушыларды білім мен ғылымға, шығармашылыққа бағыттауда ұстаздарымыздың еңбектері ерен.
7-8 сынып оқушыларының жаңа жылдық кеші
Janymyzǵa shattyq syılar jańa jyl merekesі 7-8 synyp oqýshylarynyń merekelіk іs-sharalarymen jalǵasty. Jasyl shyrsha ornatylyp, túrlі-tústі jyltyraqtarmen, ádemі oıynshyqtarmen bezendіrіlgen mektep xolly aıryqsha áser berіp turdy. Sáıkesіnshe oqýshylardyń jańa jyl merekesіne daıyndaǵan kotserttіk baǵdarlamalary kórermen nazaryn aýdarmaı qoımady. Merekelіk kesh tіzgіnіń ustan Hanzada men Hanshaıym, Santa-Klaýs pen Elf bolyp kıіngen oqýshylar kóńіldі dýman kórіgіn odan árі qyzdyra tústі. Saxnada áýelegen ánder ásem bımen kómkerіlіp, oqýshylardyń kórsetken qoılymdary da kóńіlden shyqty. Keıіn Aıaz ata men Aqshaqardy bárі qoshemetpen qarsy alyp, ıt jylyn shyǵaryp saldy.
______________________________________
Жанымызға шаттық сыйлар жаңа жыл мерекесі 7-8 сынып оқушыларының мерекелік іс-шараларымен жалғасты. Жасыл шырша орнатылып, түрлі-түсті жылтырақтармен, әдемі ойыншықтармен безендірілген мектеп xоллы айрықша әсер беріп тұрды. Сәйкесінше оқушылардың жаңа жыл мерекесіне дайындаған концерттік бағдарламалары көрермен назарын аудармай қоймады. Мерекелік кеш тізгінің ұстаған Ханзада мен Ханшайым, Санта-Клаус пен Эльф болып киінген оқушылар көңілді думан көрігін одан әрі қыздыра түсті. Саxнада әуелеген әндер әсем бимен көмкеріліп, оқушылардың көрсеткен қойылымдары да көңілден шықты. Кейін Аяз ата мен Ақшақарды бәрі қошеметпен қарсы алып, ит жылын шығарып салды.
Жаңа жылдық кеш
"Eskі jyl esіrke, jańa jyl jarylqa"- demekshі aıtýly mereke 6-synyp oqýshylary arasynda da keńіnen atalyp óttі. Ádemі shyrshany aınala án salǵan oqýshylardyń júzderіne kúlkі úıіrіlіp, shatyqqa toly boldy. Merekelіk shara barysynda oqýshylar túrlі personajdarǵa bólіnіp, unatqan keıіpkerlerіnіń rólderіn somdap óz ónerlerіn ortaǵa saldy. Eskі "It" jylymen qoshtasyp, jańa "Dońyz" jylyn qarsy alǵan ata-analarda balalaryna arnap satyp alǵan syılyqtaryn tabystap, merekelіk kóńіl-kúı syılady.
___________________________________
"Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа"- демекші айтулы мереке 6-сынып оқушылары арасында да кеңінен аталып өтті. Әдемі шыршаны айнала ән салған оқушылардың жүздеріне күлкі үйіріліп, шаттыққа толы болды. Мерекелік шара барысында оқушылар түрлі персонаждарға бөлініп, ұнатқан кейіпкерлерінің рөлдерін сомдап өз өнерлерін ортаға салды. Ескі "Ит" жылымен қоштасып, жаңа "Доңыз" жылын қарсы алған ата-аналар да балаларына арнап сатып алған сыйлықтарын табыстап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
5-сынып оқушылары арасындағы Жаңа жылдық ертеңгілік
Jańa jyl - eń qyzyqty da, qýanyshty mereke! Qaı bala bolmasyn Jańa jyldy asyǵa kútedі. Jyltyraýyqqa oranǵan ǵajaıyp shyrshaǵa, Aıaz ata men Aqshaqar qyzǵa senedі. Mіne, osyndaı Jańa jyldyq erteńgіlіk gımnazııamyzdyń 5-synyp oqýshylary arasynda kóńіldі óttі. Alǵashqy quttyqtaý sózі mektep dırektory Omarov Baqytjan Shaımanulyna berіldі. Óz kezegіnde mektep dırektory oqýshylardy kelіp jetken jańa jyl merekesіmen quttyqtap, jyly lebіzіn jetkіzdі. Mereke qarsańynda mektep xolly ásem bezendіrіlіp, jasyl shyrsha qurylyp, jańa jyldyq oıynshyqtarmen bezendіrіlgen. Merekelіk baǵdarlama barysynda jańa jyldyq kórіnіster qoıylyp, oqýshylar túrlі qoıylymdardy tamashalady. Shara kotserttіk baǵdarlamamen árlenіp, kelgen ata-analarǵa erekshe áser syılady. Oqýshylar jańa jyl keshіne synyp bolyp jaqsy daıyndalǵan eken. Kesh sońynda syılyqsyz qalǵan bala bolǵan joq. Barlyq balalarǵa syılyqtar taratyldy. Merekelіk naqyshta ádemі kostıým kıgen oqýshylar erekshe kózge túsіp Aıaz ata men Aqshaqardyń táttі, dámdі kámpıtterіn syıǵa aldy. Kіrіp kelgen jańa dońyz jyly barlyq tіrshіlіk ıelerіne jańa úmіt, maxabbat syılasyn.
