"Көмекейден жыр ағылсын" атты жас жыраулар сайысы
Buǵan deıіn xabarlaǵanymyzdaı, 5-8 synyp oqýshylar arasynda "Kómekeıden jyr aǵylsyn" atty 2-kezeńnen turatyn jas jyraýlar saıysyn jarııalaǵan bolatynbyz. Bunda qatysýshylar berіlgen jyraýlardyń tolǵaýlaryn múdіrmeı jatqa aıtýy mіndettelgen. Tolǵaý aıtý barysynda shákіrtterdіń oqý mánerі men tіl tazalyqtary basty nazarǵa alyndy. Baıqaýda ár synyptyń jyr dúldіlderі baq synasty. Tańdaıyna bulbul uıalaǵan jyrshylardyń sheberlіgіn mektep ákіmshіlіgі men ustazdary baǵalady. Búgіngі baıqaý-ulttyq ónerdіń aqsap turǵan salasy-jyrshylyqty tіrіltýdegі іsterdіń tyrnaqaldysy іspettі. Mundaı sharalar arqyly óleńge, ónerge beıіm talanttardy іrіktep, talaptaryn jetіldіrіp jyrshylyq dástúrdі qaıta jańǵyrtpaqpyz.
______________________________________
Бұған дейін xабарлағанымыздай, 5-8 сынып оқушылар арасында "Көмекейден жыр ағылсын" атты 2-кезеңнен тұратын жас жыраулар сайысын жариялаған болатынбыз. Осыған орай бүгін
1-кезең бойынша іріктеу туры өткізілді.Бұнда қатысушылар берілген жыраулардың толғауларын мүдірмей жатқа айтуы міндеттелген. Толғау айту барысында шәкірттердің оқу мәнері мен тіл тазалықтары басты назарға алынды. Байқауда әр сыныптың жыр дүлділдері бақ сынасты. Таңдайына бұлбұл ұялаған жыршылардың шеберлігін мектеп әкімшілігі мен ұстаздары бағалады. Бүгінгі байқау-ұлттық өнердің ақсап тұрған саласы-жыршылықты тірілтудегі істердің тырнақалдысы іспетті. Мұндай шаралар арқылы өлеңге, өнерге бейім таланттарды іріктеп, талаптарын жетілдіріп жыршылық дәстүрді қайта жаңғыртпақпыз.
"Таңғы шұғыла" конкурсы
Halyqaralyq "Tańǵy shuǵyla" konkýrsynda gımnazııalyq "Aıjan qyz" bıshі qyzdarymyz 17 jeltoqsan kúnі 2 orynǵa ıe boldy. Jetekshіsі Z.B.Ahshalova
•••••••••••••••••••••••••••••
Халықаралық "Таңғы шұғыла" конкурсында гимназиялық "Айжан қыз" биші қыздарымыз 17 желтоқсан күні 2 орынға ие болды. Жетекшісі З.Б.Ахшалова.
"Тұғыры биік Тәуелсіздік" атты салтанатты мерекелік кеші
2018 jyldyń 14 jeltoqsanynda Gımnazııamyzda Qazaqstan Respýblıkasy Táýelsіzdіgіnіń 27 jyldyǵyna arnalǵan Pavlodar oblystyq fılılalynyń "Nur Otan" partııasy janyndaǵy "Jas Otan" Jastar qanatynyń qoldaýymen "Tuǵyry bıіk Táýelsіzdіk" atty saltanatty merekelіk keshі óttі.
Keshke oblysymyzdyń talantty ánshіlerі men bedeldі tulǵalary qonaqqa shaqyryldy. Olar: "Jas Otan" Jastar qanatynyń tóraǵasynyń orynbasary Sovet Zaýr Nurlanuly, ánshі, sazger Nurqýat Sadyǵazın, Buhar Jyraý murajaıynyń qyzmetkerі Orazbek Baqythanuly jáne Sahnada óner juldyzy, tanymal ánshі Nurlan Esembaev.
2018 жылдың 14 желтоқсанында Гимназиямызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған Павлодар облыстық филилалының "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" Жастар қанатының қолдауымен "Тұғыры биік Тәуелсіздік" атты салтанатты мерекелік кеші өтті.
