Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

V облыстық Мағжан оқулары

20 қазан күні Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебінде 5-11-сынып оқушылары арасында V облыстық Мағжан оқулары өткізілді. Мектебімізден «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» - Мағжан шығармаларын жатқа оқу бағытында 7 «а»-сынып оқушысы Мұрат Нұрдәулет, «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас ақындар бағытында 10-сынып оқушысы Бауыржанқызы Эльвира, «Толқынмен толқын сырласып...»  -  М.Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары бағытында 6 «б»-сынып оқушылары Қанатұлы Даниял мен Ермек Дарын қатынасқан болатын. Нәтижесінде Нұрдәулет (жетекшісі - Мұхаметжанова Р.Ж.) Бас жүлдеге ие болып, 2018 жылы маусым айында өтетін республикалық кезеңге жолдама алса, Даниял мен Дарын (жетекшісі - Окпина Б.М.) ІІ орын, Эльвира (жетекшісі - Төлеу Ұ.)  ІІІ орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз.