Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Мәшһүр Жүсіп оқулары

     2017 жылғы 29 қыркүйек сағат 14.30-да «Колос» балалар мәдени-сауық орталығында Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Тілдерді қолдану мен дамытудың 2017 жылға арналған қалалық іс-шаралар жоспары шеңберінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті, сондай-ақ Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларын жұртшылық арасында насихаттау мақсатында «Мәшһүр Жүсіп оқулары» қалалық конкурсы өтті. Конкурсқа мектебімізден 11 «б»-сынып оқушысы Жанбау Марғұлан, 8 «а»-сынып оқушысы Шәкәр Мәдина қатынасты. Конкурс нәтижесінде Жанбау Марғұлан Бас жүлдеге ие болып, ерекше мәнерлігі мен сахналық мәдениетіне әрі біліктілік пен терең білімін танытқаны үшін Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының атындағы сыйлық табыс етіледі. 8-сынып оқушысы Шәкәр Мәдина конкурстың жауапты кезеңдерінен мүдірмей өтіп, І орынды жеңіп алды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.М.Окпина. Жеңімпаздарды құттықтаймыз.