Әдеби-музыкалық композиция: "Қош келдің, Наурыз!" кітап көрмесі
19 наурызда мектебіміздің 9-сынып оқушылары С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханаға барып, "Қош келдің, Наурыз!"- әдеби-музыкалық композициясына қатысты. "Әз Наурыз, елге нұр жауғыз" тақырыбындағы кітап көрмесін тамашалады. Оқушылар мақал-мәтел сайысында, викториналық сұрақтарда белсенділік танытты. Рухани жаңғыруға байланысты кітап көрмесімен танысты, қазақ ұлттық ойындарды тамашалап, көрмеден жақсы әсер алып қайтты.



