Жас зияткерлерге арналған Павлодар облысы әкімінің салтанатты балы
1 маусым күні облыс әкімі Болат Жұмабекұлы Бақауов Республикалық олимпиада жүлдегері мен үздік ұстаздарды марапаттады. Павлодар облысының намысын республикалық білім бәйгелерінде абыроймен қорғап, олжа салған дарындардың қатарында біздің Ақерке Илимxан, Аида Шарапиден, Дильназ Алмасова сияқты шәкірттеріміздің барын мақтанышпен айта аламыз. Жас дарындардың әрқайсысына облыс әкімінің тарапынан 100 000 теңгелік сертификаттар табыс етілсе, талай шәкірттері Республикалық додаларда топ жарып жүрген гимназиямыздың ұстазы Мұxтар Дастан Бекболатұлына Түркияға еліне саяxат жасауға жолдама ұсынылды! Келер жылы бағындырар белестер бұдан да биік, жарқын сәттер бұдан да мол болады деген сенімдеміз.
Ұстаздарымыз бен шәкірттерімізді құттықтаймыз!

