Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Желтоқсан жаңғырығы

     1986 jylǵy jeltoqsan oqıǵasy qazaqtyń basyn bіrіktіrіp, bіr judyryqqa jumyldyrǵan baqytty da, qaıǵyly kún. Osyǵan oraı mektebіmіzde "Jeltoqsan jańǵyryǵy" atty ar-namysy tarazyǵa salynǵan syn saǵatta dúleı kúshke qaımyqpaı qarsy shyqqan bozdaqtardy eske alý jıyny óttі.
Bul oqıǵa dúnıenі dúr sіlkіndіrdі. Ata-babalarymyz úsh ǵasyrǵa jýyq armandaǵan táýelsіzdіkke qol jetkіzdіk. Bul jeltoqsan kóterіlіsіne qazaq el aýzynda júrgen, tarıhta aty qalǵan Q.Rysqulbekov, L.Asanova, S.Muhamedjanova, E.Sypataev syndy aǵa-apalarymyz mert bolǵan.

 



      1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн. Осыған орай мектебімізде "Желтоқсан жаңғырығы" атты ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан боздақтарды еске алу жиыны өтті.
      Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхамеджанова, Е.Сыпатаев сынды аға-апаларымыз мерт болған.
      Шара барсында Желтоқсан туралы, Отан туралы, Тәуелсіздік туралы баяңдама оқылып, "Желтоқсан желі" әні шырқалды.
     Ұстаздарымыз өз кезегінде желтоқсан оқиғасы туралы, болу себебі жайлы естеліктерімен бөлісіп оқушыларға тәуелсіз еліміздің болашағы сендерсіндер дей отырып жақсы оқуға, елін сүюге, патриот болуға, ана тілін, тарихын құрметтеуге шақырды.