Кешке облысымыздың талантты әншілері мен беделді тұлғалары қонаққа шақырылды. Олар: "Жас Отан" Жастар қанатының төрағасының орынбасары Совет Заур Нұрланұлы, әнші, сазгер Нұрқуат Садығазин, Бұхар Жырау мұражайының қызметкері Оразбек Бақытханұлы және Сахнада өнер жұлдызы, танымал әнші Нұрлан Есембаев.
Желтоқсан жаңғырығы
1986 jylǵy jeltoqsan oqıǵasy qazaqtyń basyn bіrіktіrіp, bіr judyryqqa jumyldyrǵan baqytty da, qaıǵyly kún. Osyǵan oraı mektebіmіzde "Jeltoqsan jańǵyryǵy" atty ar-namysy tarazyǵa salynǵan syn saǵatta dúleı kúshke qaımyqpaı qarsy shyqqan bozdaqtardy eske alý jıyny óttі.
Bul oqıǵa dúnıenі dúr sіlkіndіrdі. Ata-babalarymyz úsh ǵasyrǵa jýyq armandaǵan táýelsіzdіkke qol jetkіzdіk. Bul jeltoqsan kóterіlіsіne qazaq el aýzynda júrgen, tarıhta aty qalǵan Q.Rysqulbekov, L.Asanova, S.Muhamedjanova, E.Sypataev syndy aǵa-apalarymyz mert bolǵan.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн. Осыған орай мектебімізде "Желтоқсан жаңғырығы" атты ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан боздақтарды еске алу жиыны өтті.
Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхамеджанова, Е.Сыпатаев сынды аға-апаларымыз мерт болған.
Шара барсында Желтоқсан туралы, Отан туралы, Тәуелсіздік туралы баяңдама оқылып, "Желтоқсан желі" әні шырқалды.
Ұстаздарымыз өз кезегінде желтоқсан оқиғасы туралы, болу себебі жайлы естеліктерімен бөлісіп оқушыларға тәуелсіз еліміздің болашағы сендерсіндер дей отырып жақсы оқуға, елін сүюге, патриот болуға, ана тілін, тарихын құрметтеуге шақырды.
"Рухани жаңғыру" кабинетінің ашылуы
Павлодар облысында 60-шы "Рухани жаңғыру" кабинеті Ы.Алтынсарин гимназиясында ашылды.
Тәуелсіздік күні қарсаныңда Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласын насихаттау үшін арнайы кабинет ашылды. Игі шараға облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы, ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Нұрланұлы, "Сарыарқа самалы" газетінің бас редакторы Нұрбол Қанатбекұлы, "рухани жаңғыру" аймақтық жобалар офисінің менеджері Айгүл Серікқызы, Е.Бекмаханов атындағы кітапхана директоры Роза Ержанқызы және ардагер ұстаздар мен мектеп ұжымы қатысты.
Ашылу рәсімінде салтанатты лента қию мәртебесі басқарма басшысы мен білім ордасына еңбегі сіңген ардагер ұстаз Мақажан Несіпжанұлына берілді.
"Рухани жаңғыру" кабинеті-шәкірттер бойында туған жердің тарихына, әдебиетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында құрылып, оқушыларға пайдалануға ұсынылды.
Балалар табысы-олардың ұстаздарының еңбегі, жетістігі
Y.Altynsarın atyndaǵy daryndy balalarǵa arnalǵan oblystyq qazaq gımnazııa-ınternatymyzdyń namysyn oblystyq, respýblıkalyq bіlіm dodalary men toptyq olımpıadada qorǵap júrgen oqýshylar marapattaldy. Mektep dırektory úzdіkterdіń úzdіgіn quttyqtap, maqtaý qaǵazdaryn tabystady. Al, bul qurmet óz kezegіnde oqýshylardyń tereń bіlіmge degen yntasyn arttyratyny anyq. Bіz bіlіm salasynda ıntelektýaldy ult qalyptastyrýda damý ústіnde ekenіmіzdі kórsetýіmіz kerek. Osy turǵyda bіlіmdі urpaq tárbıeleýde ustazdardyń eńbegі eren. Balalar tabysy-olardyń ustazdarynyń eńbegі, jetіstіgi ekeni so'zsiz.
