Республикалық "Әбіш оқулары" байқауы
2018 жылдың 11-14 сәуірі аралығында Маңғыстау облысы Ақтау қаласында өткен заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығына арналған 8-11-сынып оқушылары арасында республикалық Әбіш оқулары байқауында Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым бағыты бойынша оқушыларымыз ІІІ орын жеңімпазы атанды. Ақтау қаласына барып, республикалық байқаудың жүлдегерлері болып оралған сайыпқыран, өнерлі де өрелі жеңімпаз оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз. Рухты, жігерлі, білімді ұрпақтары бар да Әбіш Кекілбай туындылары туған халқымен жасай беретіні анық.

