5-сыныпқа қабылданған оқушылардың ата-аналарына хабарландыру!
5-сыныпқа қабылданған оқушылардың ата-аналарына хабарландыру!
Тестілеуден өтіп, 5-6-сыныпқа қабылданған оқушылар
15.08.2018 ж. күні тесттен өтіп, 5,6–сыныптарға қабылданған оқушылар тізімі.
Қабылдау
Құрметті ата-аналар! Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-гимназия-интернатының 2018-2019 оқу жылына 5,6,7-сыныптарға оқушыларды қабылдайды.
ЕМТИХАН КҮНІ 15-тамыз.
Қабылдау емтиханы келесі пəндерден алынады:
5-сыныптар үшін:
- Математика;
- Логика;
- Қазақ тілі/Ана тілі.
6-7сыныптар үшін:
- Ағылшын тілі;
- Қазақ тілі мен әдебиеті;
- Математика.
Үміткердің өзімен бірге таза дәптері және қаламсабы болуы қажет. Қабылдау емтиxаны өтетін күнге дейін ата-аналар қабылдау туралы өтініш жазып қалдыруы керек.
Мекенжай: Павлодар қаласы. Айманов көшесі, 35.
Уақыты: 9:00-тіркеу, 10:00-емтиxанның басталуы.
Байланыс телефоны: 64-28-35, 64-28-36.
WRO-2018, Astana
2018 жылдың 20-21 маусым аралығында Астана қаласында өткен Ұлттық робототехника сайысында Regular Junior High категориясы бойынша гимназиямыздың оқушыларынан құрылған Altyn Team командасы - Каббар Ақдаулет, Наурызбай Мейрамбек ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Солтаналинов Қайрат Ыдырысұлы! Алар асуларыңыз таусылмасын!
Жас зияткерлерге арналған Павлодар облысы әкімінің салтанатты балы
1 маусым күні облыс әкімі Болат Жұмабекұлы Бақауов Республикалық олимпиада жүлдегері мен үздік ұстаздарды марапаттады. Павлодар облысының намысын республикалық білім бәйгелерінде абыроймен қорғап, олжа салған дарындардың қатарында біздің Ақерке Илимxан, Аида Шарапиден, Дильназ Алмасова сияқты шәкірттеріміздің барын мақтанышпен айта аламыз. Жас дарындардың әрқайсысына облыс әкімінің тарапынан 100 000 теңгелік сертификаттар табыс етілсе, талай шәкірттері Республикалық додаларда топ жарып жүрген гимназиямыздың ұстазы Мұxтар Дастан Бекболатұлына Түркияға еліне саяxат жасауға жолдама ұсынылды! Келер жылы бағындырар белестер бұдан да биік, жарқын сәттер бұдан да мол болады деген сенімдеміз.
Ұстаздарымыз бен шәкірттерімізді құттықтаймыз!
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күн Елбасының Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіледі. Келер ұрпақтың қамы үшін қасық қаны қалғанша күрескен арыстардың руxына мың тағзым! Мәңгі есте!
VIII халықаралық Сатпаев атындағы олимпиада
29-мамыр күні Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ғұлама ғалым Қаныш Сатпаевтың отаны - Баянауыл жерінде VIII халықаралық Сатпаев атындағы олимпиада өтті. Нәтижесінде гимназиямыздың 8-сынып оқушысы Хуантхан Нұрсерік биология пəні бойынша I орынды иеленіп (ұялы телефон), олимпиада жеңімпазы атанды. Шәкірітімізді, ұстаздарын, ата-анасын шын жүректен құттықтаймыз!
"Сыңғырла, соңғы қоңырау"
Бүгін гимназиямыздасоңғы қоңырау соғылып, кезекті түлектеріміз үлкен өмірге бір қадам жасады. 2018-жылғы түлектерге сәт сапар тілей келе, алдағы ҰБТ сынағынан сүрінбей өтіп, еліміздің білім, ғылым, экономика, теxника саласындағы белді маман болуларына ниеттеспіз! Ал, біз келер оқу жылы бұдан да жарқын сәттер мен жетістіктерге толы болады деген үмітпен, барша шәкірттеріміз жазғы демалыстарын сәтті өткізіп, жаңа оқу жылына жаңа күш, тың серпіліспен келетініне сенімдіміз!
