«IQ–Интеллектуалды білім порталы» ұйымдастыруымен өткен шығармашылық байқаудың жеңімпазы
2018 жылғы наурыз айында «IQ–Интеллектуалды білім порталы» және Республикалық «ҰЛАН» газеті мен «Балдырған» журналының ұйымдастыруымен оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында бірнеше бағытта шығармашылық байқау ұйымдастырған болатын. Біздің мектептен бірнеше оқушылар қатысты. Нәтижесінде, І орын жүлдегерлері – 12, ІІ орын жүлдегерлері – 8, ІІІ орын жүлдегерлері – 3.
5 «а»-сынып оқушысы Асығат Шыңғыстың (жетекшісі Ахметова Г.Қ.) шығармашылық жұмысы ең үздік жұмыс ретінде таңдалып, республикалық «Ұлан» газетіне жарияланатын болды. Сондықтан Шыңғыс «IQ–Интеллектуалды білім порталы» және Республикалық «ҰЛАН» газеті мен «Балдырған» журналының Арнайы дипломымен марапатталды.
Жүлдегер оқушыларды, пән мұғалімдерін және жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар атанған Шыңғыс Асығатұлын жүлделерімен құттықтаймыз. Болашақта қиялдарыңызға қанат бітіп, шығармашылық еңбекте телегей табыс тілейміз.

