8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш
2018 жылдың 6 наурыз күні 9-11-сыныптар арасында «Мерекелеріңізбен, аяулы аналар, ару қыздар!» тақырыбында 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш өтті. Мерекелік кешті 9,10,11-сынып ұлдары арнайы ұйымдастырды. Кеште оқушылар мектебіміздің ару қыздарына, аяулы ұстаздарына арнап, әсем әннен шашу шашып, би билеп, өнерлерін ортаға салды. Павлодар Инновациялық Еуразиялық университетінің 4-курс студенттерінен құрылған Маэстро тобы келіп, кешті одан да әрлендіре түсті.



