Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Республикалық "Әбіш оқулары" байқауы

    2018 жылдың 11-14 сәуірі аралығында Маңғыстау облысы Ақтау қаласында өткен  заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығына арналған 8-11-сынып оқушылары арасында  республикалық  Әбіш оқулары  байқауында    Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым бағыты бойынша оқушыларымыз ІІІ орын жеңімпазы атанды.  Ақтау қаласына барып, республикалық байқаудың жүлдегерлері болып оралған сайыпқыран, өнерлі де өрелі жеңімпаз оқушыларымызды  жеңістерімен құттықтаймыз.  Рухты, жігерлі, білімді ұрпақтары бар да Әбіш Кекілбай туындылары туған халқымен жасай беретіні анық.

Толығырақ

ХІХ «Махаббат жыры» атты қалалық байқау

     2018 жылдың 12 сәуір күні Павлодар қаласында білім алушы жастар арасында поэзия және проза жанры бойынша  ХІХ «Махаббат жыры» атты қалалық байқаудың нәтижесінде «Проза» номинациясы бойынша 8 «а»-сынып оқушысы Шәкәр Мәдина (жетекшісі Окпина Б.М.)  – І орын, Бұхарбаева Дильназ(жетекшісі Хамзин Н.Е.) – ІІ орын, «Поэзия» номинациясында 10-сынып оқушысы Гүлнара Жанболат(жетекшісі Мұхаметжанова Р.Ж.) - ІІ орын жеңімпазы атанды. 11 «б»-сынып оқушысы Бәкібай Толғанай (жетекшісі Касыбаева М.Б.) «Үздік проза», Дәуренбекұлы Рамазан (жетекшісі Қайрат А.Қ.) «Үздік поэзия» номинациясымен марапатталды. Сонымен қоса аталған оқушыларға конкурсты ұйымдастырушы Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі сыйлықтар табыс етті.

     Жүлдегер оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз.

Толығырақ

ХVІІІ Сәтбаев оқулары

     2018 жылдың 11 сәуір күні өткен Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының  «ХVІІІ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясына мектебімізден бірнеше оқушылар қатысқан болатын. Нәтижесінде, 11 «б»-сынып оқушысы Жанбау Марғұлан, 9 «а»-сынып оқушысы Мұхаметқан Адия – 1-орын, 11 «б»-сынып оқушысы Ғазиов Зейнолла – ІІ орын, 6 «б»-сынып оқушысы Төкен Асылхан – ІІ орын, 5-сынып оқушысы Мансур Бакытов – ІІ орын, 11 «б»-сынып оқушылары Камеш Камшат «Жасампаз ғылыми шешім», Сагдат Жансая «Үздік ғылыми жұмыс» номинациясымен марапатталды.

     Жүлдегер оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз.               

Толығырақ

"Әлемді өзгертетін идеялар" атты КТА ойыны

Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен "Әлемді өзгертетін идеялар" атты КТА ойынында гимназиямыздың өрендерінен құралған "Алтынсарин балалары" КВН командасы І орынға қол жеткізіп, жеңімпаз атанды! Қатысқан оқушыларымыз бен дайындаған ұстаздарымызға зор алғысымызды білдіреміз! Алтынсарин гимназиясының жалауы биікте желбірей бергей!

Толығырақ

#BOOKSTART кітап оқу жарысы

#BOOKSTART кітап оқу жарысының жеңімпаздары:
1 орын-Шыңғыс Асығатұлы;
2 орын-Ерназ Абдирайымов;
3 орын-Мейрамбек Наурызбай.
Ынталандыру сыйлықтары:
Садыр Арыстан, Тәкіш Айгерім , Айтмухамбетова Аружан, Дюсенова Жұлдыз, Аянбек Жанбота.
Сайысымызға қатысқан сайыпқырандарымызды жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Толығырақ

Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республика бойынша бірыңғай олимпиаданың облыстық кезеңі

     2018 жылғы 4 сәуір күні Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республика бойынша бірыңғай олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.

     Олимпиадаға 9 «б»-сынып оқушысы Асқар Күлімжан (жетекшісі Р.Ж.Мұхаметжанова), 10-сынып оқушысы Илимхан Ақерке (жетекшісі А.Т.Абаева), 11 «б»-сынып оқушысы Бәкібай Толғанай (жетекшісі М.Б.Касыбаева) қатысып, нәтижесінде ІІ орын жүлдегерлері атанды.

