ІХ облыстық Махамбет оқулары
2018 жылғы 29 наурызда сағат 10.00-де «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде 5-10-сынып оқушылары арасында ІХ облыстық Махамбет оқулары өтті. Мектебімізден «Ел құтқарар ер едім...» (Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Фариза Оңғарсынова шығармаларын жатқа оқу конкурсы) бағытына 5-сынып оқушысы Қали Ақерке (жетекшісі А.Т. Абаева), «Ұлы арман» (Махамбеттің күйлерін, Фариза Оңғарсынованың өлеңдеріне шығарылған әндерді орындаушылар конкурсы) бағытына 6 «б»-сынып оқушысы Қанатұлы Даниял (жетекшісі С.Т. Шарманова), «Тартынбай сөйлер асылмын...» жас дарындар конкурсы (өз өлеңдерін, әндер, музыкалық шығармаларын орындау) бағытына 10-сынып оқушысы Оразбай Марлен (жетекшісі Г.Қ. Ахметова) қатысты. Нәтижесінде Қанатұлы Даниял ІІІ орын, Оразбай Марлен ІІ орын – жүлдегерлері.
Жеңімпаз оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз.

