Республикалық лингвистика олимпиада
2017 жылдың 20 қазан күні «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде 9-11-сынып оқушылары арасында республикалық лингвистика олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 11 «б»-оқушысы Алмасова Дильназ – ІІ орын, 10-сынып оқушысы Негманова Диана мен 9 «б»-сынып оқушысы Кабиденова Аруана – ІІІ орын жүлдегері. Жүлдегер оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!
«Шырағын жаққан білімнің» тақырыбындағы әдеби фестиваль
20 қазан күні қазақ мәдениетінің қайраткері Ы.Алтынсариннің туған күніне арналған «Шырағын жаққан білімнің» тақырыбында әдеби фестиваль өтті. Ы.Алтынсариннің ақындық, қайраткерлік, зерттеушілік, шығармашылық шеберлігін, ұстаздық қызметін жан-жақты ашу мақсатында оқушылар топқа бөлініп, ғылыми баяндама жасады. Оқушылар ақынның өлеңдерін сахнада жатқа оқып, жас ақындар өз өлеңдерін арнады. Әңгімелерінен көрініс қойылды.
V облыстық Мағжан оқулары
20 қазан күні Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебінде 5-11-сынып оқушылары арасында V облыстық Мағжан оқулары өткізілді.
"4 Brain" интеллектуалдық сайысы
19 қазан күні мектебімізде 8-11-сыныптар арасында "4 BRAIN" атты интеллектуалды сайыс өтті. Нәтижесінде 8 «а»-сынып оқушысы Ахмедеева Лиана, 9 «а»-сынып оқушысы Алпыспай Диляра, 11 «а»-сынып оқушысы Мукатаев Сабит, 10-сынып оқушысы Тускен Султан сайыстың жеңімпаздары атанды. Жеңістеріңіз құтты болсын!!! Жауапты: «Болашақ» ұйымы.
Берекелі алтын күз
Мектебімізде «Берекелі алтын күз» мерекесі өтті. 11 қазанда 5-7-сынып оқушылары, 13 қазанда 8-11-сынып оқушылары арасында өткен дәстүрлі мерекеге оқушылар үлкен дайындықпен келіпті.
Биология пәнінен VIІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасы
2017 жылғы 5 қазан күні Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында биология пәнінен VIІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өтті.
«Қазақ тілінің латын әлипбиіне көшу» атты тәрбие сағаты
7 қазан күні 8«б»-сынып оқушыларына арналған «Қазақ тілінің латын әлипбиіне көшу» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты дебат түрінде өтті. Сабақтың психологиялық дайындығын «Джунглийдегі жаңбыр» атты тамаша ойынмен бастады. Сабақтың барысы бойынша балалар үш топқа бөлініп, бірінші топ латын әліпбиінің енгізілуіне қатысты ақтаушы топ болып, екінші топ қарсыластар, ал үшінші топ әділ-қазылар алқасы болып бөлінді. Екі топ осы өзгеріске қатысты өз ойларын ортаға салды. Барлық балалар белсенді қатысты, ерекше өз ойларын жеткізген – Уәлихан Мерейлім, Ерғали Назерке және Мүлік Кәмила. Олар өз топтарының барлық аргументтерді айқын фактілерге сүйене отырып жеткізе білді. Әділ-қазылар алқасының шешімдері бойынша «Ақтаушылар» тобы жеңіске жетті. Нәтижесінде екі топ оқушылары да сыйлықтармен марапатталды.
ХІІ республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» конкурсының облыстық кезеңі
2017 жылғы 6 қазанда «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде ХІІ республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Мәшһүр Жүсіп оқулары
2017 жылғы 29 қыркүйек сағат 14.30-да «Колос» балалар мәдени-сауық орталығында Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Тілдерді қолдану мен дамытудың 2017 жылға арналған қалалық іс-шаралар жоспары шеңберінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті, сондай-ақ Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларын жұртшылық арасында насихаттау мақсатында «Мәшһүр Жүсіп оқулары» қалалық конкурсы өтті.
«Қазақ тарихының бастауы – латын әліпбиіне көшу» тақырыбында ашық тәрбие сағаты
30 қыркүйек күні 7 «а», 7 «ә», 7 «б»-сыныптар арасында «Қазақ тарихының бастауы – латын әліпбиіне көшу» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Оқушылар үш топқа бөлінді. Оқушылар қазақ әліпбиінің тарихы төңірегінде ой қозғады. Латын әліпбиін қолданудың тиімділігі, қазіргі заманмен өзектестігі жайлы өз ойларын ортаға салды. Берілген мақал-мәтелдерді үш тілге аударды. Сайыс барысында оқушылар өздерінің көзқарасын еркін жеткізе білді.