     25-28 сәуір күндері Өскемен қаласында өткізілетін республикалық олимпиадаға облыстық кезеңге жолдама алды. Жүлдегер оқушыларымызды құттықтаймыз!

Толығырақ

Президенттің бес әлеуметтік бастамасы

     2018 жылдың 27 наурызда елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Қазақстан халқына жолдаған үндеуі мектеп ұжымына таныстырылды. Тарих пәнінің мұғалімдері Ж.Т.Кәрімжан мен Т.М.Сарсенов елбасымыздың атап көрсеткен бес бастамасын атап,  жекелей тоқталып, мектеп ұжымына кеңінен түсіндірді.

     Жас маман Т.М.Сарсенов: «Біз, жастар, бес әлеуметтік бағыттың жү­зеге асырылуы үшін үлес қосамыз. Елба­сының сенімді жас серіктері ретінде бола­шағымыз үшін бес әлеуметтік бастаманың нәтижелі орындалуына дайын болуымыз керек. Президентіміздің Үндеуін тарихшы ретінде сіздерге толық түсіндіріп, маңыздылығы мен мәнін ұғындыруды басты міндетім деп санаймын»,- деп  өзінің баяндамасын аяқтады.

     Елбасы Үндеуін тыңдап, Елбасы көрсеткен бағытпен жұмыс істеу, мүмкіндігімізше өз үлесімізді қосу — бәріміздің міндетіміз. Біз, зиялы қауым, ұстаздар ұжымы, елбасымыздың көрсеткен жолын ұстанып, алға қойған міндеттерді шешуде «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, өзіміздің үлесімізді қосуға ат салысамыз. Елбасымыздың саясатын көп болып қолдап, жарқын болашаққа батыл бетбұрыс жасауымыз керек. Сол арқылы біз бағдардан айнымай, Мәңгілік Ел болуға қадам басарымыз анық.

Толығырақ

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада

     Қостанай қаласында 2018 жылғы 26-29 наурыз күндері өткен қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға мектебімізден  3 оқушы: 11 «б»-сынып оқушылары Шарапиден Аида, Алмаc Ділназ, 10-сынып оқушысы Илимхан Ақерке қатысты. Нәтижесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша Аида (жетекшісі М.Б. Касыбаева) мен Ақерке (жетекшісі А.Т. Абаева)  –  ІІІ орын, орыс тілі пәні бойынша Ділназ (жетекшісі О.Б. Саденова)  –  ІІІ орын жүлдегерлері.

     Жеңімпаз оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз.

 

Толығырақ

ІХ облыстық Махамбет оқулары

     2018 жылғы 29 наурызда сағат 10.00-де «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде 5-10-сынып оқушылары арасында ІХ облыстық Махамбет оқулары өтті. Мектебімізден «Ел құтқарар ер едім...» (Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Фариза Оңғарсынова шығармаларын жатқа оқу конкурсы) бағытына 5-сынып оқушысы Қали Ақерке (жетекшісі А.Т. Абаева), «Ұлы арман» (Махамбеттің күйлерін, Фариза Оңғарсынованың өлеңдеріне шығарылған әндерді орындаушылар конкурсы) бағытына 6 «б»-сынып оқушысы Қанатұлы Даниял (жетекшісі С.Т. Шарманова), «Тартынбай сөйлер асылмын...» жас дарындар конкурсы (өз өлеңдерін, әндер, музыкалық шығармаларын орындау) бағытына 10-сынып оқушысы Оразбай Марлен (жетекшісі Г.Қ. Ахметова) қатысты. Нәтижесінде Қанатұлы Даниял ІІІ орын,  Оразбай Марлен ІІ орын – жүлдегерлері.

     Жеңімпаз оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз.

Толығырақ

«Ел жүрегі – Астана» атты республикалық жыр мүшәйрасы

     Қазақстан Республикасының елордасы  Астана қаласының 20 жылдығына орай Астана қаласында өткен «Ел жүрегі – Астана» атты оқушылар арасындағы республикалық жыр мүшәйрасынан мектебіміздің 6«б»-сынып оқушысы Саулет Нұршапағат (жетекшісі – Асығат Тұрғанбек) Бас жүлдемен оралды.  Нұршапағатты жеңісімен құттықтаймыз!

Толығырақ