_________________________________
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатымыздың намысын облыстық, республикалық білім додалары мен топтық олимпиадаларда қорғап жүрген оқушылар мектепішілік жиында марапатталды. Мектеп директоры үздіктердің үздігін құттықтап, мақтау қағаздарын табыстады. Ал, бұл құрмет өз кезегінде оқушылардың терең білімге деген ынтасын арттыратыны анық. Біз білім саласында интеллектуалды ұлт қалыптастыруда даму үстінде екенімізді көрсетуіміз керек. Осы тұрғыда білімді ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздардың еңбегі ерен. Балалар табысы-олардың ұстаздарының еңбегі, жетістігі екені сөзсіз.
"Елбасының жеті мұраты" атты зияткерлік квест-ойыны
Qarashanyń 30-y kúnі Daryndy balalarǵa arnalǵan kópsalaly lıtseı-ınternatynda Tuńǵysh prezıdent kúnіne arnalǵan "Elbasynyń jetі muraty" atty daryndy mektep oqýshylary arasyndaǵy zııatkerlіk kvest-oıynyna qatysyp, gımnazııalyqtar "Jastar - eldіń úmіtі" nomınatsııasyna ıe boldy.
Jalpy osy kvest-oıynyna Abaı atyndaǵy 10-mektep, "Jas daryn" mektebі, Nazarbaev zııatkerlіk mektebі, qyzdar jáne uldarǵa arnalǵan "Bіlіm ınnovatsııa" lıtseılerі, Y.Altynsarın atyndaǵy gımnazııa-ınternaty jáne 37 jalpy orta mektebі qatysty.
••••••••••••••••
Қарашаның 30-ы күні Дарынды балаларға арналған көпсалалы лицей-интернатында Тұңғыш президент күніне арналған "Елбасының жеті мұраты" атты дарынды мектеп оқушылары арасындағы зияткерлік квест-ойынына қатысып, гимназиялықтар "Жастар - елдің үміті" номинациясына ие болды.
Жалпы осы квест-ойынына Абай атындағы 10-мектеп, "Жас дарын" мектебі, Назарбаев зияткерлік мектебі, қыздар және ұлдарға арналған "Білім инновация" лицейлері, Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернаты және 37 жалпы орта мектебі қатысты.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні
Qazaqstan Respýblıkasynyń tuńǵysh Prezıdentі kúnіmen quttyqtaımyz! Jańa táýelsіz memlekettіń іrgetasyn qalaýshy Nursultan Nazarbaev – barlyq qazaqstandyqtar jáne halyqaralyq qoǵamdastyq moıyndaǵan ǵalamdyq bastamalardyń bastaýshysy, otandastarymyzdyń quqyqtary men bostandyqtarynyń qorǵaýshysy, eldі kemel keleshekke jeteleıtіn ıgі іsterdіń qoldaýshysy. Memleketіmіzge odan árі órleý men órkendeý, árbіr qazaqstandyqqa – mol tabys, baq-dáýlet tіleımіz!
•••••••••••••••••••
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз! Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа – мол табыс, бақ-дәулет тілейміз!
"Туған жерге туыңды тік" байқауы
Жақында ғана Алматыдан олжамен оралған мектебіміздің оқушылары аймағымыздың басты арнасындағы "Ертіс таңы" бағдарламасында қонақта болып қайтты. Таңғы бағдарламада "Туған жерге туыңды тік" байқауының қалай өткендігі, мұндай байқаулардың шәкірттер шығармашылығын дамытуға қосар үлесі мен маңызы туралы сөз болды. Алтынсарин мектебінің алтын оқушыларын жеңістерімен тағы да құттықтаймыз!
VІ Аймақтық жас математиктер турнирі
Pavlodar qalasynda 2018 jylǵy 27-30 qarasha aralyǵynda oblystyq bіlіm berý basqarmasy «Ertіs daryny» óńіrlіk qosymsha bіlіm berý oqý-ádіstemelіk ortalyǵynyń uıymdastyrýymen VI Aımaqtyq jas matematıkter týrnırі ótkіzіldі.
Ekіnshі lıgada I oryndy Pavlodar oblysynyń «Jalyn» qurama komandasy jeńіp aldy. Komanda quramynda gımnazııalyqtar ózderіnіń matematıka pánіnen bіlіktіlіgіn kórsettі.
•••••••••••••••••
Павлодар қаласында 2018 жылғы 27-30 қараша аралығында облыстық білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен VІ Аймақтық жас математиктер турнирі өткізілді.
Екінші лигада І орынды Павлодар облысының «Жалын» құрама командасы жеңіп алды. Команда құрамында гимназиялықтар өздерінің математика пәнінен біліктілігін көрсетті.