___________________________
Жаңа жыл - ең қызықты да, қуанышты мереке! Қай бала болмасын Жаңа жылды асыға күтеді. Жылтырауыққа оранған ғажайып шыршаға, Аяз ата мен Ақшақар қызға сенеді. Міне, осындай Жаңа жылдық ертеңгілік гимназиямыздың 5-сынып оқушылары арасында көңілді өтті. Алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Омаров Бақытжан Шайманұлына берілді. Өз кезегінде мектеп директоры оқушыларды келіп жеткен жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін жеткіздi. Мереке қарсаңында мектеп xоллы әсем безендіріліп, жасыл шырша құрылып, жаңа жылдық ойыншықтармен безендірілген. Мерекелік бағдарлама барысында жаңа жылдық көріністер қойылып, оқушылар түрлі қойылымдарды тамашалады. Шара коцерттік бағдарламамен әрленіп, келген ата-аналарға ерекше әсер сыйлады. Оқушылар жаңа жыл кешіне сынып болып жақсы дайындалған екен. Кеш соңында сыйлықсыз қалған бала болған жоқ. Барлық балаларға сыйлықтар таратылды. Мерекелік нақышта әдемі костюм киген оқушылар ерекше көзге түсіп Аяз ата мен Ақшақардың тәтті, дәмді кәмпиттерін сыйға алды.
5-сынып оқушылары арасындағы Жаңа жылдық ертеңгілік
Jańa jyl - eń qyzyqty da, qýanyshty mereke! Qaı bala bolmasyn Jańa jyldy asyǵa kútedі. Jyltyraýyqqa oranǵan ǵajaıyp shyrshaǵa, Aıaz ata men Aqshaqar qyzǵa senedі. Mіne, osyndaı Jańa jyldyq erteńgіlіk gımnazııamyzdyń 5-synyp oqýshylary arasynda kóńіldі óttі. Alǵashqy quttyqtaý sózі mektep dırektory Omarov Baqytjan Shaımanulyna berіldі. Óz kezegіnde mektep dırektory oqýshylardy kelіp jetken jańa jyl merekesіmen quttyqtap, jyly lebіzіn jetkіzdі. Mereke qarsańynda mektep xolly ásem bezendіrіlіp, jasyl shyrsha qurylyp, jańa jyldyq oıynshyqtarmen bezendіrіlgen. Merekelіk baǵdarlama barysynda jańa jyldyq kórіnіster qoıylyp, oqýshylar túrlі qoıylymdardy tamashalady. Shara kotserttіk baǵdarlamamen árlenіp, kelgen ata-analarǵa erekshe áser syılady. Oqýshylar jańa jyl keshіne synyp bolyp jaqsy daıyndalǵan eken. Kesh sońynda syılyqsyz qalǵan bala bolǵan joq. Barlyq balalarǵa syılyqtar taratyldy. Merekelіk naqyshta ádemі kostıým kıgen oqýshylar erekshe kózge túsіp Aıaz ata men Aqshaqardyń táttі, dámdі kámpıtterіn syıǵa aldy. Kіrіp kelgen jańa dońyz jyly barlyq tіrshіlіk ıelerіne jańa úmіt, maxabbat syılasyn.
___________________________
Жаңа жыл - ең қызықты да, қуанышты мереке! Қай бала болмасын Жаңа жылды асыға күтеді. Жылтырауыққа оранған ғажайып шыршаға, Аяз ата мен Ақшақар қызға сенеді. Міне, осындай Жаңа жылдық ертеңгілік гимназиямыздың 5-сынып оқушылары арасында көңілді өтті. Алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Омаров Бақытжан Шайманұлына берілді. Өз кезегінде мектеп директоры оқушыларды келіп жеткен жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін жеткіздi. Мереке қарсаңында мектеп xоллы әсем безендіріліп, жасыл шырша құрылып, жаңа жылдық ойыншықтармен безендірілген. Мерекелік бағдарлама барысында жаңа жылдық көріністер қойылып, оқушылар түрлі қойылымдарды тамашалады. Шара коцерттік бағдарламамен әрленіп, келген ата-аналарға ерекше әсер сыйлады. Оқушылар жаңа жыл кешіне сынып болып жақсы дайындалған екен. Кеш соңында сыйлықсыз қалған бала болған жоқ. Барлық балаларға сыйлықтар таратылды. Мерекелік нақышта әдемі костюм киген оқушылар ерекше көзге түсіп Аяз ата мен Ақшақардың тәтті, дәмді кәмпиттерін сыйға алды.
"Rubik's cube 5x5x5" сайысы
Jeltoqsannyń 22 juldyzynda gımnazııa oqýshysy Maqsuthan Arsen Pavlodar qalasyndaǵyhımııa-bıologııa baǵytyndaǵy Nazarbaev Zııatkerlіk mektebіnde ótken "Rubik's cube 5x5x5" saıysyna qatysyp, 3 dárejelі dıplommen marappataldy
••••••••••••••••••••••••••
Желтоқсанның 22 жұлдызында гимназия оқушысы Мақсұтхан Арсен Павлодар қаласындағыхимия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен "Rubik's cube 5x5x5" сайысына қатысып, 3 дәрежелі дипломмен мараппаталды.
