Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«IQ–Интеллектуалды білім порталы» ұйымдастыруымен өткен шығармашылық байқаудың жеңімпазы

     2018 жылғы наурыз айында  «IQ–Интеллектуалды білім порталы» және Республикалық «ҰЛАН» газеті мен «Балдырған» журналының ұйымдастыруымен оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында бірнеше бағытта шығармашылық байқау ұйымдастырған болатын. Біздің мектептен бірнеше оқушылар қатысты. Нәтижесінде, І орын жүлдегерлері – 12, ІІ орын жүлдегерлері – 8,  ІІІ орын жүлдегерлері – 3.

      5 «а»-сынып  оқушысы Асығат Шыңғыстың (жетекшісі Ахметова Г.Қ.) шығармашылық жұмысы  ең үздік жұмыс ретінде таңдалып,  республикалық «Ұлан» газетіне жарияланатын болды. Сондықтан Шыңғыс «IQ–Интеллектуалды білім порталы» және Республикалық «ҰЛАН» газеті мен «Балдырған» журналының Арнайы дипломымен  марапатталды.

     Жүлдегер оқушыларды, пән мұғалімдерін және жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар атанған Шыңғыс Асығатұлын жүлделерімен құттықтаймыз. Болашақта қиялдарыңызға қанат бітіп, шығармашылық еңбекте телегей табыс тілейміз.

Толығырақ

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Толығырақ

Мұқағали оқулары

     2018 жылғы 12-16 наурыз аралығында қазақ поэзиясының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған жері Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында республикалық Мұқағали оқулары өтті. Мектебімізден 10-сынып оқушысы Гүлнар Жанболат(жетекшісі Мұхаметжанова Р.Ж.)  Павлодар облысының атынан қатысты. Шарт бойынша, сайыскер жеті бағытта сынға түсіп, өз мықтылығын дәлелдеуі қажет.Ақын өлеңдері мен поэмаларын жатқа білумен қатар өзі де ақындық өнерге қабілеттілігін көрсетіп, жанынан өлең шығара білуі тиіс. Республикалық сайыстың нәтижесінде, Жанболат «Көрермендер көзайымы»  номинациясымен марапатталды. Сонымен қатар ерекше көзге түсіп, көрермендерді өнерімен баурағаны үшін Жанболат пен ұстазы Мұхаметжанова Райгүл  Жетпісқызына ақын Саят Қамшыгер «Мөлдір бұлақ» журналының арнайы жүлдесін табыс етті.

     Жүлдегер оқушымыз Жанболат пен ұстазы Райгүл Жетпісқызын алған  жүлделерімен құттықтаймыз.

 

Толығырақ

Әдеби-музыкалық композиция: "Қош келдің, Наурыз!" кітап көрмесі

19 наурызда мектебіміздің 9-сынып оқушылары С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханаға барып, "Қош келдің, Наурыз!" - әдеби-музыкалық композициясына қатысты.  "Әз Наурыз, елге нұр жауғыз" тақырыбындағы  кітап көрмесін тамашалады. Оқушылар мақал-мәтел сайысында, викториналық сұрақтарда белсенділік танытты. Рухани жаңғыруға байланысты кітап көрмесімен танысты, қазақ ұлттық ойындарды тамашалап, көрмеден жақсы әсер алып қайтты. 

Толығырақ

«Анаға мың тағзым» атты республикалық шығармалар конкурсы

2018 жылдың 12 ақпан - 9 наурыз аралығында Ақтөбе қаласында «Қос қыран» білім мен шығармашылықты дамыту орталығы және «Спорт жұлдыздары» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының ұйымдастыруымен өткен «Анаға мың тағзым» атты республикалық шығармалар конкурсына мектебіміздің 8«а»-сынып оқушысы Ахмедеева Лиана(жетекшісі Окпина Б.М.) өз шығармасын жолдап, нәтижесінде І орынға ие болды. Лиананы жүлделі орнымен құттықтаймыз.

