Республикалық ән байқау–фестивалі
2017 жылдың 24 желтоқсан күні сағат 10.00-де «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығында эстрада-вокалдық «Новогодний переполох» тақырыбында республикалық байқау–фестивалі өтті. Мектебімізден 5-сынып оқушысы Қали Ақерке қатысып, І орынды қанжығасына байлады. Жетекшісі Сейсембинова Диляра Мендигалиевна Алғыс хатпен марапатталды. Жас әнші Ақеркені жеңісімен құттықтаймыз.
5-сыныптарға арналған "Қош келдің, Жаңа жыл!" мерекелік кеш
26 желтоқсанда сағат 10.00-де 5-сыныптарға арналған "Қош келдің, Жаңа жыл!" тақырыбында мерекелік кеш өтті. Мектеп спорт залы мерекеге сай безендендірілді.Ортада шырша. Шыршаны қоршаған оқушылар. Әсем ән қалықтады. Оқушылар жаңа жылға арнап би биледі. Оқушыларға арнап ойындар ұйымдастырылды. 5-сынып оқушылары арнайы ұйымдастырылған мерекелік бағдарламаға белсене қатысып, қуанышты, шат-шадыман көңіл-күйге бөленді. Жауапты: 5 "б"-сыныбы, жетекшісі Жамалиденова Гашура Шакиртовна.
Ашық есік күні
2017 жылдың 14 желтоқсанында мектебімізде 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Ашық есік күні өтті.
«Екі жұлдыз» ән байқауы
2017 жылдың 8 желтоқсанында мектебімізде «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті.
«Бес тас» және «Дойбы» ойындары
13 желтоқсанда мектебімізде 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 5-8-сынып оқушылары арасында «Бес тас» және «Дойбы» ойындары өтті.
Желтоқсан – тәуелсіздіктің ұлы рухы
«Желтоқсан – тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты тақырыпта 5-11-сыныптар аралығында жаппай бір уақытта сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі жолындағы желтоқсан құрбандарының ерліктерін үлгі ету арқылы оқушыларды тәуелсіздікті бағалай білуге, құрметтеуге үйретіп, отансүйгіштік, патриоттық тәрбие беру; елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын құрметпен атап өту; оқушыларға еліміздің жүрегі – Астананы құрметтеуге баулу.
Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты!
7 желтоқсанда 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектеп кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты!» тақырыбында шағын мерекелік концерт өтті.
Тәуелсіздік күніне арналған әдеби сазды кеш барысында оқушылар белсенді қатысты. Атап айтсақ, Мүбәрәк Мансур «Атамекен» әнін тамылжыта орындаса, Тлеубек Ерғанат «Туған жер» әнін әуелетті. «Айжан қыз» би тобы мың бұралған биімен кеш сәнін келтірді. 8 «б»-сынып оқушылары сахналық қойылым көрсетті.
Код сағаты
2017 жылы 7 желтоқсанда С.Торайғыров атындағы кітапханадағы Америка бұрышында барша адамдарды программалау тілдеріне баулу және үйрету мақсатында «Код сағаты» тақырыбында іс-шара өтті. Бұл шараға мектебіміздің 6-сынып оқушылары қатысты. Классикалық кодтау сағатында оқушылар алгоритімді тапсырмаларды орындап, программалаудың бастамаларын үйренді.
Қатысушыларға сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.
Менің тұңғыш Президентім
28 қарашада Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер мұражайында 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай өткен «Менің тұңғыш Президентім» тақырыбындағы іс-шараға мектебіміздің 5-8-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар ұйымдастырылған іс-шараға белсенділік танытып, жақсы қырларынан көрсете білді.
