Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада
Қостанай қаласында 2018 жылғы 26-29 наурыз күндері өткен қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға мектебімізден 3 оқушы: 11 «б»-сынып оқушылары Шарапиден Аида, Алмаc Ділназ, 10-сынып оқушысы Илимхан Ақерке қатысты. Нәтижесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша Аида (жетекшісі М.Б. Касыбаева) мен Ақерке (жетекшісі А.Т. Абаева) – ІІІ орын, орыс тілі пәні бойынша Ділназ (жетекшісі О.Б. Саденова) – ІІІ орын жүлдегерлері.
Жеңімпаз оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз.




