«Қазақ тілінің латын әлипбиіне көшу» атты тәрбие сағаты
7 қазан күні 8«б»-сынып оқушыларына арналған өткізілді. Тәрбие сағаты дебат түрінде өтті. Сабақтың психологиялық дайындығын «Джунглийдегі жаңбыр» атты тамаша ойынмен бастады. Сабақтың барысы бойынша балалар үш топқа бөлініп, бірінші топ латын әліпбиінің енгізілуіне қатысты ақтаушы топ болып, екінші топ қарсыластар, ал үшінші топ әділ-қазылар алқасы болып бөлінді. Екі топ осы өзгеріске қатысты өз ойларын ортаға салды. Барлық балалар белсенді қатысты, ерекше өз ойларын жеткізген – Уәлихан Мерейлім, Ерғали Назерке және Мүлік Кәмила. Олар өз топтарының барлық аргументтерді айқын фактілерге сүйене отырып жеткізе білді. Әділ-қазылар алқасының шешімдері бойынша «Ақтаушылар» тобы жеңіске жетті. Нәтижесінде екі топ оқушылары да сыйлықтармен марапатталды.
