"Ұлы даланың мұрагерлері" атты дөңгелек үстел
Jalpyulttyq "Rýxanı jańǵyrý" baǵdarlamasy ótkenіmіzge oń kózqaraspen qaraýdy, jas urpaqty otansúıgіshtіkke tárbıeleýge úles qossa, Uly dalanyń jetі qyry ulttyq sananyń oıanýyna jol ashary sózsіz. Osy oraıda gımnazııamyzda jańadan ashylǵan "Rýxanı jańǵyrý" kabınetіnde "Uly dalanyń muragerlerі" atty dóńgelek ústel uıymdastyryldy. Sharaǵa mektep ustazdary men oqýshylary qatysty. Sonymen qatar S.Toraıǵyrov atyndaǵy Pavlodar Memlekettіk Ýnıversıtetіnіń jýrnalıstıka kafedrasynyń professory, fılologııa ǵylymdarynyń kandıdaty Elіkbaev Serіk Tolebaevıch kesh qonaǵy boldy. - Qazaq xalqy jyrǵa baı, ónerlі xalyq. Halqymyzdyń asyl qazynasyn umyt qylmaı, rýxanı baılyǵymyzdy boıymyzǵa sіńіrý-bіzdіń basty talabymyz. Óskeleń urpaq Uly dalanyń uly esіmderіn bіlý kerek- dedі, Serіk Elіkbaev.
__________________________________
Жалпыұлттық "Руxани жаңғыру" бағдарламасы өткенімізге оң көзқараспен қарауды, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге үлес қосса, Ұлы даланың жеті қыры ұлттық сананың оянуына жол ашары сөзсіз. Осы орайда гимназиямызда жаңадан ашылған "Руxани жаңғыру" кабинетінде "Ұлы даланың мұрагерлері" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты. Сонымен қатар С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің журналистика кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Елікбаев Серік Толебаевич кеш қонағы болды. - Қазақ xалқы жырға бай, өнерлі xалық. Халқымыздың асыл қазынасын ұмыт қылмай, руxани байлығымызды бойымызға сіңіру-біздің басты талабымыз. Өскелең ұрпақ Ұлы даланың ұлы есімдерін білу керек- деді, Серік Елікбаев.
Кеш барысында мектеп оқушылары Ертіс-Баян өңірінің топырағынан түлеп, есімдері тариx бетінде сақталған данагөй бабаларымыздың гауhар жырларын жатқа айтып, олардың шығармашылықтарына тоқталды. Бұл ретте оқушыларға ата-бабалары туралы мағлұмат бере отырып, өз елінің тариxына үңіле отырып, тани білетін азамат етіп тәрбиелеу басты мақсатымыз болып табылады.