Толығырақ

«Әуез ғұмыр» сурет көрмесі

     «Әуез ғұмыр». Бұл - наурыз айының 14 жұлдызы күні Павлодар Көркемсурет музейінде мектебіміздің түлегі, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Қабылдинов Жасыбай Әйтенұлының 60 жасқа толған мерейтойына орай ұйымдастырылған  сурет көрмесінің атауы.  Көрмеге мектебіміздің  9 «а» сынып оқушылары қатысып, қиын да қызықты  суретші ғұмыры туралы пікір алмасты. Автордың «Абай», «Қиық тас» «Әуез ғұмыр», «Үшқоңыр. Президенттің балалық шағы» «Тұңғиық» сынды туындылары оқушылардың ерекше назарын аудартып, Жасыбай Әйтенұлына өз тараптарынан қызықтырған сұрақтарын  қойды. Көрме соңында гимназия оқушылары бейнелеу өнерінің өзіндік үлгісін, дара болмысын қалыптастыруға ұмтылған қылқалам шеберіне арнауларын оқып беріп, естелік суретке түсті.

Толығырақ

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуына – 20 жыл» тақырыбында конференция-сабақ

     2018 жылы  14 наурызда 9,10,11-сынып оқушыларына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуына – 20 жыл» тақырыбында конференция-сабақ өткізілді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы слайд арқылы таныстырылды. «Сыбайлас жемқорлық  дегеніміз не? Онымен күрес қағидалары» атты презентация, «Жемқорлыққа жол жоқ!», «Мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар» тақырыбында әлеуметтік ролик көрсетілді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы» атты баяндама тыңдалды әрі талқыланды. «Конверт сұрақ»  әдісі бойынша әр сыныптан бір оқушы ортаға шығып, сұрақтарға жауап берді. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салды.

Толығырақ

ХІХ облыстық Абай оқулары

     2018 жылғы 13  наурыз күні ХІХ облыстық Абай оқулары өтті. Нәтижесінде «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша  10-сынып оқушысы Жаябаева Даяна (жетекшісі Мұхаметжанова Р.Ж.) – І орын, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Абдираимов Ердәулет (жетекшісі Қайрат А.Қ.) – І орын, «Көңілім әнді ұғады» номинациясы  бойынша 6 «б»-сынып оқушысы Сәулет Нұршапағат (жетекшісі Тұрғанбек Асығат Сәулетұлы)  ІІ орын  жүлдегерлері атанды.

     І орын алған оқушылардың жетекшілері «Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясы сертификатымен марапатталды. Жүлдегер оқушыларды және жетекшілерін жеңістерімен құттықтап, республикалық кезеңге жолдама алған  Ердәулет пен Даянаға ақ жол тілейміз!

Толығырақ

8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш

     2018 жылдың 6 наурыз күні 9-11-сыныптар арасында «Мерекелеріңізбен, аяулы аналар, ару қыздар!»  тақырыбында  8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш өтті. Мерекелік кешті 9,10,11-сынып ұлдары арнайы ұйымдастырды. Кеште оқушылар мектебіміздің ару қыздарына, аяулы ұстаздарына арнап, әсем әннен шашу шашып, би билеп, өнерлерін ортаға салды. Павлодар Инновациялық Еуразиялық университетінің 4-курс студенттерінен құрылған Маэстро тобы келіп, кешті одан да әрлендіре түсті.

Толығырақ

Сырлыбаев Медет Көшербайұлының қатысуымен ашық сабақ

Облыс  әкімінің орынбасары М.Бегентаевпен бекітілген Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының YІІ қысқы Универсиадасын дайындау және өткізу іс-шаралары жоспарын орындау мақсатына орай  2018 жылдың 5 наурызда мектебімізде сағат 12.00-де облысымыздың танымал спортшысы, грек-рим күресі бойынша Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы, спорт шебері Сырлыбаев Медет Көшербайұлының қатысуымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Байжырыкова С.К. 5 «а»-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді.

Толығырақ