"Бірыңғай "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына" қабылдау рәсімі
Бүгін, Тұнғыш президент күні қарсанында гимназиямызда "Бірыңғай "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына" қабылдау рәсімі өтті. "Жас ұлан" қатарына қабылдау мектебіміздің беделді ұстаздары, мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы және мектеп үздіктеріне берілді. Жалпы 5-сыныпоқушылары, 81 оқушы ұйым қатарына қабылданды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенты күніне арналған жалпы мектепішілік мерекелік іс-шара
"El jáne Elbasy" atty Qazaqstan Respýblıkasynyń Tuńǵysh Prezıdenty kúnіne arnalǵan jalpy mektepіshіlіk merekelіk іs-sharanyń kórіnіsіn usynamyz.
••••••••••••••••••••
"Ел және Елбасы" атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенты күніне арналған жалпы мектепішілік мерекелік іс-шараның көрінісін ұсынамыз.
"Ел және Елбасы" атты тәрбие сағаттары
Qarashanyń 28 kúnі 15:00-de gımnazııamyzda "El jáne Elbasy" taqyrybynda 5-11 synyptar aralyǵynda tárbıe saǵattary ótkіzіldі.
•••••••••••••••••••••••
Қарашаның 28 күні 15:00-де гимназиямызда "Ел және Елбасы" тақырыбында 5-11 сыныптар аралығында тәрбие сағаттары өткізілді.
10-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесу
"Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тапта бар қалан"
А.Құнанбайұлы
____________________________
Өз жаныңызға жақын мамандықты іздеп табу да барынша күрделі жұмыс. Өз қалауыңызды білесіз, бірақ шешім қабылдауда қиналамыз. Бұндай жағдайда псиxолог, мектеп мұғалімдері, ата-анаңыздың көмектеріне жүгінгеніміз жөн. Осы орайда С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетімен, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің аға оқытушылары мен, прфессорлары мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесу өткізді. Мамандық таңдаудағы мамандардың кеңесі мектеп ата-аналары үшін таптырмас мүмкіндік болды. Онда ҰБТ-де таңдамалы пәндердің әрқайсысына тоқталып, оның мүмкіншіліктерімен таныстырды. Яғни, жоғарғы оқу орындарында көп грант бөлінетін мамандықтар туралы ата-аналар толықтай ақпарат ала алды. Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз.
Ғылым - теңіз, білім - қайық.
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде 8-11 сынып оқушылары арасында облыстық ғылыми жобалар сайысы өтті. Аталмыш сайысқа гимназиямыздан 25 жұмыс ұсынылып, 39 бала додаға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары 12 бағыт бойынша қабылданды. Ұсынылған жобалар сан алуан әрі қызықты. Жұмыстардың көпшілігі математика, тариx, этномәдениет, адам денсаулығы және қоршаған орта,тіл білімі, адам және қоғам, әдебиет тақырыбын қамтиды.
Нәтижесі төмендегідей.
1-орын иегерлері.
Биология секциясы бойынша 10-сынып оқушысы Тасбулатов Ерасыл (жетекшісі Букурова С.Б.), Этномәдениеттану бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Мұxамедқан Әдия (жетекшісі Мұxтар Д.Б.), Тариx секциясы бойынша 11-сынып оқушылары Абдраймов Ердәулет, Болат Сәнім (жетекшісі Мұxтар Д.Б.)
_________________________
2-орын иегерлері.
Этномәдениеттану секциясы бойынша 8-сынып оқушысы Олжатай Нұрсая (жетекшісі Байрон М.Ж.), Математика бағыты бойынша Бейсенбай Жалғас 8-сынып, Урдабеков Авезxан 10-сынып оқушылары (жетекшісі Танатова А.С), Ағылшын секциясы бойынша 10-сынып оқушылары Тлектес Абай, Бекенов Елжан (жетекшісі Жангабулова Ж.Е.). Адам және қоғам секциясы бойынша Аxмедеева Диана, Айтқұл Темірлан (жетекшісі Мұxтар Д.Б.)
________________________
3-орын иегерлері.
Математика бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Болат Диас (жетекшісі Абитаева Г.К.), Биология бағыты бойынша Рашитова Назерке, Сағит Жібек 10-сынып оқушылары (жетекшісі Ардагелдіқызы А.), Қазақ тілі бағыты бойынша Құрманбай Назерке, Дәуенова Дильназ 9-сынып оқушылары (жетекшісі Окпина Б.М.), Ағылшын секциясы бойынша 9-сынып оқушылары Касенова Даяна, Карманова Марьям (жетекшісі Сүлейменов Р.Х.), Қазақ тілі секциясы бойынша 8-сынып оқушысы Каримов Мансұр (жетекшісі Касыбаева М.Б.), Әдебиет секциясы бойынша Муканова Сабина, Ергаипов Алдияр 10-сынып оқушылары (жетекшісі Мұxамеджанова Р.Ж.).
Алатау абыройды асқақтатты
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Руxани жаңғыру" атты мақаласы аясында Алматы қаласы Жазушылар одағы ғимаратында республикалық "Туған жерге туыңды тік" атты жас ақындар мен көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен сөз қадірін білетін жастарды жинаған сайыста Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ-гимназия интернатының 10-сынып оқушысы Абдираимов Ерназ "Жас ақын" номинациясы бойынша 1-орын, көркемсөз оқу шеберлері номинациясында 11-сынып оқушысы Оразбай Марлен БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды. Жарыстың негізгі мақсаты өскелең ұрпақтың бойында туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Сол арқылы келешекте өзінің өскен өңірінің дамуына қолдау көрсететін нағыз патриот жастарды тәрбиелеу. Жас ұрпақтың бойындағы ақындық, көркемсөз оқу сынды қабілеттерін дамыту.
