«Әуез ғұмыр» сурет көрмесі
«Әуез ғұмыр». Бұл - наурыз айының 14 жұлдызы күні Павлодар Көркемсурет музейінде мектебіміздің түлегі, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Қабылдинов Жасыбай Әйтенұлының 60 жасқа толған мерейтойына орай ұйымдастырылған сурет көрмесінің атауы. Көрмеге мектебіміздің 9 «а» сынып оқушылары қатысып, қиын да қызықты суретші ғұмыры туралы пікір алмасты. Автордың «Абай», «Қиық тас» «Әуез ғұмыр», «Үшқоңыр. Президенттің балалық шағы» «Тұңғиық» сынды туындылары оқушылардың ерекше назарын аудартып, Жасыбай Әйтенұлына өз тараптарынан қызықтырған сұрақтарын қойды. Көрме соңында гимназия оқушылары бейнелеу өнерінің өзіндік үлгісін, дара болмысын қалыптастыруға ұмтылған қылқалам шеберіне арнауларын оқып беріп, естелік суретке түсті.

