Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Биология пәнінен VIІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасы

     2017 жылғы 5 қазан күні Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында биология пәнінен VIІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша биология пәнінен қатынасқан 88 оқушының арасынан  8 «а»-сынып оқушысы  Хуантхан Нұрсерік І орынды жүлделеді. Жетекшісі – биология пәнінің мұғалімі Асанова Шнар Жангабыловна. Төрт сағаттық жарыста терең білімімен озып шыққан жеңімпаз оқушымыз Нұрсерікті жетістігімен құттықтаймыз.