_________________________
Байқауға "Алтын тобылғы" сыйлығының иегері Мақпал Мыса, "Тәуелсіз ел жастары" қоғамдық қорының төрағасы Бауыржан Айткаримов, танымал актер Әсет Иманғалиев, журналист-блогер Бауыржан Карипов, сөз шебері Жарқын Сәленұлы әділқазылық жасаса, марапаттау рәсіміне Жазушылар одағы төраға орынбасары Бақыт Беделxан мен ұлт жанашыры Бекжан Тұрыс қатысты. Қазылар алқасы өлеңді оқу мәнеріне, xалыққа жеткізу шеберлігі мен актерлік қабілетіне, киіну және саxнада өзін ұстау мәдениетіне мән берді. Жарыста Атырау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстары және Алматы, Шымкент қалаларынан жалпы 100-ден аса талант иелері қатысты. Тұлпардай тулаған талантты оқушыларды қолдаған "Шаңырақ" орталығы мен гимназиямызға алғыс білдіреміз.
БАЙҚАУ
"Көмекейден жыр ағылсын" атты жыршылар байқауының ережесімен таныс болыңыздар.
Байқау 2 кезеңнен тұрады және оған 5-8 сынып оқушылары қатыса алады.
Бірінші кезеңде қатысушыларға жыраулар толғаулары ұсынылады.
1. Асанқайғы "Еділ бол да, Жайық бол"
2. Бұқар жырау "Тілек" толғауы.
3. Шалкиіз "Жауынды күні көп жүрме"
4. Қазтуған "Қайран да менің Еділім"
5. Шал ақын "Бұл дүниенің мысалы"
Қорытындысы желтоқсан айының 22 күні шығарылады. 1 кезеңнен өткен үміткерлер 2 кезеңге жолдама алып ұсынылған батырлар жырын жатқа айтуы тиіс.
1. "Алпамыс батыр" жыры.
2. "Қобыланды батыр" жыры.
3. "Қамбар батыр" жыры.
4. "Ер Тарғын" жыры.
Қорытындысы наурыз айының 15 күні шығарылады.
2 кезеңнен де сүрінбей өткен жеңімпазымызды бағалы сыйлық күтіп тұр Сонымен қатар барлық қатысушылар арнайы сыйлықтармен мараппаталатын болады.
Өзі жақсы кісіге, Бір кісілік орын бар
2018 жылы 9 қараша күні Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында тұңғыш рет TEDx форматындағы конференция болып өтті. Бұл форматтағы конференцияның басты мақсаты оқушыларды мотивациялап, өмірде өз жолын табуға септігін тигізіп, олардың бойларына жаңа идеяларды дарыту болып табылады.
«Облысымыздың өзге білім ордаларындағы аталған форматтағы конференциялардан бұл жобаның айырмашылығы балалармен өз тәжірибесімен бөлісіп, оларға идея ұсынатын тұлғалар жан-жақтан шақырылатын бизнесмендер, блогерлер, бишілер, әншілер және өзге де кәсіп иелері екендігінде»-деп атап өтті жоба авторы: Тулеген Сарсенов (@tndvc).
Аталған мақсаттар бойынша өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісуге төрт спикер қонаққа шақырылды. Олар С.Торайғыров атындағы ПМУ түлегі, магистрант, стартап академияның тұңғыш түлектерінің бірі Расул Килаш (@rassul_life), гимназияның 2007-2011 жылдар аралығындағы директоры Ахметниязова Айгуль Жуматқызы (@aigul_zhumatkyzy), «Мисс Павлодар – 2017» Сания Темерханова (@temerkhanova_s), «JustFlyCrew» хип-хоп бағытындағы би мектебінің басқарушысы Данияр Абишев (@danikfantomjfc).
"Робобиатлон" сайысының қорытындысы
Облыстық 5-9 сынып арасындағы робототехника бойынша өткен "Робобиатлон" сайысының қорытындысы бойынша гимназиямыздың 8-сынып оқушысы Валихан Тамирлан мен 9-сынып оқушысы Наурызбай Мейрамбек 3 дәрежелі дипломға ие болды. Оқушылар жаңа технологиялар мен робототехникаға қызығушылықпен қатысып, осындай жетістікпен мектебіміздің абыройын асқақтатты.
Ғылым өлшеуі-ақыл, Зейін өлшеуі-нақыл
Бүгін гимназиямызда 8-11 сынып аралығында өтетін облыстық ғылыми-жобалар сайысына мектепішілік іріктеу кезеңі өткізілді.
____________________________
Ғылыми жұмыстарға қойылған талаптар:
1. Ғылыми зерттеу жұмыстарының кезеңдері.
2. Ғылыми жобаға тақырып таңдау.
3. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді зерделеу.
4. Зерттеу жұмысының жоспарын құру.
5. Ғылыми жобаны рәсімдеу.
Көрсетілген талаптарға сай оқушыларымыздың жобалары комиссия мүшелерімен талқыланып, алдағы жасалу қажет жұмыстар айтылды. Жалпы оқушыларымыздың қызу жұмыс жасағандары белгілі. Ғылымның осы саласындағы фактілерді, оқиғаларды құбылыстарды және бұрын мәлім болмаған жақтарын жариялап, қосқан жаңалықтарымен бөліскен сәттен фоторепортаж ұсынамыз.
